4. Ұсынылатын әдебиеттер:
5. 1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. - Алматы, 2011
6. 2. Маманов, Ы. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Арыс, 2007.
7. 3. Невченко В.Н. Введение в языкознание. -Москва: Дрофа., 2008.
8. 4. Исаев .С. Қазақ тіл білімінің мәселелері// Вопросы казахского
языкознания .- Алматы, 2011
9. 5. Попова З.Д.Общее языкознание. -Москва: Восток-Запад, 2007
10. 6. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. -Алматы: Өлке, 2010.
№29 тақырып: Тілдердің генеологиялық классификациясы
1. Тілдердің классификациясы жайлы мәліметтер
2. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы
Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін
өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру.
Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары
деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға
бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады.
Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1. Үндіевропа
тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман
(француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак,
украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл),
балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары
жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан
т.б. енгізіледі. 2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад
және бербер тілдері. 3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу,
тамиль, каннада, малаялам). 4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва),
угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады. 5)
Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз,
тува, башқұрт), моңғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай)
және жапон, корей тілдері жатқызылады. 6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және
камчат тіл жанұялары жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері
деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген
нострат тілдерінен таралған деген болжам бар. Олар Африканың солтүстігінен
бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін
біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады. Келесі үлкен тіл жанұясы осы
палеоазиат тілдері. Оған: 1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш)
2) Син-тибет (қытай, тибет) 3) Енисей (кет, юг) 4) На дене (аляска мен америкада
таралған) тілдері жатады. Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға
тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі
тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар.
Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар.
Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы
енді нострат тілдеріне жақындасады.
|