ӘБ отырысында қаралды: Мектеп гимназия
2022-2023 1-6 сыныптар КТЖ
«Музыка» пәнінен күнтізбелік – тақырыптық жоспар (3 сынып) Пәннің оқу жүктемесі аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат. "Музыка" оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: "Музыка тыңдау, талдау және орындау": музыкалық сауаттылық. Ұғымдар: музыкалық лад, музыкалық форма, интонация, музыкалық штрихтар, музыкалық өлшемдер (2/4, 3/4), метр, үлес, әлсіз үлес, екпінді үлес, ансамбль, оркестр, айтыс, терме, халық билері, бал билері, заманауи билері, лирикалық музыка, батырлық музыка, балет, опера, речетатив (тақпақты саз), концерт; музыканы тыңдау және талқылау. Музыкалық шығармаларды тыңдау және талдау: сипаты (көңілді, мұңды, ойнақы, нәзік), мазмұны, жанр, музыкалық көркем құралдарды (әуен, екпін, динамика, регистр, ырғақ, музыкалық лад, форма, интонация, штрихтар, музыкалық өлшем), көркем образ. Музыкалық шығарманы әуен, интонация арқылы анықтау; музыкалық жанрлар: ән, марш, би, айтыс, терме, опера, балет, симфония. Дәстүрлі музыка орындаушылары: ақын, термеші, сал, сері. Негізгі музыкалық интонациялар. Музыкалық формалар: шумақты, шумақты-қайырмалы, бір бөлімді, екі бөлімді, музыкалық штрихтар, музыкалық өлшем. Ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестрлердің музыкалық аспаптардың топтары. Орындаушылардың саны бойынша ансамбль түрлері; аспаптарда ойнау және ән айту. Әнді дирижерлық қимылдардың көмегімен орындау. Ән айту ережелерінің көмегімен түрлі сипаттағы әндерді көркем образдарын көрсете отырып орындау. Қарапайым әуендерді нота арқылы орындау. Соқпалы аспаптарда (балаларға арналған, ұлттық аспаптар) ойнау арқылы дағдыларын көрсету, музыкалық штрихтарды аспапта орындау барысында қолдану; "Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру": қарапайым музыкалық шығармаларды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркем құралдарды қолдану: нота ұзақтықтары, паузалар, екпін, ырғақ; "Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау": меңгерілген музыкалық білімдері мен дағдыларын шығармашылық жұмыстар арқылы көрсету. Өзінің және басқалардың шығармашылық жұмыстарын бағалау. 3–сыныпта «Музыка» оқу пәнінің оқытуда музыкалық сауаттылық бойынша жалпы ұғымдармен таныстыруға болады. Музыкалық жанрлар, формалар жайлы жалпы көзқарастары үшін тапсырмалар беріледі, нота сауаттылығы тереңдетіп оқыту талап етілмейді. Ән айту ережелерін сақтап, тынысты дұрыс алып, мәтінінің мазмұнын дұрыс ұғынып, сөзді анық дыбыстап, мәнерлі орындаушылық дағдыларын қалыптастыра түсуге баса назар аудару керек. Ұлттық құндылығымыз-халық күйлерін тыңдата отырып, күй барысында қайталанатын әуен буындарына лайықтап сөз құрауға үйрету арқылы ұлттық бояуды бала жадында сақтау әдісі ұсынылады. жүктеу/скачать 168,59 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |