Э. М. Самекбаева тіл біліміне кіріспе электронды құрал «Тіл біліміне кіріспе»



Pdf көрінісі
бет26/35
Дата30.09.2022
өлшемі0,84 Mb.
#40940
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Грамматикалық ұғымдарға не жатады? 
2. Грамматикалық мағына, грамматикалық форма дегеніміз не? 
3. Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері қандай? 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. - Алматы, 2011 
2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007. 
3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008. 
4.  Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского языкознания .- 
Алматы, 2011 
5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007 
6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
7. Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі.- Алматы, 2001 


8. Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 
9. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. 
-Алматы,1985
10. Қордабаев Т.Р. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. -Алматы., 2004 
№23 тақырып: Грамматикалық категория жайлы ұғым.Морфологиялық және 
синтаксистік категориялар туралы 
1.Грамматикалық категориялар 
2. Грамматикалық категорияның бөлінуі 
3.Морфология категориясы 
4. Синтаксистік категориялар 
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, 
жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — 
мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл 
жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет аткарады. 
Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай 
тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр. 
Грамматикалық категорияны анықтауда мағыналық тұрғыдан қарап, оны бірінші 
қатарға шығару кен тараған. Шынында, грамматикалық категорияның ен басты 
белгісі мағынасы мен тұлғасының бірлігі болып табылады. Одан Грамматикалың 
категорияның екі жақты сипаты көрінеді.
Грамматикалық 
категория морфологиялық және синтаксистік болып 
бөлінеді. Морфологиялық 
категорияларға етіс, түр, шақ, жақ, рай, септік т. 
б. 
жатады. Бұл категориялардың жүйелі түрлері сөздердін ірі грамматикалық 
топтарын (сөз таптарын) жасайды. Тілдерде грамматикалық категориялардың 
саны 
бірдей 
емес. 
Мысалы, 
қазақ 
тілінде 
орыс 
тіліндегідей вид, 
род категориялары 
жоқ. 
Синтаксистік 
категориялар 
тұлғалардын сөз 
тіркесі мен сөйлем құрамында тіркесу қабілетіне қарай жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет