Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет7/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   180
Сергіту жаттығулары
Топ, топ, топ басайық, Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса, алтын Күн, Жаса, жаса, жарқын Күн.
Кәне, қанат жаяйық, Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып, ұшып алайық, Орнымызға қонайық.
«1» дегенде тұрайық,
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық.
«5» дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
Оңға қарай бір адым, Солға қарай бір адым. Жоғары, төмен қарайық, Орнымызды табайық.
Оқимыз, жазамыз, Біз мектепке барамыз. Оқимыз, жазамыз, Күнде бестік аламыз.
Орнымыздан тұрамыз, Алақанды ұрамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір отырып, бір тұрып, Біз тынығып аламыз.
Бір, екі, үш –
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз Әдемі етіп жазамыз.
Иiлiп оңға бiр, иiлiп солға бiр,
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ.
Бала, бала, балапан, Кәне, қайсы, алақан? Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар, Әрқайсысының аты бар.
Басбармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
Қақпаға туралап,
Доп тепті оң аяқ. Қақпаға туралап Доп тепті сол аяқ. Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасының үлгі нұсқасы


3-тоқсанға арналған (5-бөлім, 6-бөлім)
ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ Оқушының аты – .............................
I. ОҚЫЛЫМ
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Сәлем! Менің атым – Арман. Бұл – менің әжем. Мен әжемді жақсы көремін. Менің әжем көп ертегі біледі. Әжем ертегі айтады. Мен ертегі тыңдаймын.

1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін суреттерді белгіле.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет