Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет5/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

«Сөз жəне оның мағынасы» бөлімінде, ең алдымен, сөз жəне оның мағынасы туралы алдыңғы сыныптарда берілген білім еске түсіріледі. Оқулықта берілген жаттығуларды орындау барысында сөздің белгілі бір мағынада жұмсалатыны, кейбір сөздердің бірнеше мағынасы болса, енді біреулерінің мағыналары өзара жуық (синоним) немесе қарама-қарсы (антоним) болатыны туралы оқушылардың алған білімдері тереңдетіле түседі. Оқулықта ұсынылған жаттығулар тура жəне ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын мəнмəтінде түсіну, сөйлеу барысында пайдалану мақсатын көздейді. Сонымен қатар мəтінде кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, ақпаратты қорытындылау жəне бағалау мақсат етілді. Сонымен қатар тұрақты сөз тіркестері туралы түсінік қалыптастыруға арналған жаттығулар ұсынылды. Тұрақты сөздермен жұмыс мəнмəтіндегі тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану бағытында жүргізіледі.

«Күрделі сөз». Күрделi сөздер – жаңа тақырып. Сондықтан оны оқытудың өзiндiк ерекшелiгi бар. Өйткенi күрделi сөз түбiрге жұрнақ жалғану арқылы жасалған жаңа сөз емес. Оның туынды түбiр деп емес, күрделi сөз деп аталуы да сондықтан. Күрделi сөз деп кемiнде екi я одан да көп дара сөзден құралып, лексика-семантикалық жағынан бiртұтас болып келетiн сөз тiркесiн айтады. Мысалы: қолсағат, дүниежүзi, ата-ана, күншығыс, орынбасар т.б. Мұндай сөздер екi сөзден құралғанымен, екеуi бiрiгiп бiр мағынаны ғана бiлдiредi; сөйлемде бiр сұраққа жауап берiп, бiр ғана сөйлем мүшесiнiң қызметiн атқарады. Мұны мұғалiм есте ұстағаны жөн. Күрделi сөздердiң жалаң сөздерден өзгешелiгiн байқау үшiн жаңа сабақты оқушылардың сөз жəне оның құрамы туралы түсiнiктерiн еске түсiруден бастаған орынды. Оқушылар жалаң түбiрдiң (ешбiр қосымшасыз) өзiнен тұратын түбiр сөздер, түбiрге жұрнақ жалғану арқылы жасалатын туынды түбiрлер, бiр түбiрге əртүрлi жұрнақ жалғану арқылы жасалатын түбiрлес сөздер туралы еске түсiргеннен кейiн, солармен салыстыра отырып күрделi сөз туралы түсiнiк берiледi. Сонда оқушылар түбiр сөздердiң бiрiгуiнен, қосарлануынан, тiркесуiнен жасалатын күрделi сөздер болатыны жөнiнде жүйелi түсiнiкке ие болады. Алғашқы сабақта күрделi сөздердiң түрлерi аралас берiлiп, олардың жалпы ерекшелiктерi жалаң сөздермен салыстыра танытылады. Мұнда, əсiресе, екi сөздiң тiркесуiнен жасалған күрделi сөздiң өзiне ұқсас еркiн сөз тiркестерiнен айырмашылығын

байқатуға баса назар аудару қажет. Мəселен, үздiк оқушы – еркiн сөз тiркесi, өйткенi қандай оқушы екенiн бiлдiрiп, өзара анықтауыштық қатынаста тұр; шұбар ала – күрделi сөз, себебi екi сөз бiр ғана қандай? сұрағына жауап берiп тұр, араларында ешқандай синтаксистiк (анықтауыштық, толықтауыштық т. б.) қатынас жоқ.

Күрделi сөз туралы түсiнiк берiлген соң, одан əрi оның түрлерi (бiрiккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз) жеке-жеке оқытылады.

«Қазақ тілі» пəні 4-сыныпта аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық жүктемесі 136 сағатты құрайды. «Қазақ тілі. 1-бөлім» оқулығымен атқарылатын жұмысқа 64 сағат бөлінген. Оның 45 сағаты оқушылардың тіл заңдылықтарын меңгеруіне арналады. Қалған 19 сағаты жазбаша жұмыс түрлері (қорытынды бақылау: бақылау сөздік диктанты, грамматикалық тапсырмасы бар бақылау диктанты, бақылау мазмұндамасы, бақылау шығармасы) мен не үйренгендігін тексеруге арналған нəтиже сабақты, зерттеушілік іс-əрекетке баулитын жоба жұмысын құрайды. Қорытынды бақылау (сөздік жəне бақылау диктантары мен бақылау мазмұндама) материалдары «Диктанттар жинағында» берілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет