Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library 52
бүйрығының орындалғанын көрсін деп, бас шебер де қатты асығып жүр.
Күнде ертөмен елдің алдымен кеп, шеберлердің жұмысын көріп кетеді.
Қазір де əне жеңіл күймесін есік алдына доғарып, тас қаланып жатқан
жабық
бастырманың
астына
кірді.
Күндегідей
жолындағы
тас
қалаушылардың қасына тоқтап, тіл қатыспастан бірден түпке қарай
аяндады. Əлде тағы да бір шұғыл ша-руа шықты ма екен? Кімге беттеп
келеді? Алдын кес-кестеп əрлі-берлі тас тасып жүргендерге назар салған
жоқ. Тартып келеді. Қайда жетіп тоқтар екен? Міне, мұның қасына таяп
қалды. Тоқтамай өте шығатын шығар. Жоқ, бұрылды... Иə, түп-тура өзіне
беттеді. Қасына келді. Үюлі жатқан қыш тастардың үстіне аяғын салып,
тіл қатты.
-Жаппар, таста...
Бұл не дегені? Жаппар оның бетіне қарады.
-Жүр, сарайға барамыз. Сені бас уəзір шақыртып жатыр.
Бас шебердің солқылдақ жеңіл арбасы бас уəзір отырған ақ сарайдың
қақпасының алдына кеп тоқтады. Есік ашқан сақшылардың ара-арасымен,
алдына түсіп ап, асыға аяңдап бара жатқан бас шебердің соңынан ере
берді. Сарайдың сап-салқын, саңғыраған əлденеше бөлмелерінен өтіп,
ақыры бір самаладай көкшіл бөлмеде қақ ортадағы дөңгелек хауыздың
төр жағында ағаш сəкіде отырған бас уəзірдің де алдына жетті. Ол
тағзым еткен сəлемін қабыл алды да, бұның бас-аяғына ұзақ тесіле қарап
отырды: бір қауым уақыт өткен соң не де болса айтайын деп тəуекелге бел
буғандай, аузын аша беріп, тағы да сүзіле қарап қойды. Сосын бас шебер
жаққа бұрылып:
-
Неге шақыртқанымды айтып па едің? – деп сұрады.
-
Жоқ, тақсыр, – деп бас шебер тағы да тағзым етті.
-
Ендеше, Жаппар ұста, Кіші ханым жорықтағы Ұлы Əмірші елге
оралғанда
көз қуансын деп
мұнара
тұрғызбақшы. Соны сізге
салдырмақпыз, – деді де бас уəзір тостағандай көзін бір төңкеріп қойды.
Кімге болса да, басын төмен салып жіберіп, иегінің астынан жоғары
қарай бажайлап бір шолып шығатын бас уəзірдің əдеті болса керек.
Оның тесіле қалған бадырақ көзіне тік қарауға қаймыққандай Жаппар
ұста иіліп тағзым етті.
Бас уəзір ішіп-жеп бара жатқан бадырақ көзін тағы да бір рет шыр
көбелек айналдырып алды да, назарын енді Жаппардың екі иығынан
асыра есік жаққа қарап:
- Ұқтыңыз ғой, – дей салды.
Даусы бір түрлі салғырт шыққандай болды.
Жаппар бұған не деу керек дегендей бас шеберге көз тастап еді, ол
уəзірдің не дегенін атымен естімеген кісіше, меңірейіп тұра берді.
Жаппар бас шебердің бейтарап жүзіне аңтарыла қарап біраз тұрды да,
бас уəзірдің əзінен жауап тосып отырғаны ойына түсіп, асыға-үсіге:
-Ұқтым, – дей салды.
Содан Жаппар қазықты қайда қағарын білмей бір ай жүрді. Байтақ