Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Тіл білімінің нысанын айқындаңыз.
Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
2.Тіл дегеніміз не?
Источник: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
3.Жек тіл білімі мен жалпы тіл білімінің айырмашылықтарын дәлелдеңіз.
Сілтемені қараңыз : http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
4.Тілдің
өзіндік
табиғаты
мен
мәні
қандай?
Сілтемені қараңыз : http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
5.Тілдің
қоғамдық
қызметтерін
саралаңыз.
Сілтемені қараңыз :: http://ffre.ru/polmerbewatyrnaotr.html
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Тіл білім інің негіздері. А., 2010
2. Исаев . С. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Вопросы казахского языкознания. -
Алматы, 2011
3. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері: жоғары оқу орындарының
филология факультеттеріне арналған оқу құралы / К. Аханов. - Алматы: Өлке,
2010. - 240 б.
4. Сағындықұлы, Берік. Қазақ тілінің тарихы. Жаңа курс: лекциялар. - Алматы:
Қазақ университеті, 2011. - 145 б.
№3- тақырып: Тіл мен ойлау. Тіл мен сөйлеу
Жоспары:
1. Тіл мен ойлау туралы түсінік
2. Тіл мен ойлаудың өзіндік ерекшеліктері
3. Тіл мен ойлаудың өзара байланысы
4. Тіл мен сөйлеудің әрқайсысына тән ерекшеліктер
1. Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын
басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын
тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік
материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы
шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл
арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу
құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Тіл мен ойлау өзара байланысты.
Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де,
ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да -
қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз
тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі.
Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер
болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықган да, біз: тіл – ойлаудың
құралы,
-
дейміз.
Қоғам мүшелерінің өзара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын
басқаларға тіл арқылы айтып (не жазып) жеткізеді. Тыңдаушы да айтушының
ойын тіл арқылы түсінеді. Сондықтан болар, К.Маркс: "Тіл дегеніміз - ойдың
тікелей шындығы" — деген болатын. Ой тіл арқылы, тілдегі сөздер мен
сөйлемдер арқылы көрінеді.
2. Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана
емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі
мәселелерінің бірі болып саналады.Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен
тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де,
абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де
адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық
жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да
– адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік
құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де,
ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-
бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшеліі
көрінеді.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының
сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары
мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл
арқылы
қатынас
мүмкін
болмаған
болар
еді.
3. Диалектикалық матерализмнің ойлау мен тілдің өзара тығыз байланыстылығы
туралы қағидасы – кеңес ғылымында әбден орныққан және басшылыққа алатын
бірден бір дұрыс қағида. Ал бұл проблеманың (ойлау мен тілдің байланысы
туралы проблеманың ) нақтылы мәселелеріне келетін болсақ, олардың ішінде әлі
де болса толық шешімін таппаған мәселелердің немесе талас мәселелердің бар
екенін мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына, мысалы, тіл мен ойлаудың
байланысының нақтылы формасы туралы мәселе, тілдің әртүрлі жақтары –
материалдық, дыбыстық жақтарының және осылармен байланысты мағыналық
жақтарының ойлауға қатысы туралы мәселе, логикалық және грамматикалық
категориялардың қарым-қатысы, сөздің мағынасымен ұғымының арақатысы және
байымдау мен сөйлемнің арақатысы туралы мәселе т.б мәселелер енді. Аталған
мәселелердің барлығыда күн тәртібіне қойылып та, баспасөз бетінде талқыланып
та жүр. Тілге (оның материалдық қабығына),бірінші жағынан, қабылдау мен
елестің сезіну, көрнектілік образының қатысы туралы мәселе де талқылауды және
айрықша
назар
аударуды
қажет
етеді.
Тіл және ойлау турапы айтылған пікірлерді үш түрлі көзқарастың төңірегіне
топтауға болады.
1. Тіл және ойлау тепе-теңдік бірлікте, бір-бірінен ешқандай өзгешелігі жоқ;
2. Тіл және ойлау арасында ешқандай бірлік, байланыс жоқ;
3. Тіл және ойлау өзара тығыз байланысты, бірге туып, қатар жасап келе жатыр,
бірінсіз бірі болмайды, бірақ Бұлардың бірлігі тепе-теңдік бірлік емес, бір-бірінен
елеулі өзгешеліктері бар диалектілік бірлік дейтін тұжырымдар.
Бұлардың ішіндегі бірден-бір дұрыс тұжырым соңғысы. Өйткені тіл — ойпау
құралы, ойды қалыптастыратын, оны жарыққа шығарып, басқаларға білдіретін
құрал, ал ойлау —тілдің идеялық жағы, тіл арқылы берілетін мазмұнның негізі.
Тіл және ойлау бір бүтіннің екі жағы, екі саласы: бірі материалдық, екіншісі —
идеялық жағы. Тілдің бір жағынан, ойлауға, екінші жағынан, болмысқа қатысын
талдау — жалпы тіл білімінің аса күрделі әрі талас туғызып келе жатқан
мәселелері. Ойлау арқылы тілдің шындық өмірмен байл анысы жүзеге асады.
Ойды білдіру мен жеткізудің құралы бола отырып, тіл ойлаумен тікелей қарым-
қатынасқа түседі. Тілдің тұлғалары (единицалары: сөз, сөйлем) ойлау түрлерін
(ұғым, пайымдау) белгілеуге негіз болады. Ойлау тілдің негізінде болады.
4. Сөйлеу - адамдардың материалдық өзгертуші іс-әрекеті үдерісінде тарихи
тұрғыдан қалыптасқан тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны . Сөйлеу мен
тілдің байланысы неде? Бұл сұрақтарға мамандар әр түрлі жауап береді.
Кейбіреулері олардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ ,- дейді. Келесілері
«Сөйлеу – тіл жұптағы түсінікті тек сөйлеу – индивидуалды табиғаттың феномені,
ал тіл психологиялық құбылыс емес, сондықтан ол әлеуметтік, оны зерттейтін
психолингвистика болып табылады ,-дейді.
Ф. де Соссюр "Тіл және сөйлеу мәселесі" мәселесін көтереді. Ол тіл мен сөйлеу
бір-бірімен байланысты, бірақ бір-бірінен өзгешеліктері бар, екі бөлек дүние. Сөйлеу
- тілді қолданудың нәтижесі, ол - индивидуалдық, ал тіл - қоғам мүшелерінің бәріне
бірдей дәрежеде міндетті, өзара байланысты таңбалардың жүйесі. Тіл - әлеуметтік
сипатқа ие дейді .
Тіл мен сөйлеуді ғалымдар кейде бірге алып қарастырса, кейде екеуін екі
бөлек құбылыс деп таниды. Мәселен, немістің көрнекті лингвисі Вильгельм фон
Гумбольдт пен орыс лингвисі И.Э.Бодуэн де Куртенэ тіл мен сөйлеуді жеке-жеке
ажырата келіп, оларды адамның ойы мен қарым-қатынасына байланысты
қажеттіліктен туған үдеріс деп қарастырады .
Ф. де Соссюр тіл мен сөйлеуді ажырата келіп, олардың әрқайсысына тән
айырмашылықтарды нақтылап көрсетеді. Автордың айтуынша: Тіл- әлеуметтік,
ал сөйлесім – жеке-дара құбылыс. Тіл- тұрақты және ұзақ өмір сүретін үдеріс, ал
сөйлеу -тұрақсыз және жиі өзгеріп отырады. Тіл – адамның миымен, санасымен
бірге өзі қалыптасатын үдеріс, ал сөйлеу - әркімнің өзі дамытып отыратын үдеріс.
Тіл- адамның қарым-қатынасында бәріне ортақ, ал сөйлеуде автордың өз
қолтаңбасы болады. Тіл – психикалық құбылыс, ал сөйлеу – психо-физикалық
құбылыс. Сөйлеу- адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру
әрекеті. Сөйлеу – анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен,
негізінен, кісінің психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |