6В02310 – «Филология: қазақ тілі» білім беру бағдарламасы бойынша біршама оқыту нәтижелері (ОН2, ОН10) қайта пысықталып, Блум таксономиясы белсенді етістіктерімен сәйкестендіріліп, толықтырылды.
Білім беру бағдарламасы жаңа формаға түсіріліп, базамен сәйкестендірілді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының қолданыстағы Магистратура бойынша 7M02310–Филология білім беру бағдарламасы және Докторантура бойынша 8D02310–Филология білім беру бағдарламалары 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрінде қайта тексеруден өткізіліп, бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, екі білім беру бағдарламасы да жаңа формаға түсіріліп, базамен сәйкестендірілді. Бағдарламалардың концепциясы нақтыланып, «Академиялықадалдықжәне этика саясаты», «Білім беру бағдарламасын әзірлеудің нормативтік-құқықтықнегіздері», «Оқуғатүсушілергеқойылатынталаптар» сынды бөлімдерге толықтырулар енгізілді.
Білім беру бағдарламасының паспорты да қайта қаралып, мақсаты мен міндеттері, «Біліктілік пен лауазымдартізімі», «Кәсіби қызмет саласы», «Кәсібиқызметнысандары» сынды бөлімдерге толықтырулар енгізілді. Сонымен қатар, оқыту нәтижелері толықтырылып, ғылыми таным құралдарымен жаңа әдістерін қазіргі ақпараттық мәдениеттің жетістіктерін белсенді пайдалана отырып, филология саласындағы ғылыми проблеманы көтеру, негіздеу және шешу, білімді интеграциялауға қатысты мәселелер енгізілді. Білім беру бағдарламасы бітіруші түлегінің құзыреттіліктеріне де жете мән беріліп, бұл бөлімге қатысты «Сандық компетенция және технологиялық сауаттылық», Математикалық компетенция және ғылым саласындағы құзіреттіліктер сынды бөлімдер қайта пысықталды. Кәсіптік құзыреттіліктер (HARDSKILLS) дайындаудың бағыты үшін тиісті, арнайы теоретикалық білімдер және тәжірбиелік дағдылар, қабілеттер жинау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Білім Беру бағдарламалары бойынша оқыту нәтижелері мен модульдердің қалыптасқан құзыреттіліктері бөлінісінің матрицасы қайта пысықталып, пәндердің оқыту нәтижелерін қалыптастыруға ықпалы мен еңбек көлемі туралы мәліметтер матрицасы қайта жасалды.