Кешенді жоспарды іске асыруда: Облыстық әдістемелік орталықтары мен кабинеттерінің әдіскерлері «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» жүзеге асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсетеді. Оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді. Жауапты мемлекеттік органдардың сертификатталған тренерлері білім беру ұйымдарының педагогтары мен оқушыларына сыныптан тыс сағаттарын өткізеді, ата-аналар жиналыстары мен тәрбиелік іс-шараларын ұйымдастырады.
Білім беру ұйымы (мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру) басшысының (меңгерушінің, директорының) тәрбие жұмысы жөніндегі (әдіскері) орынбасары міндетті: - тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
- тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
- тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік-психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді.
Сынып жетекші міндеттері:ӨЗ МІНТЕТІҢІЗДІ ЖАЗАСЫЗ! Бұл – баланы қорғау, көмек көрсету, отбасымен бірігіп, баланың дамуына, оның даралық қасиеттерін қалыптастыруына жағдай жасау үшін байланыс орнату.
Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.
Оқушылармен жұмыс ұйымдастыруға тиімді педагогикалық құралдарды таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлексі жатады.
1. Оқушының жеке дамуын бақылау, оның өрісін дамып, қабілеттерінің ашылуына жағдай жасау.
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Оқушыларды қоғамдық қатынастарға жеке дара, топтық әрекетін ұйымдастыру.
4. Оқушылардың еркіндіктері мен құқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау.
5. Оқушылардың тұрмыс жағдайын зерттеу.
6. Оқушылардың дамуындағы жеке мінез құлықтарындағы ауытқуларды байқау, оларды психологиялық және педагогикалық тұрғыдан түзету.
7. Өмірде кездесетін күрделі проблемаларды шешуде көмек көрсету.
8. Оқушылардың әлеуметтік және заңды құқықтарын қорғау.
9. Өз іскерлігі мен жауапкершілігін дәлелдей отырып, балалармен жылы қарым-қатынас орнату.
10. Үнемі практикада педагогика, психология мәселелеріне байланысты өзінің білімін жетілдіру. - ата-аналар жиналысын өткізу (педагогикалық консилиумдар, тренингтер, әңгімелер, ата-аналарға (басқа да заңды өкілдерге) арналған консультациялар); Ұсыным - білім алушылардың оқу жетістіктері және ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері бойынша ата-аналармен өзара әрекеттесу; - аптасына бір рет (сәрсенбіде )өзінізге келтіру сынып сағаттарын өткізу.Кешенді жоспардың орындалуын бақылау мен басшылық жасау білім ұйымдарының бірінші басшыларына жүктеледі. Орындалған іс-шараларды әлеуметтік желілерде жариялау, #Біртұтас_тәрбие хештегін тегтеу