Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет25/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   180
«Табыс ағашы»
әдісі қолданылады.


Сабақтың тақырыбы: Мен жеті жастамын

Бөлімі:1

Өзім туралы

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 1

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Мен жеті жастамын

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

1.1.2.1 баяу және анық айтылған, жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну; 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру; 1.5.1.2* мұғалімнің қолдауымен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Сен неше жастасың? деген сұрақты түсінеді. Өзінің жасы нешеде екенін дұрыс айта алады.




Оқушылардың басым бөлігі: өзара бір-бірінің жасын сұрай алады, цифрларды жақсы таниды. Кейбір оқушылар: өмірлік жағдаяттарда өзі, жасы туралы сұрақтарға еркін жауап бере алады, өзі сұрақ қоя алады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Сиқырлы алаң» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.



Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сурет пен сөйлесу үлгісіне аударады. Тыңдату арқылы оқушыларды Сен неше жастасың? деген сұрақ үлгісімен және жауап беру үлгісімен (Мен алты жастамын) таныстырады.
Содан кейін оқушыларды осы диалог негізінде өзінің жасы нешеде екенін айтуға жаттықтырады.
2-тапсырмада мұғалім оқушыларды берілген сөйлемді толықтырып айтуға үйретеді. Біріншіден, бұл тапсырма арқылы оқушылар сандарды атайды, екіншіден, берілген сандар бойынша неше жаста екенін айтады, үшіншіден, Сен неше жастасың? сұрағына жауап беріп, өз жасын айтады.
Оқушылардың сөйлеу дағдысы «Доп лақтыру» ойыны бойынша жаттықтырылады.
Осыдан кейін мұғалім оқушылардың

Диалогті тыңдайды, қайталайды. Өзі неше жаста екенін берілген үлгі бойынша айтуға тырысады.
2-тапсырмада сандарды қайталайды, үлгі бойынша жастарын айтады. Мысалы:
Мен алты (жеті, сегіз, тоғыз, он) жастамын.
Оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді де, допты қайтадан мұғалімге лақтырады.

Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.

Оқулық Аудиодиск:
1.5.1; 1.5.4
Сандар жазылған карточкалар немесе
текшелер, түрлі түсті
қарындаштар




назарын «Есте сақта!» айдарына аударады. Осы айдар бойынша мұғалім оқушыларды жіктік жалғауымен құрылым түрінде таныстырады, жіктік жалғауын түсіндіреді.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларды жаңа сұрақ үлгісімен таныстырады. Сұрақ үлгісі: Ол неше жаста? Осы сұраққа сурет арқылы жауап беруге дағдыландырады. Мысалы: Ол төрт жаста. Ол бес жаста. Ол екі жаста. Оқушылардың назарын ол сөзіне аударады, бұл сөздің қызға да, ұл балаға да байланысты қолданылатынына мән береді.
4-тапсырмада оқушылардың бойында мұғалімнің сұрақтарына (Сенің атың кім? Сен неше жастасың?) жауап бере алу, өзі сұрақ қоя алу тәрізді дағдылардың қалыптасуына көңіл бөлінеді.
Жұптық жұмысты мұғалім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет