МЖБС бойынша деңгейдің дескрипторлары ( 6, 7.8).
|
Пән бойынша оқыту нәтижелері ((п)ОН)
|
оқу саласындағы озық білімге сүйене отырып, оқу саласындағы білімі мен түсінігін көрсету
|
ОН4 Электроника, микроэлектронды техника, автоматика элементтері мен құрылғылары жұмысының құрылымдық схемалары мен принциптерін білу негізінде басқарудың ақпараттық-өлшеу және автоматтандырылған жүйелерін әзірлеу үшін өлшеу, бақылау және басқару құралдарын негізді таңдауды жүзеге асыру, автоматтандырудың техникалық құралдарын пайдалану және жөндеу дағдыларын меңгеру.
|
білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдану, дәлелдерді тұжырымдау және оқу саласындағы мәселелерді шешу
|
ОН8Әртүрлі технологиялық жабдықтарды логикалық басқару үшін өнеркәсіптік контроллерлердің басқарушы бағдарламаларын әзірлеу және қолданыстағы аналогтармен салыстыру арқылы олардың тиімділігін бағалау.
|
әлеуметтік, этикалық және ғылыми пікірлерді ескере отырып, пайымдауларды қалыптастыру үшін ақпаратты жинау және түсіндіру;
|
ОН3 Ақпараттық және есептеу сауаттылығы болуы тиіс, ақпараттарды жалпылау, талдау және қабылдай алу, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдай білу.
|
оқу саласындағы оқу, практикалық және кәсіптік міндеттерді шешу үшін теориялық және практикалық білімдерін қолдану
|
ОН9 Типтік технологиялық процестер мен өндірістерді автоматты реттеу және басқару жүйелерін жіктеу, нақты жағдай үшін негізделген таңдауды жүзеге асыру.
|
оқу саласында одан әрі білім алуды өз бетінше жалғастыруға қажетті оқу дағдылары
|
ОН10 Техникалық тапсырманы әзірлеу, автоматтандырылған жобалаудың мамандандырылған жүйелерінің көмегімен автоматтандыру және басқару жүйелерінің жобалық құжаттарын рәсімдеу.
|
ғылыми зерттеу және академиялық жазу әдістерін білу және оларды оқу саласында қолдану
|
ОН7Қолданбалы ақпарат теориясының заңдары мен әдістерін меңгеру негізінде басқару жүйелерінде ақпарат тасымалдаушы сигналдарды жинау, түрлендіру және беру жүйелерін әзірлеу және талдау.
|
фактілер, құбылыстар, теориялар және олардың арасындағы күрделі тәуелділіктер туралы білім мен түсінуді зерттеу саласында қолдану;
|
ОН11Зерттеу, кәсіпкерлік дағдыларын пайдалану және белгісіздік жағдайында жұмыс жасау дағдысы болу.
|
академиялық адалдық принциптері мен мәдениетінің маңыздылығын түсіну
|
ОН12 Жеке түрде және команданың мүшесі ретіндетиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу және түрлі тәсілдерді қолдана алу.
|