Әбіш кекілбаев шығармаларындағЫ



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі273,05 Kb.
#8757

 



                                                                       ф.ғ.д. С.Қ.Әлісжанов, 



                                                                      ф.ғ.к. А.Б.Бейсенбай, 

                                                               Л.Н.Гумилев атындағы 

                                                                         Еуразия ұлттық университеті 

 

ӘБІШ КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ 

МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 

 

Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеуші адамды 

сипаттайтын  критерийлердің  бірі  ретінде  танылады.  Зерттеушілер  сөзімен 

айтқанда,  метафора  әлемнің  жеке  тілдік  көрінісін  бейнелейді,  себебі 

индивидуальдылық  жеке  адамның  белгілі  тілдік  құралдарды  таңдауына 

байланысты,  яғни  әр  адамға,  сөз  суретшісіне,  арнайы  тек  соған  ғана  тән 

қасиет бар.  

Қазіргі кезде ғылыми парадигманың ауысуына байланысты, яғни өзінің 

дүниетанымы мен санасы бар адам орталығындағы тілдің “жансыз” жүйесіне 

қарсы тұрған, метафораға деген көзқарас қауырт өзгеріп, қызығушылық арта 

түсті.  

 

Ғалымдардың 



пайымдауынша, 

ойлау 


қабілетінің 

арқасында 

метафораларды  күннен  күнге  жандандырады.  Егер  метафораны  мағына 

ойыны ретінде қарастырсақ, ол (метафора) белгілі бір мағынаның көмегімен 

оған  арналмаған  басқа  мағынаны  жеткізеді.  Бұл  айтылған  қасиет 

метафораның  бір  құбылыс  арқылы  басқа  мағына  білдіруі  –  адамның 

ассоциативті ойлауына негізделеді.  

Сөз жасауда, сөздік қорды байытуда мағына өзгерушілігі жетекші орын 

алады.  Жаңа  мағына  жасау  тілдегі  бар  материалдардың  негізінде  болса  да, 

екінші  жағынан,  сол  жаңа  мағынаны  көрсету  мұқтаждығы  сол  сөздің 

мағынасының дамуына, сол сөзден жаңа сөз жасауға себепкер болады. 

 

Сөздің  мағынасының  өзгеруіне  әсіресе  ішкі  себептерден  гөрі  сыртқы 



себептер  көбірек  әсер  ететіндігі  байқалады.  Сөз  мағынасының  ішкі 

(лингвистикалық)  өзгерістерінің  бір  себебі,  жаңа  сөз  немесе  жаңа  мағына 

сөздік  құрамға  келіп  қосылғанда  бұрыннан  тілде  бар  сөздердің 

мағыналарынан  өзара  қарым-қатынасқа  түсіп,  солармен  синонимдік 

байланыста  жұмсалады.  Мұндай  жағдайда  байланыс  екі  жақты  болуы 

мүмкін.  Сөздік құрамға  келіп  қосылған  жаңа  сөз не  жаңа  мағына  бұрыннан 

тілде қолданылып келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың 

жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға сондай әсер етуі ықтимал [1, 27-б.]. 

Метафора  адамның  терең  ойлауының  ерекшеліктеріне  қатысты 

туындайды.  Егер ойды  басқалай,  әдейі  өзгертіп  айтса, онда  метафора  қажет 

болғандықтан  емес,  онсыз  болмайтындықтан  пайда  болады,  ол  адамның 

ойлау  қабілеті  мен  тіліне  тән  деп  айтуға  болады.  Ал  ақындар  “қажеттілікті 

ізгілікке”  айналдыра  отырып,  өз  шығармашылығында  қолданып  пайда 

табады [2, 175-б.].  

 

Метафора  (гр.  metaphora  –  ауысу)    –  сыртқы  не  ішкі  белгілеріндегі 



(тұлғасындағы,    атқаратын  қызметіндегі  т.б.)  ұқсастыққа  қарап  бір  зат 

 

атауының  басқа  бір  затқа  атау  болуына  байланысты  сөз  мағынасының 



ауысуы.  Мағына  ауысуының  бұл  тәсілінің  негізінде  ұқсату  заңдылығы 

жатыр.  


 

Сөзге  метафоралық  тәсіл  арқылы  ауыс  мағына  жамайтын  сөз  біткеннің 

бәрі  емес,  тілдегі  заттар  мен  құбылыстардың  атын,  іс-әрекетін,  сапа  мен 

белгілерін  білдіретін  сөздер.  Бұлар  сөзге  нақтылы  мағына  қосып, 

семантикалық  аясын  үнемі  кеңейтумен  болады.  Сөзге  қосылған  үстеме 

(туынды)  мағына  заттың,  құбылыстың  бойында  бар  сан  алуан  ерекше 

белгілердің  негізінде  ауыстырып  қолдану  арқылы  жасалады.  Сондықтан  бір 

сөзден тараған қосымша мағыналар бір сөз табына да, кейде әр сөз табына да 

қатысты болып келеді.  

 

Метафора қолдану сипатына қарай негізінде екі түрге бөлінеді:  



 

а) тілдік (сөздік) метафора; 

 

ә) поэтикалық (сөйлеу кезінде туындайтын контекстік) метафора [1, 88-



б.].   

 

Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық 



шеңберін  кеңейтіп,  әрдайым  үздіксіз  дамытып  отырады.  Тілдік  метафораны 

жалпыхалықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп де атайды. Дәстүрлі 

метафоралық  тәсіл  бойынша  қазақ  тіліндегі  көп  мағыналы  сөздер  ұқсату 

заңына сүйеніп, шыққан.  

       Дәстүрлі  метафоралардың  мағынасы  халықтың  таным-түсінігі,  ой-өрісі, 

тіршілігі мен тұрмысына байланысты. Олар – мағынасы көпшілікке түсінікті, 

жиі қолданысқа түсетін бейнелі метафоралар. Дәстүрлі метафораның авторы 

жоқ.  Олар  –  мақал-мәтелдер  тәрізді  халық  қазынасы.  Дәстүрлі  метафоралар 

сөз  айшығы  ретінде  тілде  тұрақты  қолданылады.  Бірте-бірте  дәстүрлі 

метафоралардың  бейнелілік  қасиеті  солғындап,  күңгірттенеді.  Дәстүрлі 

метафоралар  поэтикалық  метафоралар  тәрізді,  негізінен,  көркем  әдебиетте 

қолданылады. 

Тілдік  метафоралар  –  туынды  сөздерде  метафоралық  қасиеттер 

күңгірттеніп,  соның  нәтижесінде  жаңа  лексемалардың  пайда  болуы. 

Метафора  аталым  тұрғысынан  бейнелілік  қасиетінен  өтіп,  тек  ұғымға  атау 

беру қызметіне көшеді. Аталым жасаудағы метафораның басқа поэтикалық, 

яғни  көркемдік,  бейнелілік  метафорадан  негізгі  ерекшелігі  де  осында. 

Күрделі  атауларда  метафораның  жұмсалуы,  сөз  мағыналарының  ауысуы 

немесе  келтірінді  мағынада  қолданылуы  түрлі  ауыс  мағынаның  көзі,  өзегі 

болып  табылады.  Күрделі  атаулардағы  метафораның  басты  ерекшелігі  – 

мағынаның екі жақты болуында.  

Поэтикалық  метафора  –  саналы  түрде  белгілі  мақсат  үшін  көркемдік 

құрал ретінде көркем әдебиет пен көсемсөз стилінде қолданылады. Ал тілдік 

метафора  –  тілдің  табиғатына  тән,  лингвистиканың  түрлі  салаларымен  – 

лексикология,  семасиология,  аталым  теориясы  т.б.  тәрізді  түрлерімен 

қатынасы  барлығын  ескере  отырып,  кешенді  мәселелердің  байланыстыра 

қарастырылуы  бүгінгі  лингвистиканың  алдына  қойған  басты  міндеттерінің 

бірі  деп  санауға  болады  [3,  43-б.].  Ал  кейде  поэтикалық  метафораны 



 

индивидуалды-авторлық  (жеке  қолданыстағы)  метафоралар    деп  нақты 



атамаса да, соған жақын деген пікірді естиміз. 

Мысалы: 


Одан да тыныш ішіп тапқаныңды

Өлеңнің біл отына таптануды. 

Үмітке жүкті дүние туар бір күн,  

Айтар сол бұрқануды, аттануды. (Дүние ғапыл, 50-б.). 

Бұл  өлең  жолдарындағы  үмітке  жүкті  дүние  метафорасы  автордың 

жеке қолданысы болып танылады. Ең алдымен, автордың сөйлемде өзек етіп 

алған  «дүние»  сөзінің  мағынасына  келсек,  «Қазақ  тілінің  түсіндірме 

сөздігінде»      Дүние  ар.  зат.  1.  Өмір,  тіршілік.  2.  Зат,  мүлік,  жиһаз,  нәрсе.  3. 

Әлем,  жер  жүзі,  жиһан.  4.  Табиғат,  жаратылыс.  5.Табиғат  пен  қоғамдағы 

белгілі  ортадағы  өмір  сүретіндердің  тобы,  жиынтығы.  6.  Ауыс.  Белгілі 

сөздермен қосылып, мол, көп деген ұғымды білдіреді (ҚТС., 204-б.).  

Бұл сөйлемде дүние сөзін қаламгер «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 

берілген өмір, тіршілік мағынасында қолданып тұр. Яғни өмірдің, тіршіліктің 

жақсылықтың нышанын күтуде екенін, үлкен үміттің бар екенін, болашақтың 

бейнесін  автор  өзіндік  сөздік  қорымен  оқырманға  жеткізіп  отыр.  Мұндағы 



үмітке  жүкті  дүние  қолданысы  ұқсастық  ұғымдардың  бір-біріне 

қатыстылығынан туындаған окказионал метафора.  

Окказионал  қолданысқа  негіз  болған  ұқсастық  олардың  белгілі  бір 

жағдаятқа байланыстылығы деп білеміз.  Метафораның тәсіл ретіндегі басты 

мақсаты  заттар  мен  құбылыстарға  атау  беру  болғандықтан,  олардың 

жасалуында  ұқсастық  сезім  мүшелерінің  көмегімен  жүзеге  асады. 

Ойымыздың дәлелі ретінде Ә.Кекілбаевтан тағы бір мысал келтіре кетейік.   

 Күткен күн келе қоймас сағынғанмен

Шырпынбас бедеу дүние шабынғанмен 

От боп еріт көкіректің тақыр мұзын. (Дүние ғапыл, 50-б.). 

Мұндағы окказионал метафора «көкіректің тақыр мұзы» автордың тілдің 

ерекше  поэтикалық  және  философиялық  белгілеріне  тән  ойлау  қабілетін 

танытып  отыр.

 

Философиялық  ойлау  мен  көркем  шығармашылық  адамның 



айналасындағы дүниені танумен байланысты. Мәнмәтінде әбден күдер үзген 

үміттің,  көңілі  қалған  жүректің,  қатып  қалған  сезімді  ояту  мақсатында 

жасалған  окказионал  метафора  деп  ойлаймыз.  Мұндай  нысандардың 

өзгешелігі  ұқсастықты  тануға,  айқындауға  көмектеседі.  Автор  қоршаған 

әлемдегі  заттар  мен  құбылыстар  өзгешелігімен  оқырман  қауымға  әсерлі 

болып отыр.  

       Образдылық  қуаты  солғындамаған  ауыс  мағыналы  сөздерді  – 

“метафора”,  бұрыннан  қолданылып  келе  жатқан  эксметафораларды  “ауыс 

мағына” деп ажыратып тастауға болмайды, өйткені қазіргі “ауыс мағыналы” 

сөз  деп  жүргеніміз  –  бұрынғы  индивидуалдық  метафора.  Дәстүрлі 

метафоралар  жаңа  сөз  қисынында  құбылып  “жаңарады”,  сондықтан 

“дәстүрлі” деудің өзі де шартты.  

Метафораның  түп  тамыры  тілдің,  сөздің  туу  тарихымен  тікелей 

байланысты.  Метафора  тілді  байытады,  оған  бұрын  болмаған  жаңалықтар 



 

енгізіледі,  бірде-бір  нәрсенің  атаусыз  қалмауына  көмектеседі,  әсіресе  жеке 



қаламгердің қаламынан туған қолданыстар. 

Мысалы: 


Қараңғылық қымтап алып бір күні, 

Жұмылып қап күміс күннің кірпігі. 

Сыпырғышы ажал деген тирақтың 

Сипап кетсе жүзімдегі күлкіні. (Дүние ғапыл, 16-б.). 

Жоғарыдағы  берілген  окказионал  метафораны  жасауда  автор  адамның 

бойында  болатын  нәрсенің  (кірпік)  күннің  бір  белгісі  ретінде  көрсетіп  тұр. 

Сонымен  қатар  күнді  күміске  балап  отыр.  Яғни  бір  затты,  іс-әрекетті, 

құбылысты  басқа  бір  затқа,  әрекетке,  құбылысқа  балап  сипаттағанда, 

суреттегенде  олардың  арасындағы  ортақ  белгі  қасиеттер  негізге  алынады. 

Сондықтан  да  образды  метафора  адамның  айналадағы  болмысты  танып 

білуінің  логикалық  тәсілі,  өмірдегі  шындық  құбылыстар  арасындағы 

ұқсастықтарды  сарапқа  салудың,  ой  қорытудың,  пәлсафалық  пайымдау 

жасаудың құралы деп те қарауға болады. 

Мағына  масштабын  кеңейтетін,  сөздердің  жаңаша  қолданылуын 

туғызатын  тәсілдерінің  бірі  –  метафора.  Бұл  ретте  оны  тарихи  жағынан 

тұрақты  әсер  ететін  негізгі  семантикалық  заңдылықтардың  бірі  деп  тануға 

тиіспіз. Міне, осы тұрғыдан тіл табиғатындағы метафораның сырын, жасалу 

жолдарын,  заңдылықтарын  ашып  беру  керек.  Заттар  мен  құбылыстардың 

атауын  белгілі  бір  сөз  арқылы  бекітулі  болады.  Бірақ  ол  сөз  –  сол  зат  пен 

құбылыстың өзі емес, оның белгілі бір қатынастағы көшірмесі, “сәулесі”.   

Мысалы: 

Махаббаттың құйыны 

Қыз көрпесін ысырды. 

Махаббаттың құйыны 

Ұйқының туын ұшырды.(6 т., 21-б.). 

Бұл  өлең  жолдарындағы  ұйқының  туы  окказионал  метафорасы 

махаббат  сезімінің  әсерінен  адам  ұйқысының  қашуын  бейнелеу  мақсатында 

қолданылған.  Мұндағы  адамның  физиологиялық  жағдайын,  яғни  демалыс 

түрін  оқырман  қауымға  жеткізуде  автор  ту  символымен  сомдаған.  Мұнда 

жазушы ұйқыны өз қалпынан басқаша сипаттап көрсету арқылы окказионал 

қолданыс жасаған. Бұл жерде нақтылай кететін фактор сөздің жаңа мағынаға 

ие  болуы  емес,  оның  белгілі  бір  жағдаятқа  байланысты  мәнмәтінде  жаңа 

қолданысқа түсуі.  

Окказионал метафора тілде елеулі қызмет атқарады. Ол сөзге атау беріп, 

жаңа  мағына  тудырады,  көркем  образ  жасайды,  сөз  мағынасына  көркемдік 

түр  беріп  қана  қоймай,  айтылған  ойға  терең,  жанды  сипат  береді.  Сөзге 

эмоционалды-экспрессивті  мән  үстейді.  Сөз  мағынасынан  әр  тілдің  өзіндік 

ерекшелігі мен өзіндік бояуын, ұлттың сипатын көре аламыз.  

Мысалы: 

Анадайдан оны көріп бүлкілдеп, 

Жорытады атың. Көзіңе де жылтың кеп

Қуаныштың домбырасы кеудеңе 


 



Майда қоңыр күй тартады шіңкілдеп (Дүние ғапыл, 16-б.). 

 

Поэтикалық  мәтінде  табиғат пен адамның  белгілерін,  қасиеттерін  өзара 



араластырып,  бір-біріне  ұқсатып,  балама  жасау  құбылысы  туындайды. 

Жоғарыдағы  өлең  шумақтарындағы  қуаныштың  домбырасы  метафорасы 

Ә.Кекілбаевтың  өзіндік  таным  ерекшелігімен  туған.  Мұндағы  «домбыра» 

әуен  ұғымымен  байланысты  түсіндірілу  керек.  Ұлттық  мәдени 

ерекшеліктерден  хабар  беретін  домбыра  автордың  жеке  танымымен  ұлттық 

негізде  қуаныштың  символы  болса,  поэтикалық  мәнмәтінде  қуанып  тұрған 

адам бейнесін көз алдыңа елестетеді.  

      Жоғарыдағы  мысалдардағы  окказионал  метафоралардан  жазушы  ақиқат 

дүниедегі  объектілерді  бақылай  отырып,  олардың  арасындағы  байланысты 

оқырманға  әсерлі  етіп  жеткізе  білген.  Шығармашылық  жолы  барысында  ол 

сырт  дүниені  өзінің  көзімен  басқаша  пішіп,  оның  ішкі  мәнін  көрсету  үшін 

өзінің  жеке  авторлық  әлемін  жасаған.  Яғни  ерекше  –  үшінші  ақиқат  дүние 

жасаған.  

 

Метафораға  бір-біріне  сәйкес  келмейтін,  үйлеспейтін  ұғымдарды 



байланыстыру қабілеті тән. Субъектілік, индивидуалдық қасиеті метафораны 

универсалды құрал ретінде сипаттайды. Біздің бұл ой-түсініктен түйетініміз 

тек  қана  сөйлеуші  мен  адресатты  құбылта  алатын,  тілдік  тұлғаның  өлшемі 

болып табылатын метафоралық құрылымдарға жазушы Ә.Кекілбаевтың жеке 

қолданыстағы  метафораның  осы  қасиеттерді  өз  бойына  жинақтағаны 

байқалады.  

 

  Дәстүрлі  метафораларда  тұтас  бір  халықтың  ортақ  бейнелі  ойы, 



дүниетанымы  білдіріледі.  Сондықтан  олардың  білдіретін  мағынасы 

көпшілікке  түсінікті  болады.  Ал  индивидуалды-авторлық метафоралар  жеке 

адамның дүниені бейнелі қабылдауын, тануын көрсетеді. 

Жеке  қолданыстағы  (индивидуалды)  метафора  белгілі  бір  ақынның  я 

жазушының туындысында өмір сүреді. Белгілі мәнмәтінде ғана ұшырасатын 

сөздің  келтірінді  мағынасы  қашанда  әр  автордың  өзіндік  ерекшелігін 

көрсетеді. Сондықтан келтірінді мағына әрдайым құбылмалы болады. 

 

Мысалы: Қазақтың  бағы  жүрсе  – кәукілдеген  мақтан әңгімесі,  гулеген 



өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі көбейіп, қараптан-

қарап іші жарылып, бұтқа толы болады. (Үркер, 140-б.). 

 

Бұл  сөйлемдегі  кеңірдегін  күнге,  кіндігін  айға  ілген  кердең  жүріс 



окказионал  қолданысы  адамның  мінез-құлқына  байланысты  пайда  болған 

жүріс-тұрысты  бейнелеп  тұр.  Жазушы  «шалқайып,  шіреніп  жүру» 

мағынасындағы  жүрісті  суреттеу  мақсатында  бір-бірімен  үйлеспейтін 

сөздерді өзара байланыстырып окказионал қолданыс жасаған.  

Метафораның табиғаты әлемге көркемдік көзбен қараумен байланысты. 

Әрбір  автордың  поэтикалық  туындысы  оның  құрған  және  қолданған 

метафораларының  сипатына  байланысты.  Сондықтан  метафора  ─ 

поэтикалық  мәтіннің  басты  компоненті.  Себебі  онда  міндетті  түрде 

поэтикалық ой мен әлемдік бейненің көрінісі болады.  

 

Метафораны поэтикалық мәтінге жақындастыратын факторлар: 



• ойдағы бейне айтылмақ пікірдің бірігуі; 

 

дәл мағынада айтылмауы



• объектілердің белгілері мен мағыналарының өзара араласуы; 

• бірнеше интерпританцияда ұғынылуы; 

дәлелдемелердің қолданылмауы

• объектілердің мәнін ашуда тиімді әрі қысқа жол таңдау; 

• көлемдік баламамен астарлау [4, 12-б.]. 

 

Мұндай  метафоралық  қолданыстар  жазушының  өзіндік  қолтаңбасын 

танытады.  Сондықтан  да  бұл  тәрізді  метафоралар  жалпы  халықтық  емес, 

жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора деп аталады. 

 

  Мысалы:  Бұған  дейін  сыр  алдырмаған  сәнді  сарайлардың  да  бөксесі 



жалаңаштана бастады. (Дала балладалары, 65-б.). 

 

Жазушы  қолданған  «сарайлардың  бөксесі»  метафоралық  тіркесі  белгілі 



бір  ғимараттардың  төменгі  жақ  бетін  сомдау  мақсатында  пайда  болып  тұр.  

Сарайлардың  бөксесі  окказионал  қолданысының  оқырман  сезіміне  әсер 

ететін экспрессиялығы мен эмоционалдылығы мол. 



 

Бұрынғы  сылбыр  тірліктің  үлбіреп-мөлдіреп  қалған  сылқым  пердесін 

айдын  көлде  бір  шоршыған  ақ  сазандай  ақ  тәнінің  бір  рахатымен 

күлпаршалап күлге лақтырмақ (1 т., 65-б.).  

 

Бұл  сөйлемдегі  «сылқым  перде»  окказионал  метафоралық  қолданысы 



автордың  өмір  құбылысына  өзінің  идеялық-эстетикалық  көзқарасын 

айқындау негізінде жасалған.  

 

Сылқым  перде  окказионал  қолданысының  мағынасы  өткен  өмірдің 

парағын  ашып,  еске  түсіру  мақсатында  жасалып  тұр.  Мұнда  жазушы  өмір 

ақиқатын  өткен  өмірдің  болмыс  сырын  сырлы  сөзбен  бейнелеп,  адамның 

сезім  күйі  арқылы  өмір  шындығын  бір  сәттік  ойлау  нәтижесіннен  пайда 

болған метафоралық тіркес.  

 

Көркем шығармадағы әрбір кейіпкердің образын ашу оның  жеке мінезі, 



жан дүниесі, сезім-түйігін айқындайтын тілдік құралдар арқылы анықталады. 

Ол  кейіпкер  болмысын  танытатын  тұтас  «әлемнің»  ішкі  жан      дүниесін 

бейнелейтін бір үлгі іспетті.  

 

Ә.Кекілбаев  шығармашылығындағы  ұлттық  мәдениетке  сай  халықтың 



тіл  байлығын  танытатын  қолданыстар  жете  меңгеру  үлесі  болып  табылады. 

Жоғарыда  көрсетілгендей  сөзде  заттың  өзі  белгіленбейді,  аталмайды,  зат 

туралы  адамның  санасында  бейнеленген  түсінік,  қандай  да  бір  концепт 

аталады


.

 

Автордың  туындысынан кездесетін  мұндай  метафоралардың белгілі бір 



және әртүрлі жағдаяттарға байланысты көп туындағынан байқадық. 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1.

 



Барлыбаев  Р.  Қазақ  тіліндегі  сөз  мағынасының  кеңеюі  мен  таралуы. 

Фил. ғыл. канд. ... дис. – Алматы, 1963. – 124 б.  

2.

 

Гак  В.Н.  Метафора  универсальное  и  специфическое  //  Метафора  в 



языке и тексте. – Москва: Наука, 1988. – С. 174-176 .  

3.

 



Қасым Б. Сөзжасам: семантика уәждеме. – Алматы, 2003.  – 167 б. 

4.

 



Арутюнова,  Н.Д.  Теория  метафоры  //  Метафора  и  дискурс.  Москва: 

Прогресс, 1980. – С. 12-19. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет