Босния мен Герцеговинаның заманауи фильмдері бұл елдің кинематографиясының болашағы бар екенін айқын көрсетеді. Мұнда киноиндустриясы алдыңғы қатарлы елдерден әлі де төмен болса да, қарқынды дамып келеді.”Куда идешь,Аида?”,”Безбашенные”,”Идеальный круг”,Трудно быть хорошим “,”Дни и часы”секілді жоғары рейтингтегі фильмдері бар. Сонымен қатар,Данис Тановичтің 2001 жылы шыққан “Ничья земля”атты киносы “Оскар” премиясын алған .
Сараево ұлттық театры 1921 жылы қарашада құрылды. Ашылу салтанатын сол кездегі Білім министрлігі Өнер басқармасының бастығы Бранислав Нушич жүргізді. 1946 жылы 9 қарашада Сараево опера театры өзінің көркемдік қызметін Б.Сметананың «Проданная невеста» операсының премьерасынан бастады. Сараево балетінің негізі 1946 жылы қаланды, бірақ оның алғашқы тәуелсіз қойылымы, Б. Папандопулоның «Егін» қойылымы 1950 жылдың 25 мамырына қалдырылды. Бұл спектакль оның ұлттық театрдағы кәсіби дамуының бастамасы болды.Ғимаратты сәулетші Карел Парик жобалаған, ол Сараеводағы 160-тан астам басқа ғимараттарды жобалаған.
Сараево - елдiң индустриалды және мәдениет орталығы. Қалада көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар орналасқан, сонымен қатар ғылым және өнер Академиясы, Босния және Герцеговина мұражайы, университет пен көркем галерея бар. Қала халқының тұрғындары ислам, православие, католицизм және иудаизм діндерін ұстанады. Әлемге әртүрлі діни сенім өкілдерінің ғасырлар бойы қатар өмір сүріп жатқан қаласы ретінде танымал, өзінің дәстүрлі діни түрлілігімен белгілі. Осындай діни түрлілігі және ұзақ тарихы үшін Сараевоны "Еуропа Иерусалимі" немесе "Балқан Иерусалимі" деп жиі атайды. Босния және Герцеговина - екі энтитеттен және бір дистрикттен құрастырылған федеративтік мемлекет. Энтиттері - Серб республикасы және Босния және Герцеговина федерациясы (БиХ федерациясы). Серб республикасы Босния және Герцеговинаның - 49% жерін алады, Босния және Герцеговина федерациясы мемлекеттің 51% жерін алады. Жалғыз дистрикттің атауы - Брчко. БиХ федерациясы он кантонға бөлінеді: Босния мен Герцеговинаның жер бедері таулы. Климаты жерортатеңіздік, континенттік. Қаңтар айының көп жылдық орташа температурасы –1 — 3°С, шілдеде 20°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 400 — 600 мм. Тау аңғарларымен өзен арналарында емен, шырша, қайың аралас орман өскен. Кен байлықтары: темір, қорғасын, мырыш, боксит және т.б.