Әбубәкірдің шежіресі мен Жеті атасы
Жетірудың қысқаша шежіресі
Кіріспе
Бұл шежірені Әбубәкірдің шежіресінен қысқартып жазып алдым. Шежіреде Қазақтың арғы атасы Әнес, Аламан, Алты Алаш, одан кейінгі Қазақтан туған Үш Арыс таратылады. Одан төмен қарай таратылады.
Осы Әбубәкірдің шежіресіне байланысты, өзімнің үлкендерімнің айтуы бойынша Жеті аталы Жетірумен Табын руынан тарайтын ата-бабалырымның аты-жөнін еске түсіріп жазуға тура келді.
Менің руым Жылқышы Табын, одан кейін Байғазы Малғара боламын.
Осы Жылқышы Табыннан тарацтын Бозтай-Құлтай мен Байғазы-Малғара бабалардың, одан да бері ата-бабалардың аты-жөнінде естелік ретінде жазып отырмын.
Менен кейінгі, ұрпақтарға, түсіне білсе, туған әкесінен бастап жеті атасын білу парыз дей есептеймін. Сонымен қатар шежірені білсе де бөтен болмас еді.