Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды



Дата15.03.2023
өлшемі24,33 Kb.
#74434

Кіріспе
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.
Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Фараб пен Бұқарада бастапқы білім алған соң әл-Фараби өз білімін жетілдіру мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми дәстүрлері мен философиялық бағдарлары өз әсерін қалдырды. Бағдадта әл-Фараби ғылым мен әртүрлі пәндерді оқиды. Білімге деген құштарлығының арқасында әл-Фараби сол уақыттағы ғылым мен білімнің ордасы саналған Дамаск, Халеб, Каир, Шаш, Самарқан, Бұхара, Мерв, Нишапур, Рей, Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің ең көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз деректерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында "Екінші Ұстаз" атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия. Ғылыми еңбектерінің ең әйгілісі "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат" деп аталады. Оның атақты “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған.
Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.
1. Негізгі бөлім
1.1 Әл-Фараби дүниетанымының қалыптасуының идеологиялық бастаулары мен алғышарттары.
Ойшыл ректің ұлы ойшылдарының « Бейт Аль – Хикма» еңбегін аудару барысында беделді ғалымдармен араласа зерттеуі арқылы « Муаллим Ассана» титулына ие болады. Бұл титул екінші ұстаз деген мағынаны береді. Бірінші ұстаз Аристотельдің болуына байланысты, екінші ұстаз титулын алады. Оларды шынымен де, ғылыми зерттеуге жан жақты қызығушылықтары, кең ойлаулары, адамның тұрмыс тіршілігін философиялық тұрғыдан ұғынулары, адамның философиядағы орны жайлы зерттеулері және т.б. қырлары байланыстырады.
Фараби ұлы грек ойшылы ойлап тапқан логика ғылымына да өзіндік үлесін қосты. Ерекше, батыл философиялық көзқарастары қоғамдық пікірлермен қарама –қайшы келіп, грек философия ғылымын толығымен түсінуге кедергі болды. Және де көптеген адамдар оның еркін, өткір білдіреін философиялық көзқарастарынан діннен алшақтағаны жайлы пікірлерін айта бастады. Бірақ та бұл тек Фарабидің ой еркіндігі мен өз ойын, өз ұстанымдарын нақты жеткізуі еді.
Оны адамдардың жақтырмаушылық пен көре алмаушылықтары Бағдат қаласынан кетуге мәжбүр етті. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаск пен Алеппо да Сайф ад-давля Хамднидің билігі кезінде өткізді, бірақ ол хан сарайының бітпейтін күйбелең тіршілігінен алыста тұруды дұрыс деп санады. Ол 80 жасында Дамаск қаласында қаза тауып, Кіші қақпа аталатын жерде жерленген.
Әл- Фарабидің ғылыми еңбек жолындағы мұрасы өте мол. 80-160 шақты ғылыми еңбектердің авторы. Оның еңбектері Шығыс қалаларында өте танымалдылықпен қолданылды және сұранысқа ие болды. Аристоиельдің метафизикасына әл-Фарабидің қалдырған пікірі ибн Синаға Стагирит кітабының даналыған түсінуге арқау болды. XII-XIII ғасырларда әл-Фарабидің трактаттары ежелгі грек тілі мен латын тілдеріне аударыла бастады. Фараби ұлы араб философтарының бірі есептеледі, әлемнің екінші ұстазы.
Фараби еңбектерінің тақырыбының ауқымы өте кең. Бәрінен бұрын оны қызықтырған әр түрлі ғылым салаларының теориялық қалануы мен философиялық мағыналары болды. Әл-Фарабидің Аристотельдің логикалық шығармаларына пікір қалдыруы оның этикасын, риторикасын, метафизикасын және де көптеген антикалық текстерді түсінуге ықпал етті.
Әл-Фараби еңбектерінің ең маңызды аспектілерінің бірі оның антикалық мұраларға тарихи-философиялық анализ жасауы. Ең басты қызықтылығы оның Платон мен Аристотельді бір-біріне қарама-қайшы зерттеуі емес, керісінше олардың ортақ ақиқатқа бірдей ұмтылысын, олардың ұқсастығын жан-жақты зерделеуі.
Әл-Фараби Аристотельдің логика, диалектика, риторика, поэтика салаларына шығармаларына пікір қалдыра отырып, өзінің философиялық ойларының басқа білімдерден артықшылығын айқындай кеткен шығыс перипатетиктерінің арасынан бірінші болды.
Философия адам жан дүниесін мәңгілік ететін, рационалды дәлелдеуге сүйенетін, ақиқат танымын ұғынуға барынша жақын, адамға саналы түрде бақытқа жолын ашады дейді. Осыған сүйене отырып, қоғамды басқару қызметін, философ-басқарушы атқаруы тиіс деп есептейді. Сол кезде ғана ол мемлекеттің халқы бақытты да мемлекет зағдарын құрметтейтін адал болады деп есептейді. Философ пен ағартушы билеушінің негізгі практикалық міндеттерінің бірі – философиямен қатар, шынайы дінге енген элитарлық білім ретінде құрылуы.
Мемлекеттік жүйенің көрінісі әл-Фараби суреттеген әлемдік тәртіптің жалпы көрінісіне ұқсас. Әлемнің тіршілік етуінің негізі- бұл бастапқы негіз. Әл- Фараби іліміндегі маңызды сәт- жан мен дененің бірлігіғ жансыз дененің болмауы мүмкін еместігі туралы бірнеше рет баа айтқан жан мен ақыл туралы түсінік. Сонымен қатар, ақыл-ойдың ерекше физикалық емес, материалдық емес тұлға ретінде ереркшелігін ескере отырып, әл-Фараби адамның ақыл-ойы жетілу нәтижесінде адамның шексіз күш – жігерінің нәтижесінде дененің күшінен босатылатынына сенді: «ВАдамны ңжаны болмыстың соншалықты жетілдірілген деңгейіне көтеріледі, сондықтан оған өмір сүру үшін материя қажет емес... ол заттан бөлінген заттармен үйлеседі және осылайша мәңгілік өмір сүреді».
Фараби қолжазбалары әлемнің көптеген кітапханаларында таралған. Фараби мұрасын зерттейтін ғалымдардың үлкен бір тобы Фараби шығармаларын орыс және қазақ тілдерінде басып шығаруға және оның энциклопедиялық мұраларының түрлі аспектілерін зерделеуге қадам жасап, көптеген ғалымдар фарабитануға өз үлестерін қосуда.

1.2 Ғылымға қосқан үлесі


Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды.Оның көптомдық “Музыка туралы үлкен трактат” деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Фараби трактаттары біздің заманымызға дейін аса жоғары бағаланады. Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-философиялық ғылымдардың негізі деп қарады. Ұлы идеаны “Философияны меңгерудің қажетті шарттары” деген трактатында анық келтірген.
Астроном және астролог ретінде Фарабидің беделі жоғары болды, ол бұл ғылымдарды арифметика, геометрия, музыка сияқты жоғары педагогикалық ғылымдар категогриясына жатқызды. Физика мен жалпы жаратылыстанудан жазған Фараби еңбектері белгілі. Жалпы физикалық және жаратылыс құбылыстарын зерттеуде ол эксперименттер жасау қажеттілігін атап көрсетеді.
Фараби тамаша дәрігер ретінде де белгілі. Дәрігерлік қызыметіне байланысты Фараби, сол замандағы басқа да дәрігерлер сияқты, алхимиямен, ботаникамен, минерологиямен айналысады. Ғылымның бұл салаларының бәрі жаратылыстану құрамына кіретін. Фараби географияға көп көңіл бөлді. Саяхатшы ретінде ол, Қазақстан мен Орталық Азияның, Таяу Шығыстың, Африканың көптеген ғылыми және мәдени орталықтарында болды. Оның Отрарда, Талас, Шаш, Самархант, Бухара, Хива, Кабул, Бағдат, Дамаск қалаларында болғаны құжат түрінде белгілі. Барлық елдер мен қалаларда, Фараби жаратылыс зерттеушісі, географ және астрорном ретінде аймақты оқып үйренді, орынның координаталарын анықтады т.б. Жаратылсытануға Фараби басты мән берді. Ол, “қандай да бір педагогикалық ғылымға қарағанда, табиғат туралы ғылым әлдеқайда бай және кең көлемді болып келеді” деп жазды. Өзінің басқа бір еңбегінде “философияны оқып үйренуден бұрын табиғат туралы ғылымды игеру керек, өйткені бұл ғылым адамға барынша жақын, мәндері анық және оған түсінікті ғылым саласы” деп жазады.
Философия саласында Фараби өз заманындағы теңдесі жоқ тұлға саналды. Оның негізгі көзқарасы – рациональдық. Оның философиялық еңбектерінде Аристотель, Платон және басқа ертедегі данышпандардың философиялық еңбектеріне коментарийлер жазуға көп орын берілген. Фарабидің тамаша, өте бағалы еңбегі “Даналықтың маржандары” деген трактаты 1000 жылдан бері Шығыс университеттерінің оқулық құралы болып келеді.
Фараби еңбектері Европаның Қайта өрлеуінде үлкен рол атқарды. Бэкон, Л. Да Винчи, Коперник, кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге қарыздар.

Медицинаға қосқан үлесі


Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына «Медицина каноны» атгы және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған «Бесінші трактатында» адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады
Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті – тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» – деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек – табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзкарасын білдірген. Әл-Фараби – артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.
1.4 Әмбебап-музыкант
Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың математика теориясын жасау жолында Әбу Наср Әл-Фараби математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы т.б. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 жылы ережеп (ражаб) айында, Шам шаһарында (Дамаск) қайтыс болғанда оны сол елдің әміршісі Сайф ад-Даула өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратында жатыр.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Ғылым мен діннің, прогресс пен реакцияның сол 900 жылдық күресінен әл-Фараби бірінші орын алады. Ол-бүкіл шығысқа мәлім ұлы ғалым. Шығыс Рснсссансының атасы еді. Біздің ұлы жерлесіміз, Отырардың түлегі, бүкіл Шығыс философиясы мен ғылымының ұстазы Фарабиге біз көп қарыздармыз.
Исламмен, араб халифатымен байланысты барлық қалаларда болған. Ол сарайлық әбігершіліктен алыс өмір сүруді жөн көріп, ғұмырының соңғы жылдарын Сайф ад-Дауль Хамиданың қамқорлығымен Алепо мен Шамда өткізеді.
Ол 80 жасында Шам шаһарында қайтыс болады. Сүйегі Кіші қақпалардың ар жағына қойылады. Ол жалпы теориялық ойлар әлемін жасап, өзіндік философиялық тұжырымдарға ұсынады. Оның бұл көзқарастары қоғамдық пікірлерімен белгілі бір қақтығыстарға да ұшырады. Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка» атты еңбегінен байқауға болады.
Жалпы айтқанда, ол өз заманының ғылымын жүйелеуге ұмтылған ұлы ғалым.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. https://martebe.kz/al-farabi-zhane-onyn-alem-gylymyna-qosqan-ulesi/
2. https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/26300/
3. https://www.bibliofond.ru/view.aspx?id=42506 .
4. А.Көбесов, "Білім және еңбек" жұрналы. "Фарабидіңь тригонометриясы"
5. https://www.referat911.ru/Filosofiya/bu-nasyr-l--farabid/204757-2376913-place2.html

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет