Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


-жаттығу. (МК; Т; Қ) Оқулықта берілген суретпен жұмыс жасап, пікір білдіру



бет51/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

17-жаттығу. (МК; Т; Қ) Оқулықта берілген суретпен жұмыс жасап, пікір білдіру.

Оқушылардың назары оқулықта берілген суреттерге аударылады. Оқушылардың сыни ойлау, талдау дағдыларын дамыту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жағымды, жағымсыз, даулы» əдісі арқылы топпен жұмыс ұйымдастырылады.



Сипаттамасы: Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Мұғалім оқушылармен «Балалардың əрекеті дұрыс па? Олардың орнында сен болсаң не істер едің»? сұрақтарын топта талқылып, неліктен? не себепті? қалай ойлайсың? деген пікір білдіруге бағытталған жетекші сұрақтарды қою арқылы басшылық жасайды.

Олар сурет бойынша балалардың əрекеттерін

«жағымды, жағымсыз, даулы» мəселелерге бөліп, талқылап, өз ойларын (идеяларын) айтады. Содан кейін əр топқа тек бір мəселені бөліп беріп, олар үлкен топқа өз ойларын (идеяларын) ұсынады, ал басқа топтар толықтырып немесе қарсы пікірлер айтуына болады.


Оқулық

3 минут

18-жаттығу. (Ө; Қ) Түрлі жағдаяттағы қатысымдық əрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу. Оқулықта берілген жағдаяттық тапсырманы оқып, берілген жауаптардың ішінен біреуін таңдап, өз ойын білдіреді. Сөйлеу барысында өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеулеріне басшылық жасалады.

Оқулық

3 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет