Мəтіннің соңғы бөлігіне қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыру тапсырылады. Ол үшін оқушылардың сыни ойлауын, оқу рефлексиясын дамытуға бағытталған «Аквариум» стратегиясы топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.
Сипаттамасы: Сынып екі топқа бөлінеді. Сұраққа жауап беретін топ шеңбердің ішінде отырады. Сұрақ қоятын топ оларды қоршап тұрады. Бірінші топ мəтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады. Екінші топ мəтін мазмұнымен жұмыс жасайды. Шеңбер ішіндегі екінші топ оқушылары қойылған сұрақтарға жүйелі, толық жауап беруі керек. Оқушылар сұрақтарды топта толықтырып, жетілдіреді. Мұғалім сұрақтардың дұрыс құрастырылуын қадағалайды.
Мысалы:
Бейбарыс сұлтан кім?
Бейбарыс сұлтан неліктен бүкіл өмірін араб жерінде өткізді?
Бейбарыс сұлтанға туған жерін есіне түсіруге не себеп болады?
Бейбарыстың сұлтан болуына не себеп болды деп ойлайсың?
Əңгімедегі оқиғадан қандай ой түйдің? т.с.с.
2.1 Мəтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау.
4.2.1.1* – мəтін түрлерін (əңгімелеу/ сипаттау/ пайымдау) жəне олардың құрылымдық бөліктерін анықтау.
(Ө; Ұ; Қ) Мəтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау.
Сабақ барысында оқушыларды мəтіннің құрылымдық бөліктерін анықтауға жаттықтыру үшін бірнеше мəтін дайындалады.