Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 127-сабақ



бет290/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 127-сабақ.

Латын əліпбиіне көшу – болашаққа бастар жол



МЕКТЕП:

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 4

қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Шылау мен шылау тұлғалас қосымшаларды ажырата алады.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Шылауларды қолданады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:

Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады. Шылау мен шылау тұлғалас қосымшаларды ажыратады.

ТІЛДІК МАҚСАТ:

Берілген тақырып бойынша мəтін мазмұнын айта алады.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.

ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:

Жаратылыстану.

АКТ ҚОЛДАНУ

ДАҒДЫЛАРЫ:

Компьютерді қолдану.

АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:

Шылау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

  1. минут



  1. минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Оқушылар шеңбер болып тұрады. «Гүл сыйлау» ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады.


(Ұ) «Бағдаршам» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.

Бағдаршамның түстеріне байланысты оқушыларды топтарға біріктіру.

Оқушылардың сыныптағы топтық жұмыстарын орындау барысында «5-Т» ережесі стратегиясы қолданылады. «5-Т»

ережесін еске түсіру: «Талап. Тəртіп. Тыныштық. Татулық. Тазалық».



Көңілді əуен қосып қою

Сабақтың ортасы

2 минут


6 минут

2 минут



  1. жаттығу. (Ө) Мəтінді тыңдау.

Мəтінді тыңдап, негізгі тұстарын анықтау.

(Ө; Т) Мəтін мазмұны бойынша сұрақ қою.

Мəтін мазмұны бойынша өз пікірін айту үшін қыстырма сөздер мен шылауларды пайдалану.




  1. жаттығу. (Ұ) Сөйлемдерді салыстыру. Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді салыстыру. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.

Оқулықпен жұмыс

4 минут

Жаңа ақпарат.

Да, де, та, те шылау болса, атау септіктегі сөзбен байланысады да, бөлек жазылады.

Да, де, та, те жатыс септік жалғауы болса, өзі жалғанған сөзімен бірге жазылады.

Мен, бен, пен шылау болса, бөлек жазылады.

Мен , бен, пен көмектес септік жалғауы болса, өзі жалғанған сөзімен бірге жазылады.




5 минут

37-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Мəтінді көшіру.

Мəтінді жақшаны ашып көшіріп жазу. Жақшадағы да, де, мен дегендердің қайсысы бірге, қайсысы бөлек жазылатынын анықтау.

Мəтінді көшіріп жазу арқылы каллиграфиялық нормаларды сақтайды, жазу техникасын жетілдіреді.


№4 дəптермен жұмыс

1 минут

Ой сергек!

Бейнежазба əуенімен қимылдау.



https://www.youtub e.com/watch?v=J8 46twhH8PA

2 минут

38-жаттығу. (Ө; Ж) Ребусты шешу.

Ребусты шеше отырып, шешуіндегі жауапты жалғау мен шылау ретінде пайдаланып, екі сөйлем құрау.

Жауабы: та.


№4 дəптермен жұмыс

5 минут

39-жаттығу. (Ө; Қ) Кестемен жұмыс.

Кестені толықтыр.

Жұппен жұмыс жасайды. «Дəптерді алмасу» ойыны арқылы бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.


№4 дəптермен жұмыс

3 минут

(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Менің сөзім» стратегиясы бойынша сабаққа рефлексия жасайды. Сыныптан бір оқушы тұрып, жұмысқа өз көзқарасын білдіреді. Тақырыптың ашылуы, тілдік нормаларды дұрыс қолдана алуына талдау жасайды.

Айтып болған соң, басқа бір оқушының атын атайды.

Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.





Сабақтың соңы

3 минут


(Ө; Қ) «Бес саусақ».

Сұрақтарға жауап жазу арқылы сабақтағы өз іс-əрекетіне кері байланыс жасау.



№4 дəптермен жұмыс

2 минут

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған

«көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.


№4 дəптермен жұмыс

Түрлі түсті қарындаштар



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет