Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі Жоспар Кіріспе Қ. Р.«Еңбек кодексі»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата13.12.2022
өлшемі2,61 Mb.
#56807
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі Скачать Реферат



Stud.kz
Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі
Жоспар
Кіріспе
1. Қ.Р.«Еңбек кодексі»
2. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі./Е Қ С Ж/
3. Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
4. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Пəн: 
Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:
Реферат
Тегін:
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға
:

Қазақстан Республикасы Білім жəне Ғылым министрлігі
Семей қаласы Шəкəрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Орындаған: Мукашев р
Тексерген: Бейсебаев Ш.
Семей қаласы
2015 жыл
1. Қ.Р.Еңбек кодексі
2. Еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесі.Е Қ С Ж
3. Өндірістегі еңбек қорғауды бақылау жолдары.
4. Еңбек қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін жауапкершілік
1. Қ.Р.Еңбек кодексі
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшілердің қазыналық кəсіпорындардың, мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға жəне олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кəсіптік қызметі;
2) азаматтық қызметші - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен
қазыналық кəсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақылы штаттық лауазымда істейтін
жəне олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру жəне мемлекеттік органдарға
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам;
3) айлық жалақының ең төменгі мөлшері - біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі
емес) еңбек қызметкері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайда жəне жұмыс уақытының
қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда
оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төменгі мөлшері;
4) арнаулы киім - қызметкерді зиянды жəне (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға
арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нəрселер;
5) ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды (он килограмм жəне одан жоғары) қолмен
тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына жəне тасымалдауына байланысты
əрі көп күш-қуатты талап ететін (250 ккалсағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет
түрлері;
6) ауысымдық жұмыс - тəулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;
7) əлеуметтік əріптестік - қызметкерлер қызметкерлердің өкілдері, жұмыс берушілер (жұмыс
берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын жəне олармен
тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мəселелері бойынша олардың мүдделерін
үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі;
8) бас, салалық (тарифтік), өңірлік келісім (бұдан əрі - келісім) - əлеуметтік əріптестік
тараптарының арасында жасалатын, келісімнің мазмұнын жəне республикалық, салалық
жəне өңірлік деңгейлерде қызметкерлер үшін еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту жəне
əлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі тараптардың міндеттемелерін айқындайтын
құқықтық акт;
9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік
немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;
10) біліктілік санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін,
қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі;
11) бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру жолымен
реттеу үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім
бойынша құрылатын орган;
12) алып тасталды - ҚР 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету
үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға;
14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа
жалақысын сақтай отырып, қызметкердің жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе
əлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату;
15) еңбек - адам мен қоғамның өміріне жəне қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті
материалдық, рухани жəне басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;
16) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа жəне жұмыс
берушінің актілеріне сəйкес қызметкерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін
жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі;
17) еңбекке ақы төлеудің ең төменгі стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары
зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкердің айлық жалақысының
сақталуына кепілдік берілгенең төменгі мөлшері, бұған жұмыс процесінде зиянды жəне
(немесе) қауіпті өндірістік факторлардың əсеріне ұшырайтын қызметкердің өмірлік күші мен
қуатын қалпына келтіруге қажетті азық-түлік өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің ең төменгі жиынтығы кіреді;
18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек
процесінің қолайсыз əсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар
мен құралдар кешені;
19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек
шартының жəне (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау
немесе өзгерту мəселелері бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс
берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер;
20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мəселелері
жөніндегі уəкілетті орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттігі көрсететін жəрдем;
21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының
режимі жағдайлары, кəсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту,
уақытша жұмыста болмаған қызметкердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті
қорғау тəртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі
бойынша өзге де еңбек жағдайлары;
22) еңбек жөнiндегi уəкiлеттi мемлекеттiк орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына
сəйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган;
23) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган - облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік
шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес еңбек қатынастары саласындағы
өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында,
ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен
жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар;
25) еңбек қатынастарына тікелей байланысты қатынастар - осы Кодексте көзделген
жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кəсіптік
даярлауға, қызметкерлерді қайта даярлауға жəне олардың біліктілігін арттыруға, əлеуметтік
əріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге
қызметкерлердің (қызметкерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге жəне
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты
қалыптасатын қатынастар;
2. Еңбек қауіпсіздігі туралы стандарттар (ЕҚС). Еңбек қауіпсіздігі жүйесін жасап оны енгізу
арқылы өндірісте жарақат алуды жəне кəсіптік ауыруларды азайтуға, адам денсаулығын
сақтап, оның еңбекке қабілетін жақсартуға болады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі бірнеше стандарттардан тұрады. Машиналар, приборлар, құрал-
жабдықтар, материалдар, заттар жөніндегі көптеген стандарттар мен техникалық шарттарда
қауіпсіздік туралы талаптар белгіленген. Мұндай стандарттарды жасауға Денсаулық сақтау
министрлігі, мемлекеттік қадағалау органдары, өнеркəсіп жəне құрылыс министрліктері
қатысады.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесі мынадай іс-шараларды белгілейді: еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз
етуді ұйымдастыру жұмыстарының талаптары;
өндірістің қауіпті жəне зиянды факторларына койылатын талаптар мен нормалар;
өндіріс құрал-жабдықтары қауіпсіздігінің талаптары;
өндіріс процесі қауіпсіздігінің талаптары;
жұмысшылардың қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар; өндіріс ғимараттары мен
құрылыстарына койылатын талаптар.
Стандарттарда өндірістің қауіпті жəне зиянды факторларының рұқсат етілген шекті
параметрлері мен сипаттамалары белгіленеді, олардың түрлері, қорғану жəне бақылау
əдістері көрсетіледі.
Қауіпсіздік сақтау тəртіптері стандарттар мен техникалық шарттардың "Техникалық талаптар"
бөліміне кіргізілген. Пайдалану, тасымалдау, сақтау қауіпсіздігінің талаптары, сондай-ақ, сол
талаптардың орындалуын бақылау тəсілдері стандарттар мен техникалық шарттардың тиісті
бөлімдеріне кіргізілген.
Шикізаттар, материалдар жəне химиялық заттардың стандарттарында бұл заттардың
токсикологиялық (улы) қасиеттері, адам ағзасына əсері, жұмыс орнының ауасы мен суындағы
руқсат етілген мөлшерлері, мұндай мөлшерлерді анықтау əдістері белгіленеді. Заттардың
қауіпті жəне зиянды əсерінен жұмыскерлерді қорғаудың шаралары мен құралдары да
стандарттармен беріледі.
Өрт техникасына жəне өрт сөндіру құралдарына қойылатын талаптар да стандартта
белгіленеді.
Еңбек қауіпсіздігі жүйесінің стандарттары ылғида жетілдіріліп, əрекеттегі стандарттар қайта
қаралып, жаңа стандарттар жасалынып отырады. Еңбек қауіпсіздігінің қызметі əсіресе жаңа
техниканы енгізумен байланысты кеңейе түседі. Мысалы, лазер қауіпсіздігі, робот қауіпсіздігі,
роботтанған технология қауіпсіздігі, ионданған жəне инфрақызыл сəулелерден,
гидравликадан, жоғары температура жəне жоғары қысым құралдарынан сақтану қауіпсіздігінің
стандарттары.
Табиғат қорғау жəне табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар жүйесі.
Табиғатты қорғау жəне табиғи қорларды пайдалануды жақсарту жөніндегі стандарттар
жүйесінің негізгі мақсаты - адам əрекеті мен қоршаған табиғи ортаның тиімді байланысын
белгілеу. Адам мен табиғат арасында дұрыс əрекеттесу болған жағдайда ғана табиғат
байлығын ұтымды пайдалануға, өндірістің дамуы мен қоршаған орта арасындағы тепе-
теңдікті сақтауға болады. Стандарттаудың бұл жүйесінде бір-бірімен өзара байланысқан
мемлекеттік стандарттардың жиыны бар. Бұл стандарттар қоғамның іс-əрекетінің табиғатқа,
адам денсаулығына тигізетін зиянды əсерін болдырмауға бағытталған. Табиғат қорғаудың
стандарттарына суды қорғау жəне пайдалану стандарты, атмосфераны қорғау стандарты,
топырақты қорғау жəне пайдалану стандарты, жерді пайдалануды жақсарту стандарты,
жануарлар мен өсімдіктерді қорғау стандарты, жер беті көрінісін өзгертуді қорғау стандарты,
жер қойнауын қорғау жəне пайдалану стандарттары жатады.
Стандарттарда табиғи объектілердің күй-жайын анықтаудың, ластаушы заттардың рұқсат
етілген мөлшерін есептеудің тəсілдері, сондай-ақ, табиғи ортаны ластанудан сақтауға
арналған қондырғылар мен құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар белгіленеді.
Сөйтіп, табиғатты қорғау мəселелері стандарттау жүйесінде маңызды орын алады. Табиғат
қорғау жөніндегі стандарттарды əрі қарай жетілдіру кешенді стандарттау бағдарламасына сай
жүргізіледі. Елді жерлердің ауасының, суының сапасын, көмір қышқыл газының жəне
автокөліктерден бөлінетін көмірсутектердің мөлшерін тексеру əдістерінің стандарттары жүйелі
түрде кайта қарастырылып отыруы тиіс. Стандарттауды жетілдіру жүйесіндегі тағы бір мəселе
ауадағы, судағы, топырақтағы зиянды заттарды анықтаудың өте дəл инструменталдық
əдістерін жасау болып табылады, сол арқылы табиғат байлығын сақтауға, қалпына келтіруге
жəне үнемді пайдалануға тиімді жол ашылады.
3,4. Нарықтық экономикадағы еңбек жекелеген адамдардың, сонымен бірге тұтастай
қоғамдастықтардың, немесе жалпы алғанда бүкіл мемлекеттің өмірінде өзінің əлеуметтік
маңыздылығы бойынша ерекше орын алады. Қазіргі кезеңнің адамдары өз өмірінің басым
бөлігін өз əл-ауқаттарының көзі болып табылатын дəл осы жұмысқа, еңбекке арнайды.
Осыған орай еңбекті қорғаудың маңыздылығы арта түседі жəне неғұрлым дəл жəне толық
зерттеп, зерделеуді талап етеді, соның ішінде, құқықтық ғылым тұрғысынан.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастардың айтарлықтай бөлігі құқық
нормаларымен реттеледі. Дəл осы себептен, еңбекті қорғау құқықтық ұғымын анықтау осы
мəселені қарастырудың маңызды аспекті болып табылады.
Заң əдебиетінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ұғымы, маңызы мен мазмұны
мəселесіне аз көңіл бөлінбеген, бірақ əлі де болса бұл мəселені шешілді деп есептеуге
болмайды. Бұл тіпті мүмкін де емес шығар. Техникалық үдерістердің дамуы қызметкерлердің
денсаулығына теріс əсер ететін еңбектің жаңа технологияларының жəне құралдарының
пайдаланылуына алып келеді. Теория мен практика өзара тығыз байланысты. Бір-біріне үнемі
ықпал ете отырып, олар өзара өз мазмұндарын өзгертулері мүмкін. Соған сəйкес, бұл мəселе,
яғни, еңбекті қорғаудың мазмұны туралы мəселе даму үстінде қарастырылуы тиіс.
Еңбекті қорғаудың маңызды белгілерін анықтау үшін Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау
ұғымының тек құқықтық қана емес, сонымен қатар əлеуметтік тұрғыдағы мазмұнын анықтап
алу дұрыс болады. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың əлеуметтік құбылыс екендігі
ғылыми əдебиетте бірнеше мəрте атап өтілген жəне оны əлеуметтік жүйе ретінде қарастыру
еңбекті қорғау ұғымының заңдық аспектіде дамуына жəне оны тереңірек түсінуге септігін
тигізетіндігі ешқандай күмəн туғызбайды.
Əлеуметтік құбылыс ретіндегі еңбекті қорғауды еңбектің қолайлы жағдайларын жасауға,
адамның өмірін, денсаулығын жəне жұмысқа қабілеттілігін сақтауға, еңбек қызметі
салдарынан белгілі бір жарақаттар алған жəне денсаулығына зиян келтірілген
қызметкерлерге жеңілдіктер мен өтемақылар беруге бағытталған мемлекеттің, қоғамдық
ұйымдардың жəне азаматтардың қызметі ретінде сипаттауға болады, сондай-ақ бұл - еңбекті
қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілеуге бағытталған қызмет [1].
Зерттеліп отырған институттың қоғам өмірінің əр алуан салаларында бой көрсетуі туралы
А.С.Макевкина да айтқан - еңбекті қорғау сондай-ақ экономика нысаны да болып табылады,
өйткені ол белгілі бір қаржылық əлпетті де білдіреді. Мемлекеттік билік органдары əр түрлі
саяси бағдарламалар əзірлейді, олардың зерттеу тақырыптарының аясына еңбекті қорғау да
кіреді. Еңбекті қорғауға құқық нормативтік-құқықтық актілерде, əрі əр түрлі салалардың
актілерінде бекітілген [2].
Еңбекті қорғаудың, яғни, нормативтерге сай еңбек шарттарының қамтамасыз етілу деңгейі,
өндірістік жарақаттылық пен кəсіби аурулардың төмен көрсеткіштері көбінесе жалпы алғанда
қоғамның өзінің осы категорияға деген көзқарасына байланысты болады. Қоғамда нақты
кезеңде қолданылатын басымдықтар қозғалтқыш, қозғалыс көзі маңызына ие болады. Яғни,
жоғарғы инстанцияларда (сатыларда) еңбек жағдайларын жақсарту саясатын жүйелі түрде
жүргізу, мемлекеттік органдардың осы мəселеге мұқият көңіл бөлуі тиісті ережелердің
қамтамасыз етілуінің жəне сақталуының деңгейін арттырудың елеулі кепілдіктерінің бірі болып
табылады.
Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау, қалай болғанда да, қоғамның əр индивидінің өмірінің бір
бөлігі болып табылады. Барлық адамдар өз өмірінің ішінде бірнеше рет еңбек құқықтық
қатынастарын, демек, еңбекті қорғау қатынастарын да өрбітеді. Мəселен, экономикалық
белсенді халықтың саны, ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің есебі бойынша, 2008 жылы 8
415 000 адамды, 2009 жылы 8 457 900 адамды, 2010 жылдың 1 тоқсанында 8 555 500
адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 620 300 адамды құраған, ал жұмыспен қамтылған
халықтың саны 2008 жылы 7 857 200 адамды, 2009 жылы 7 903 400 адамды, 2010 жылдың 1
тоқсанында 8 029 300 адамды, 2010 жылдың 2 тоқсанында 8 116 500 адамды құраған [3].
Көрсетілген сандардың талдауы, жыл сайын экономикалық белсенді халықтың саны артып
келе жатыр деген тұжырымға əкеледі.
ҚР заңнамасына сəйкес, ұйымдарда өндірістік практикадан өтіп жүрген жоғары немесе орта
кəсіби білім беру мекемелері студенттерінің; бас бостандығынан айыруға үкім кесілген жəне
еңбек етуге тартылған адамдардың, жəне т.б. еңбегі қорғалуы тиіс екендігін есепке алу қажет.
Сонымен бірге, еңбекті қорғаудың жалпы алғандағы қоғамның жай-күйіне айтарлықтай əсер
ете алатындығын ерекше атап өткен жөн. Еңбектің қажетті жағдайларымен қамтамасыз
етілмеген қызметкерлер, үнемі шамадан тыс жұмыс істеудің, шаршап-шалдығудың жəне
жұмыспен байланысты проблемалар ауыртпалықтарының салдарынан өз денсаулықтарына,
əрі тек денесінің ғана емес, сонымен қатар моральдық денсаулығына да көңіл бөле алмайды.
Денсаулық дегеніміз - адамның психикалық, дене жəне əлеуметтік əл-ауқаты. Ол адамның
жəне жалпы алғандағы қоғамның ең үлкен құндылығы болып табылады. Еңбектің жағдайлары
мен 
Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет