Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар


-Модуль. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс



бет17/29
Дата06.11.2022
өлшемі199,88 Kb.
#47789
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
ЖМП дәрістер конспект Н.Д.А. 2022-23

2-Модуль. Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс


2.1 (6-дәріс). Жоғары мектептегі білім беру мазмұны.
Жоспары:
1.Білім беру мазмұны экономикалық және әлеуметтік прогресс факторы ретінде.
2. Білім беру мазмұнын қалыптастыру қызметтері мен қағидалары.
3. Жоғары білімді іргелілендіру.
4. Жоғары мектептегі білім беру мазмұнын реттейтін нормативтік құжаттар.
5. Білім беруді қалыптастыратын негізгі трендтер.
6. XXI ғасырдағы ұлттық сана шеңберінде білім беру саясатының болашағы.


Білім алушының оқуы нәтижелі болуы үшін оны тұлғалық дамыту мен қалыптастыруда мынаны анықтап алу керек: нені оқыту керек, яғни, білім алушының нәтижеге жетуде меңгеретін білімінің көлемі. Бұл білім мазмұнын береді ол – ғылыми білімдер, практикалық іскерліктер мен дағдылар жүйесі, сондай-ақ, білім алушының оқу барысында меңгерген дүниетанымдық және адамгершілік-эстетикалық идеялары.
Білім беру мазмұны - жас ұрпақтың өркениетті, демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді.
Білім беру мазмұны – бұл арнайы іріктеліп алынған және қоғамда қабылданған, білгілі бір сферада қызмет атқару үшін меңгеретін адамзат тәжірибесінің элементтер жүйесі. Білім мазмұны – білім, іскерлік, дағды және дүниетанымы мен жалпы тұлғалық қалыптасу деңгейі көрінетін түпкі нәтиже.
Білім беру мазмұнын анықтау өте күрделі міндеттердің бірі. Білім мазмұнын анықтауға объективтік және субъективтік факторлар әсер етеді. Объективтік: қоғамның, ғылым мен техниканың дамуы; Субъективтік: қоғамдағы саясат, идеология, ғалымдардың методологиялық позициялары.
Педагогикадағы білім беру мазмұнын анықтау теориялары: формалды және материалды білім беру теориялары.
Формалды білім беру теориясы – Джон Локктан (ХҮІІ ғ.) бастау алып, Песталоцци, Кант, Гербарт т.б. (ХҮІІІ-ХІХ ғ.) жалғасты. Олар рационализм философиясы теориясын ұстанды, демек тілдерді меңгертуді білім алушыны дамыту құралы деп есептеді, әсіресе, ертедегі грек, латын тілдерін, математиканы үйретуді таңдады. Ал, химия, физика пәндері жалпы табиғатты тану ретінде меңгерілді.
Материалды білім беру теориясы – ХҮІІ ғ. аяғы – ХІХ ғ. өріс алды, шаруашылық пен ғылыми-техниканың дамуы ғылыми-жаратылыстану, техникалық тәжірибесі мол мамандарды дайындауды талап етті. Бұл теорияны жақтаушылар эмпиризм (грекше «тәжірибе») философиясын ұстанды. Осыдан ғылыми-жаратылыстану ғылымдарын меңгертуге үлкен үлес тиді, нәтижесінің өлшемі ретінде білімнің өмірге қажеттілігі есептелді. Бұл екі теория да біржақтылық танытты. Кезінде К.Д.Ушинский осы теорияларды қатты сынға алған.
Педагогикада білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары. Педагогика ғылымындағы білім берудің ғылыми мазмұнын анықтау теориялары және оны жетілдіруге қойылатын ғылыми талаптар жүйесі: тәрбиенің негізгі мақсатына бағытталуы – жан-жақты дамыған адамды тәрбиелеу адамды өмір сүруге дайындау; білім мазмұнын ғылыми негізде құру; ғылыми жүйенің логикалық құрылуы; пәнаралық байланысты сақтау; теория мен практиканың байланысы, өндіріспен ұштастыру; білім алушының жас ерекшелігімен сәйкестендіру.
Оқыту – білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған iс-әрекет. Білім мазмұны - өкiмет арнайы таңдап анықтаған белгiлi салада жұмыс iстеу үшiн қажеттi адамзат тәжiрибесiнiң бөлшегi. Ол - оқытудың нәтижесi болатын бiлiм, бiлiк, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Фундаментальдылық, тұлғаның қызығушылығын қанағаттандыру мақсаттылығы және бағыттылығымен қатар білім берудің жаңа парадигмасының көрінісі.
«Фундаментальді ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық білім адамға дүниенің қазіргі таңдағы біртұтас ғылыми-жаратылыстану туралы түсінік беруге, кәсіби қызметті бағалау үшін ғылым іргетасын қалап, тұлғаның шығармашылығын дамытуға және өз мүмкіндігі, қабілеті, қажеттілігін тану арқылы өмірлік бағдарламасын жасауға мүмкіндік тудыруы керек» (ЮНЕСКО-ның халықаралық меморандумы).
Егер, 1960-1980 жылдары білім беру «бәрінен аз ғана білу» формуласымен сипатталса, 1990 жылдары одан «Жаңа жағдаяттарды тану үшін барлығының мәнін білу» - ге көшті.
Барлық пәндердің негізгі мәнін білу арқылы ортақ ақпарат жинақтау білім алушыға әсіресе, студентке болашақ маман ретінде қойылатын негізгі мақсат. Оқытудағы мәндік тұрғы жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар синтезін құрайды. Оқытудағы мәндік ұстаным – бұл оқытушылардың студенттің қабілетін дамыту бағытында пәнаралық байланыс негізінде олардың (пән мазмұнының) мәнін жүйелі ұғынуға жағдай жасайтын жүйелі, синергетикалық («синергия» - грекше серіктестік, екі адамның бір бағыттағы бірлескен әрекеті) ұстаным.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет