Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет47/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   305
Байланысты:
Қазақ тілі 4-сынып

Байлығым – байтақ елім


Пəн: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3-сабақ. Монолог құрай аламын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау;

4.1.4.1 – тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Диалогке қатысады; мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтайды.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Мəтіндегі негізгі ойды тұжырымдайды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрайды.

Бағалау критерийлері

Диалогке қатысу;

Мəтіннің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау;

Мəтіндегі негізгі ойды тұжырымдау;

Берілген тақырып бойынша тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып монолог құрау.



Тілдік мақсат

Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап, көпшілік алдында сөйлейді;

Сөйлеу мəдениеті қалыптастырылады.



Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, адамгершілікке тəрбиелеу.

Пəнаралық байланыстар

Əдебиеттік оқу, музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, компьютер.

Бастапқы білім

Ауызша жəне жазбаша сөйлеу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)

  1. минут



  1. минут

(Ұ) Шаттық шеңбері: «Ыстық лебіз». Шеңберге жиналып, бір-біріне есімінің бастапқы əрпінен басталатын жылы лебіз, тілек айту.

(Ұ) Əріптерді тиісті орындарына қойып, жасырынған мақалды тауып оқу. Мақалдың

Көңілді əуен қосып қою
Интерактивті тақта




мағынасына талдау жасау (Əдеп басы – тіл).

Ə Ы Б Л Т С Д А І Е П



















































































Сабақтың ортасы (30 минут)

4 минут

11-жаттығу. (Ө; Т; Қ) Мəтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықтау.

Оқушылардың мəтінді түсініп оқуларына басшылық жасалады.



Оқушылардың сыни ойлау, көшбасшылық дағдыларын дамыту мақсатында «Детектив» стартегиясы бойынша оқушылар топтарға біріктіріледі. Мəтін кім/не туралы екенін оқулықта берілген жауаптардың ішінен анықтайды.

Мəтіндегі негізгі ойды анықтап, өз көзқарастарын білдіреді. Мəтіннен маңызды ойды білдіретін сөйлемді табады. Мазмұнына талдау жасайды.






Оқулық

1 минут

(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Оқулықтағы түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Дүниеден өтерінде, дүниемен қоштасар, ұқсатып қолдан сөздерінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.






Оқулық Түсіндірме сөздік

1 минут

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.



Монолог сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.




Оқулық Орфогра- фиялық сөздік

3 минут

(МК; Ө; Ж; Қ) Негізгі ой айтылған бөлікті көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Мəтіннен негізгі ой айтылған бөлікті көшіріп жазады. Мұғалім оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуын қадағалап, бағыт береді.

Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір- бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.





Оқулық

№1 дəптермен жұмыс



1 минут

Ой сергек! Тыныштық сəті.

Балаларға табиғат құдіреттілігін сезіндіру мақсатында тыныштық сəті ұйымдастырылады. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Қазақстанның əсем табиғаты жөнінде бейнебаян тамашалайды. Кейін алған əсерлерімен






https://www. youtube.com/ watch?v=z YVYxzKE4gc азақстанның

табиғаты







бөліседі.

керемет!

4 минут

(Ұ; Қ) Мəтіндегі негізгі ойдың қысқаша атауын таңдау.

Оқушылар оқулықта берілген тақырыптардан оқыған мəтінге негізігі ойдың қысқаша атауы болатын атты таңдайды. Таңдау себебін түсіндіріп, дəлелдеулер жасайды.



Оқулық

4 минут

12-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Мақалды жатқа жазу. Мақалдың мағынасына талдау жасау. Тілдік нормаларды дұрыс қолдану білігін бағалау. Мақалды оқып, жатқа жазады. Мақалдың мазмұнына талдау жасайды. Жоғарыда берілген мəтіннің мазмұнына бұл мақалдардың қайсысы сəйкес келетінін анықтайды. Мұғалім оқушылардың дəлелдеу жасауында «өйткені», «себебі», «сондықтан» көмекші сөздерін қолданып сөйлеуіне басшылық жасайды.

Оқулық

№1 дəптермен жұмыс



1 минут

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Қадір сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.



Оқулық Орфогра- фиялық сөздік

1 минут

(МК; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысына өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.

«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір- бірінің жұмысын бағалайды. Жасаған дəлелдеулерінің екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.




4 минут

13-жаттығу. (Ө; Т; Қ) Мəтінді түсініп оқып, мəтін түрін ажырату.

Мəтінді түсініп, мəнерлеп оқиды. Мəтіннің диалог немесе монолог екенін диалог тақырыбынан игерген білімдеріне сүйеніп топта талқылау жасайды.

Диалог туралы білетіндерін естеріне түсіріп, өз ойларымен бөліседі.

Монолог пен диалогті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, дəлелдеулер, ой қорыту жасайды.



Оқулық

1 минут

(Ұ) Жаңа ақпаратпен жұмыс.

Жасаған ой қорытуларын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырады. Жаңа ақпаратты түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады. Игерген білімдерін мысалдар келтірту арқылы пысықтайды.






4 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет