Ең жиі кездесетін әлеуметтік қауіпті ауруларды ерте анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы орта медицина қызметкерлерінің РӨЛІ


Әлеуметтік қауіпті ауруларды ерте анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы орта медицина қызметкерлерінің рөлі



бет4/4
Дата06.06.2023
өлшемі25,54 Kb.
#99227
1   2   3   4
Байланысты:
Сұраққа жауап

Әлеуметтік қауіпті ауруларды ерте анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудағы орта медицина қызметкерлерінің рөлі
Халықтың денсаулығын қорғау мен нығайту негізінде аурулардың профилактикасы ( diseases prevention ) — Адам денсаулығындағы ауытқулар мен аурулардың дамуын, өршуін тоқтатуға, алдын алуға, және ауырып қалу рискі мен аурудың зардаптарын азайтуға бағытталған медициналық және медициналық емес жүйе шаралары
Профилактика түрлері

  • Біріншілік профилактика - аурудын дамуы мен даму факторларын алдын алатын шаралар жүйесі ( вакцинация, еңбектің және демалыстың тиімді режимі, тиімді және сапалы тамақатну, физикалық активтілік, қоршаған ортаны қорғау және т. б.). Іс шаралардың бір қатары түрлері мемлекет көлемінде жүзеге асырылады

  • Екіншілік профилактика - аурудың пайда болуы мен ұшығуына және рецидивіне әкеп соқтыратын факторларын жоюға бағытталған компелексті шаралар жүйесі ( стресс, иммунитеттің әлсіреуі, кез келген ағза жүйесіне әдеттен тыс жук түскенде ) Екіншелік прфилактиканың ең эффективті тәсіліне диспанцеризация жатады. Диспанцеризация ауруды алдын алуға, емдеуге және динамикалық бақылауға бағытталған комплексті шаралар жүйесі,

  • Үшіншілік профилактика - кейбір мамандар үшіншілік профилактиканы аурудын реабилитациясына бағытталған компелексті шаралар жүйсі деп анықтайды

Скрининг (ағыл. screening — «жинақтау, іріктеу») — клиникалық белгілерсіз ауруларды жеке тұлғаларда анықтауға бағытталған денсаулық сақтау ұйымының стратегиясы. Скрининг (Screening) сөзі «іріктеу, таңдау, анықтау» деген мағынаны білдіретін пікір кең тараған. Мамандық және ғылыми менеджментте, мүмкін, солай да шығар.
Бірақ бұл сөздің басқа да аудармалары бар, яғни: «қорғаныс», «қандайда бір қолайсыз жағдайдан шектеу». «Скринингтік зерттеу» ұғымының түпнегізінде осы түсінік жатыр.
Скрининг принциптері - негізгі қағидалар

  • Ауру маңызды медициналық мәселе ретінде танылуы керек;

  • Аурудың емі болуы тиіс;

  • Ауруды емдеу және диагностикалау мүмкіндігі қол жетімді болуы тиіс;

  • Аурудың жасырын кезеңі болуы керек.

  • Ауруды зерттеу әдістері болуы керек.

  • Зерттеу әдістері халық арасында қолдануға жарамды болуы қажет;

  • Аурудың шынайы ағымын адекватты түсіну қажет;

  • Емдеу қажеттілігі кезінде келісілген саясат болуы керек;

  • Ауруды анықтау барысында жұмсалған шығындар жалпы шығынмен теңдестірілген болуы керек;

  • Скрининг« бір-ақ рет» емес, үздіксіз жүргізілуі қажет.

Қорытынды.
Профилактика медицина саласындағы кез-келген қызмет түріне енуі мүмкін және болуы керек. Бұл тұрғыда бастапқы буындағы емдеу-профилактикалық мекемелердің медициналық белсенділігі халық арасында профилактикалық, диагностикалық, емдік және ағартушылық бағдарламаларды кеңінен жүргізу.
Денсаулық сақтаудың профилактикалық компонентін күшейту және халықты сауықтырудың іске асырылып жатқан бағдарламалары туралы қоғамды белсенді хабардар ету денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік маңызы бар стратегияны іске асырудың перспективалы құралы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет