Құрастырған: Мадалим Еркежан
Е К І Н Ш І Б Ө Л І М
ҚАЗАҚСТАН «ЖЫЛЫМЫҚ» КЕЗЕҢІНДЕ (1954-1964 ЖЫЛДАР)
&4. «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
• Қоғамдық ойдағы екі бағыттың күресі мен өзара бір-біріне әсер етуінің нәтижесі: 1956 жылғы
ақпандағы КОКП ХХ съезінің шешімдері
• КОКП ОК «Жекебасқа табыну және оның салдарлары туралы» қаулы қабылдаған уақыт: 1956
жыл
• Саяси айыптаулардың сипаты: «бүркемеленген»
• Саяси қудалаудың мысалы: Шығыс Қазақстан облысындағы орыс тілі пәні мұғалімі,
майдангер, жоғары білімді маман М.Елікбаевтің тағдыры
&5. Тың игеру жылдарындағы Қазақстан
• 1954 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшылығына тағайындалған:
П.К.Пономаренко
• Ж.Шаяхметовті қызметінен алу мәселесі шешілген қала: Кремль
• «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы
бойынша қабылданған шешім: Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және
Солтүстік Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру
• 1954-1955 жылдары игерілген жер аумағы: 13 млн га
• «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы» қаулы
қабылданған уақыт: 1954 жыл
• Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі жүзеге асырылған облыстар: Қостанай, Ақмола,
Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар
• 1954-1960 жылдары игерілген тың және тыңайған жерлер көлемі: 25,5 млн га
• 1956 жылы Қазақстанда өндірілген астық көлемі: 1 млдр пұт
• Тың игерудің жағымды жақтары: Қазақстан халқы әлеуметтік-экономикалық жағдайының
жақсаруына елеулі әсер етті, жаңадан қалалар салынды, аудандар ашылды, автомобиль
және теміржолдардың ұзындығы өсті
• Ең танымал тың игерушілердің бірі: Михаил Довжик
• Ерен еңбегі үшін М.Довжикке берілген атақ: Социалистік Еңбек Ері
• 1954-1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерін игеруге жұмсалған қаражат мөлшері: 20 млрд-
тай
• Тың және тыңайған жерлерді игерудің жағымсыз салдары: топырақ эрозиясы күшейді,
топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетті, малшаруашылығы орны толмас
шығынға ұшырады
Құрастырған: Мадалим Еркежан
• Қазақстан көпұлтты республикаға айналған уақыт: 50-жылдар
&6. Қазақ КСР экономикасының шикізатқа бағытталуы
• ХХ ғасырдың 50-жылдарының ортасы мен 60-жылдардың ортасында экономиканы экстенсивті
сипатта дамыту бағытының салдары: республиканы шикізат базасы ретінде пайдалануға әкеп
соқты
• «Өнеркәсіп пен құрылысты басқарау ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы» Заң
қабылданған уақыт: 1957 жыл
• 1957 жылғы Заң негізінде жүргізілген реформаның мәні:
➢ Экономикалық әкімшілік аудандар ұйымдастырылды
➢ Бұрынғы салалық министрліктері мен ведомстволардың орнына
халықшаруашылығы кеңестері құрылды
• 1957 жылғы реформаның кемшіліктері:
➢ Экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік
болмады
➢ Жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірілді
➢ Өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз
қалды
➢ Бұрын кәсіпорындар министрліктер тарапынан бақылауда болса, енді оларды
халықшаруашылық кеңестері қадағалайтын болды
➢ Экономикалық тетіктер дұрыс жұмыс істемеді
• Қазақстанда халықшаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалған уақыт: 1962 жыл
• Жетіжылдық жоспар белгіленген уақыт: 1959 жыл
• КОКП ХХІ съезі өткен уақыт: 1959 жыл
• Жетіжылдық жоспар қамтитын уақыт: 1959-1965 жылдар
• Жетіжылдық жоспар кезінде іске қосылған зауыт: Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты
• Жетіжылдық жоспар кезінде салынған зауыт: Өскемен титан-магний комбинаты, Павлодар
алюминий зауыты, Кентау экскаватор зауыты, Жамбыл супер фосфат зауыты, Жітіқара
асбест комбинаты
• Жетіжылдық жоспар кезінде пайдалануға берілген зауыт: Бұқтырма су электрстанциясы,
Қарағанды ГРЭС-і, Алматы жылу-электр орталығы, Павлодар мен Өскемендегі машина
жасау зауыттары
• Теміртау оқиғасы болған уақыт: 1959 жыл
• «Байқоңыр» ғарышайлағы космодромының іргесі қаланған уақыт: 1955 жыл
• Адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа ұшқан ғарышкер: Ю.А.Гагарин
• Ю.Гагарин ғарышқа ұшқан уақыт: 1961 жыл 12 сәуір
Құрастырған: Мадалим Еркежан
• «Адамға табын, Жер енді!» поэмасының авторы: Олжас Сүлейменов
Достарыңызбен бөлісу: |