Еңбегі аздың өнбегі аз. Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады



Дата27.09.2024
өлшемі22,74 Kb.
#145880
Байланысты:
Еңбек туралы мақал


1. Еңбегі аздың өнбегі аз.
2. Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
3. Еңбегі көптің өнбегі көп.
4. Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
5. Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
6. Еңбегіне қарай табысы,
Ерлігіне қарай дабысы.
7. Еңбегің болмаса елге өкпелеме,
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

8. Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
9. Еңбегің өнімді болса,
көңілің сенімді болар.
10. Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
11. Еңбек — ата, жер — ана.
12. Еңбек әрі сүйсіңдіреді, әрі сиындырады.
12. Еңбек бейнет емес, зейнет.
13. Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,
Жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін.
14. Еңбек ердің санаты,
Білім ердің қанаты.
15. Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
16 Еңбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме.
17. Еңбек етсең еленерсің,
еңбегіңе кенелерсің,
есің жиып етек жауып,
елге жетіп теңелерсің.

18. Еңбек етсең емерсің,
Ерінбесең жеңерсің.
19. Еңбекке бейім болсаң,
қатарыңнан кейін болмайсың.
20. Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.
21. Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
22. Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
23. Еңбек әрі сүйсіңдіреді,әрі сиындырады.
24. Еңбекке ебі жоктың елдікке себі жоқ.
25. Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет