Ебелекбаева Әйгерім Қайратқызы Алматы қаласы, «Бакалавриат» мектебі



жүктеу 9.54 Kb.

Дата15.03.2017
өлшемі9.54 Kb.

 

Ебелекбаева Әйгерім Қайратқызы  

Алматы қаласы, «Бакалавриат» мектебі 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі – 1 жыл. Бүгінде 

заман талабына сай мұғалім тек білім беруші ғана емес, әр баламен өзіндік 

жұмыс  жасау  тәсілі  бар  психолог,  оқыту  процесінде  менеджер,  сондай-ақ 

үлкен  білім  оркестрінің    дерижері  бола  білуі  шарт.  Осындай  даму  үрдісі 

қарқынды  жүріп  жатқан  жаһандану  заманында    мектепте  білімді  дайын 

күйінде беруге негізделген «дәстүрлі» әдістер арқылы сабақ жүргізу тиімсіз 

болып  отыр.  Өзінің  жұмысында  дәстүрлі  оқыту  әдістерінен  басқа 

инновацияны,  ақпараттық  технологияларды  пайдалануға,  пәнаралық 

сабақтарды,  викторина,  саяхат  сияқты  стандартты  емес  формадағы 

сабақтарды    жиі  өткізеді.  Сонымен  қатар  «Модернизацияланған  білім  беру 

шарттарында  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімінің  сабақтарындағы 

инновация»,  «Бастауыш  білім  беру  мазмұнының  жаңаруы:  концепция, 

мазмұн,  ерекшеліктер»  тақырыбында  болған  біліктілікті  арттыру 

курстарынан  алған  білімі  мен  біліктілігін  практикада  қолданып,  үнемі 

ізденіс  жолында  еңбек  ететін  ұстаздардың  қатарында.  Сондай-ақ  2016 

жылдың  маусым  айында  Гумбольдт  атындағы  Берлин  университетінде 

ғылыми-практикалық  тәжірибеден  өтіп,  кәсіби  біліктілігін  көтерсе,  Ұлы 

педагог-ағартушы  Ыбырай  Алтынсариннің  175  жылдығына  арналған 

«Даланың  алып  қоңырауы»  атты  көрменің  аясында  өткізілген  «Ұстаз 

ұлағаты»  тақырыбындағы  ғылыми  семинарға  қосқан  үлесі  үшін 

марапатталған.  Оқушыларды  шығармашылыққа  баулу  мақсатында  жеке 

тақырыптар  аясында  өз бетімен ізденуге  мүмкіндік береді.  Соның  негізінде 

2016  жылдың  сәуір  айында  11-сынып  оқушысы  Садуақасова  Алия  «Turan-

junior-

2016»    оқушылар  арасындағы  ең  үздік  ғылыми  жұмыстарға  арналған 



қалалық конкурсына қатысып, «Изафеттік сөз тіркестері: оның құрылымдық 

түрлері»  тақырыбында    ғылыми  баяндама  жасады.  Сонымен  қатар 

оқушылары  «Nalanda»,  «Ақбота»  сияқты  қашықтан  өткізілетін  түрлі 

олимпиадалар мен конкурстардың жүлделі орын иегерлері.  



 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал