Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер»романындағы Еламан бейнесі. «Қан мен терде»


Тұрсын Жұртбай еңбектеріндегі Абай және Құнанбай образдарының зерттелуі



бет3/4
Дата03.11.2023
өлшемі25,25 Kb.
#122017
1   2   3   4
Байланысты:
толеубаева срсп

3Тұрсын Жұртбай еңбектеріндегі Абай және Құнанбай образдарының зерттелуі
3.Тіршіліктегі Құнанбай мүлде оған кереғар, басқа еді деп, ақиқатты тағы да жоққа шығара алмаймыз. Мұхтардың қисынын тауып, қиюын келтіргені болмаса, қылаудай қиянаты жоқ. Аталған сұмдық жайлардың барлығын Құнанбай көзімен көріп, қолымен істеген. Мәселе – сол қиянаттың мотивінде, ілік-себебінде. Гали- лейдің отқа өртенуін инквизиция тұсындағылар бірден бір әділ жаза деп ұқты. Ол кездегі қоғамдық ойдың ең жоғары түсінігі соған ғана жетті. Құнанбай қызғыштай қорғаған көшпелі феодализмнің де заңы ортағасырлық инквизициядан кем соқпайтын. Оған дін араласты. Әрине, Қодар мен Қамқа – Галилей мен Жанна д Арк емес. Оның есесіне жер дауы, жесір дауы, құн төлеу, жеті атаның қанын араластырмау мәселелері – қыр елінің ар-намысын қозғайтын, мұның біреуіне дақ келсе, сүйекке таңба саналатын қарғыс пен қағидалар болатын. Елдің басын қосып, жиып ұстап, сергек отыруға мүмкіндік беретін бірден-бір әкімшілік күш-қуат, билік саясаты еді.
Құнанбай намазды өз адамдарынан оңаша оқиды, бір рет алға шығып, қолын аспанға жайын, ұзақ отырды. Ала шапандар, топырлаған жұрттың біркелкі қимылдары, оның үстіне қатты әсер етті» (27) , – деп жазады.
Құнанбай – оқуды зор бағалаған адам. Ол өзіне біткен баланың бәрін бірдей оқытумен қатар, еліне, қоғамына білім таратып ұстаздық ететін шет ел адамдарын қатты күткен. Бұның қолына кеп, қазақпен туысып, анық қазақ боп кеткен әлденеше ұлттың адамдары бар. Татардан шыққан Ғабитхан, Кішкене молда, Ысқақ тұқымы, Түркістаннан келген Бердіғожа, Кавказдан келген Ғабдолла (Қазақпай атанып кеткен) сияқты, қырғыздан келген Бәшібектей жандар бар. Осының бәрі болмаса да көпшілігі бала оқытып, ұстаздық құрып, тобықты ішіне оқу-білім таратқан жандар.
Бір жағынан, елге үлгі етіп, екіншіден, өз тәрбиелерін жетіктіру үшін, дәл өзінен туған бірнеше баласын шет қалаларға жіберіп оқытқан. Айғыздан туған Халиолла деген баласы Петербурда оқып, офицер шенін алып шығып, елге келгенде құрт аурудан өледі. Абайды Семей қаласының ең зор медресесінде оқытады. Қолындағы басқа бар баласы да оқымысты болған. Әрине, Құнанбай тұсында баласын орысша оқытқан, әсіресе офицерлік, төрелікке арнап оқытқан қазақ феодалдарының бәрі де текке құр білім үшін ғана оқытқан жоқ. Шен ал, ұлық бол, менің тұқымымның таптық саясаттық үстемдігін нық сақтайтын бол деп оқытқан. Құнанбайдың орысша оқытуында да осы сыр анық бар еді (1.20.66). «Қажы марқұм бұл елдің бек надан кезінде туып, шала хат танып қалса да, әкесі Өскенбай биге әр жақтан келген хаттарды оңашаға алып барып, бірін-біріне салыстырып өздігінен хат танып, түркі кітаптарын оқитұғын бо­лыпты. Және ноғай молдаларын сақтап, елсізге үй салғызып, қазақтың балаларын жиып алып, бұл жақтағы қазаққа оқу оқытып, хат танытқан сол қажы марқұм еді. Осы күнгі біздің күзеу қорамыз «Ескі там» деген сол мектептің орны еді. Қажы марқұмның алдына келген қазақ бұрын намаз оқымай жүрген болса да, намаз оқушы еді. Насыбай харам деп бір молда айтқан соң, насыбай атқандардың мұрнына тотяйын құям деп насыбайшыларды тиып еді. Бұрын зекет бермейтұғын қазаққа зекет бергізген сол кісі еді» (23).
Ең әуелі Тобықты еліне көп жылдар старшын болады. Әкесінің жолын қуып, Россияға бет бұрады. Ендігі жерде ел билеу, қызмет істеу, зор атаққа ие болу, биік мақсатқа жету тек патша чиновниктерінің қыбын табу арқылы ғана болатынын, ол үшін орысша оқу, хат тану – осының бәрінің қажеттігін өзге феодалдардай емес, алыстан болжап біледі» (1.20.67). Абай он жасқа келгенде, әкесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы Ғабдулжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып, Ахмет-Риза деген молдаға тапсырған. Екеуі де мешітте имамдық қылады. Және сол мешіттерінің жанында медреселері болған. Оқушы Шәкірттің көбі медреседе жатып оқиды. Оқу, әрине, ескіше, ылғи дін сабақтары. Соның көбін араб, парсы тілдерінде оқиды. Жалпы медреселерде кейінгі заманға шейін сақталып келген салтқа Қарағанда: түркіше оқу жолшыбай ғана оқылатын қосымша оқу болды. Оқытушының бар бейіл бергені дін діңгегі сияқты болған арабша, одан қала берді парсыша.
Медреседе оқып жүрген кездерінде жаз болып елге қайтқанда қаладан ала қайтатын кітаптары тағы сол ақындар еңбектері. Үй ішіне оқып беріп отыратыны да солар болған.
Өзі оқымаса да балаларын оқытып, Абайды мұсылманша оқытып жүргенде, соңғы баласына сопы Аллаяр сияқты ақындарды көп оқытып, өзіде тыңдай жүреді. Сол кезде «Абайдан Ысқақ артық болады», – дегендерге: «Не күтсеңдер де, осы жаман қарадан күтесіндер ғой», – дейтін сөзі Абайдың өз есінде қалған екен.
Әрхам: Өзінің алғашқы бәйбіше қатыны Күнкеден туған ұлының атын Құдайберді, Ұлжанның тұңғыш ұлының атын Тәңірберді қойған. Мынау үшінші ұлының атын Ибраһим деп арабшалап қояды. Ибраһим Мұхаммет пайғамбардың ұлы атасы, өзі де пайғамбар атағын алған адам екен. Бұл атты баласына қоюы Құнанбайдың өз ортасынан ерекше дін жолына берілгендіктің белгісі сықылды. Құнанбай мұсылманша көп оқымаған адам. Абайдың әкесі Құнанбай бір анадан жалғыз болып қатыбас, қытымыр, суық пішінді, үй-ішіне жылы шырай бермейтін адам екен.
Адамға сыншыл Құнанбай балаларын да сынап, байқап жүріп, жас Абайдан зор үміт күтеді екен. Ауыл адамдары:
– Мырза, балаларын ер жетіп қалыпты. Қайсысынан үміттісіз, – деп сұрағанда, Құнанбай:
– Не күтсендер де, мына қарашұнақтан күтіндер, – депті деген аңыз бар.

Абайдың басы үлкен, құлағы кіші болғандықтан да, оны «қарашұнақ» деп атап кетіпті (1.20.72-73).


АБАЙ ЖОЛЫ» – АБАЙДЫҢ ӨЗ ӨМІРІ ЕМЕС

– Мен үшін Абай – мәңгілік тылсым, ынтызарлы тақырып. Қазір Абай туралы білген-түйгенімді, жазғандарым мен жиғандарымды жүйелеп: «Күйесің жүрек, …сүйесің жүрек!..» (толықтырылған нұсқасы), «Зәбір сұлтаны», «…Ол боламын демеңдер», «…Сол шыншыл» атты төрт кітапты жазып та, өндіріске дайындап та жатырмын. Күнім мен түнім – Абайдың тұтқыны. Бұл ретте үлкен өкінішім де, күтер жұбанышым да бар. Жаңа жылда барлық көз көргендеріме және өзіме де: «Жоғалтқандарың – табылсын, барың – жоғалмасын», – деп тілеу тіледім. Осы сөздің астарында бар көңіл қалауым бар. Бұл қолжазбалардың мазмұнын таратып жатпайын. «Жас алаш» пен «Қазақ әдебиетінің» оқырмандары таяу арада шетжағалап танысып та қалар. Алда, Абайдың өмірі туралы қырық жылдан бері дайындалып келе жатқан (тәуекелім жетсе – дәл қазір де кірісіп кетуге дайынмын) еңбегімді қолға алу ойымда бар. Алайда мен Абайдың үрім-бұтақтары мен туыстарына сөз берген адаммын. Абайға қатысты ашылуға тиісті немесе жасырын күйінде қалуға тиісті жеке құпия жайлар қаншама?! Соның ішінде, ашығын айтайын, Абайдың жеке өзіне қатысты өте күрделі және шешуші үш мәселе бар. Шыңғыстың қаратұяғы, күні кеше өмірден өткен Бекен Исабаев дегдармен он жылдай ежіктесіп-егейлесіп жүріп, біреуінің амалын тапқан сияқтымын. Ол мәселе туралы ішкі қарсылығымды жеңдім деп есептеймін. Қалған екі мәселені жеңе алам ба, жоқ па, белгісіз болып тұр. Абайдың туғандары мен үрім-бұтағы ол сырды маған сеніп тапсырып, аманаттап кетті. «Егер мен оларды сол құпия күйінде сақтасам, шындыққа қиянат болмай ма? Мен кімге аманаттаймын оны?» – деген ой көкейімнен кетпейді. Бір сенімді, үмітті, әрине, Абай үшін ар-ожданымен жауап бере алатын бір жас талап табылса ғой, шіркін… «Абай жолы» роман-эпопеясы – Абайдың өз өмірі емес. Ол – көркемдік шындық», – деп жағым талмай сарнап жүргенім де сол. Көркем қиял мен қисынсыз да Абайдың өз трагедиясы өзіне жетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет