Еуразия технологиялық университетінің Хабаршысы. 2021. №2
50
тарату; Интернеттегі зияткерлік меншік құқығын қорғаумен байланысты
проблемалар; желілік мекен-жайға (домендік атау) айрықша құқықтарды құқықтық
реттеу
мәселелері; жеке ақпаратты қорғау; Интернеттегі электрондық сауданы
құқықтық реттеу; есірткі мен психотроптық заттарды насихаттау,
заңсыз
жарнамалау; Интернетте порнографиялық материалдарды заңсыз тарату;
Интернеттегі жала жабу; Интернеттегі алаяқтық (қайыр сұрау, интернет-дүкендегі
алаяқтық, жалған веб-сайттар, блоктаушы бағдарламалар, фишинг).
Мақалада
Интернеттің құқықтық мәртебесін, оны пайдаланушылардың құқықтары мен
міндеттерін, сондай-ақ Интернетте жасалған құқық бұзушылықтар үшін
жауапкершілікті анықтайтын заңнаманы жетілдіру қажеттілігі атап өтілген.
Түйінді сөздер: деректерді қорғау, желідегі қылмыс, желідегі жауапкершілік,
авторлық құқықты бұзу, азаматтық-құқықтық жауапкершілік.
Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың
белсенді дамуы байқалады,
ғаламдық Интернет сандық жағынан да, сапалық жағынан да үлкен қарқынмен
дамуда (операторлар мен желіні пайдаланушылар саны көбейді,
ұсынылатын
қызмет түрлері кеңейді). Интернетті қолданумен байланысты жаңа қоғамдық
қатынастардың пайда болуымен осы саладағы құқықтық реттеу ерекше маңызға ие,
бұл Интернеттегі қатынастар саласындағы заңнаманың тұрақты және тиімді
дамуын қамтамасыз етеді.
Алайда Интернеттегі қатынастар саласындағы қазақстандық заңнаманың
дамуы
ең бастапқы сатысында, бұл кейбір құқық салаларының жалпы
нормаларының болғанына қарамастан, Интернет саласында тиімді нормативтік-
құқықтық базаның жоқтығын көрсетеді. Бұл жағдайдың
негізгі себебі - осы
саладағы жекелеген мәселелерді, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді,
сондай-ақ жаңаларын әзірлеу қажеттілігін жеткіліксіз талдау және зерделеу.
Интернеттегі қатынастарды тікелей реттейтін нормативтік құқықтық
актілердің болмауы, сондай-ақ оларды тиімді қолдану мүмкіндігі қоғамдық
қатынастардың дамуына кері әсерін тигізіп отыр (мысалы, авторлық және (немесе)
сабақтас
құқықтар саласында, жеке деректер, Интернет-коммерция). [1]
Интернеттегі нормативтік-құқықтық реттеуді қажет ететін негізгі
проблемалар:
1. Экстремистік материалдарды Интернетте тарату.
2. Интернеттегі зияткерлік меншік құқығын қорғаумен байланысты
проблемалар.
3. Желілік мекен-жайға (домендік атау) айрықша құқықтарды құқықтық
реттеу мәселелері.
4. Жеке деректерді қорғау.
5. Интернеттегі электрондық сауданы құқықтық реттеу.
6 Есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, заңсыз жарнамалау.
7. Интернеттегі порнографиялық материалдарды заңсыз тарату.
8. Интернеттегі жала жабу.
9. Интернеттегі алаяқтық.