Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет102/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119
Байланысты:
Аңыздың ақыры

Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
138 
Мергендіктерін салыстырып қызарақтасқан мақтан əңгіме. Əмірші 
айналадағы абыр-жабырға құлағын тоса отыра ренжірін де, қуанарын да 
білмейді. Əлденеден алданып қалған адамдай, қабағын салбыратып, 
тұнжырай түсіпті. 
Сол күні түнде де көз іліндіре алмады. Аңшылыққа қонған самсаған көп 
шатырда сес жоқ. Маңай тым-тырыс. Сыртта маужыраған жазғы түн. 
Саф ауа, өн бойын ал-сал албыратып бара жатқан бал шарап. Ертеңіне 
ертөмен басталғалы тұрған ду-ду сайран. Одан артық қандай рақат 
керек. Көрші шатырлардан қор-қор дыбыс көбейді. 
Əміршінің жақсы көретіні осындай түндер, осындай өмір. Сонау Байтақ 
шаһар мен қыстақтардың шым-шытырық махаллаларына тарап-тарап 
кеткеннен кейін соңындағы мынау көк найзалы қарақұрым қол түзеп 
жүрген көп еркек əрқайсысы бір-бір қатер, бір-бір үрейге, ең құрығанда 
бұл жайында аузына не келсе, соны оттап отыратын бір-бір көкімеге 
айналады. Ал қасында жүрсе бəрі жіптіктей, бəрі момақан. Қасы мен 
қабағына қарайды. Кейде тіпті олар бұның шетсіз-шексіз көп үрім-бұтағы 
секілденіп кетеді. Əншейіндегі бейбіт өмірден бір елі аттап шыққан соң, 
бəрі бірдей бұны паналап, баурына кіре түскендей. Міне, айлы түнде, жан-
жағынан анталаған ақар-шақар шыңдардың арасында, бабасының төсегін 
шыр айнала қоршап алып ұйықтайтын тентек немерелердей, қаннен-
қаперсіз қорылдасып жатыр. Аңғар табанындағы ағын су солардың 
құдіретті ңорылымен бəсекеге түскендей, түнгі тыныштықты басына 
көтере сарқырайды. Оның сергек құлағы жұп-жұқа жібек шатырдың ар 
жағындағы ұлан-асыр дүниедегі сəл сыбыс, сəл сыбдырды қалт 
жібермей ңағып ала қояды. Жүйкеңді тікен боп шағар, кірпігіне тіреу 
боп қадалар бөгде дыбыс жоқ. Түнгі тыныштық тамылжып-ақ тұр. Бірақ 
көзіне ұйқы үйірілмейді. Айналадағы жыныс арасынан аң иісін сезе ме, 
оңшау қостағы тазылар қайта-қайта қыңсылай береді. Шатыр сыртында 
құлаққа естілер-естілмес қыбыр көп. Əлдебір жəндіктер жыбыр-жыбыр 
түнгі 
тіршілігіне 
кіріскен. 
Əлдеқайдан 
шілделік 
шырылдайды. 
Соншалықты қарапайым болса да, бəрібір ақылың жетпейтін шым-
шытырық шытырман дүние. Пəлен күннен бері көкірегін көк түтіндей 
бықсытып келген көп тұман ыдыраған тəрізді, бірақ біржола сейіліп те 
кете қоймапты. Ұйқысы келмегенмен өне бойы құп-қунақ. Мынау 
маужыраған тыныштықтың қойнына біржолата сіңіп кеткісі келеді. 
Тақты, тəжді, төбесіндегі шатырды талақ етіп, жым-жырт түнгі мұнарға 
бөгіп манаурай жатқан маужыр табиғаттың құшағына бір-ақ сүңгіп 
жоғалғысы келеді. Сырттағы түн салқынын пайдаланып өз қарекеттеріне 
кіріскен кішкене мақұлықтардай не істеп жатқанын өзінен басқа ешкім 
білмейтін, бөгде көзге еш қызығы жок, бір елеусіз тіршілікке көшкісі 
келеді. Ізін баққан көп көз бен көп сөзден құтылса, қайтадан ешкімнің 
ала көзіне ілікпейтін жай бір жұмыр басты пендеге, тіпті кез келгеннің, 
аяғының астында жататын елеусіз мақұлқатқа айналсын мейлі, əйтеуір 
мынау көзге шыққан сүйелдей көзтүрткі өмірден құтылса, еш арманы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет