Ects- 5 курс -1 Құрастырған: п.ғ. к., Нургалиева Д. А. Мамандықтар



бет29/29
Дата06.11.2022
өлшемі199,88 Kb.
#47789
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
ЖМП дәрістер конспект Н.Д.А. 2022-23

3.2 (15-дәріс). ЖОО-дағы басқару.
Жоспары:
1. ЖОО-ны, оның мәртебесі мен міндеттері.
2. ЖОО-дағы басқару органдарының құрылымы.
3. ЖОО-дағы әртүрлі деңгейдегі әкімшілік жұмысының өзіндік ерекшеліктері.
4. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және басқару. ЖОО-дағы өзін-өзі басқару, ұйымдардың негізгі қағидалары.

Менеджмент (ағылшын тілінен аударғанда «ұйымдастыру, басқару, меңгеру) - өндірісті, әлеуметтік, саяси және рухани процестерді басқарудың жалпы ұстанымдарының, нысандары мен әдістерінің жинақтамасы. П.Друккердің пікірінше қазіргі менеджмент – басқару қызметінің мамандандырылған түрі, ол адамдарды төңірегіне жинап, бірлесе қимылдау мақсатына қабілетті етеді, олардың күшін тиімді қолдануға жетелейді және дәрменсіздіктерін басады, өйткені қоғамға үлес қосу адамның қабілетіне, кәсіпорынды басқара білу шеберлігіне, өз күші мен оның қайтарымына байланысты.


Белгілі ғалым Ю.А.Конаржевский : «Менеджмент – бұл басқарушыға ғана емес, кез келген маманға қажет білімдердің жиынтығы. Егер сіз белгілі бір салада – медицинада, білім беру жүйесінде, ғылымда бизнесте кәсіпқой маман болсаңыз, құрылымға біте қайнасып, араласып кету үшін менеджменттің негізгі қағидаларын білмейінше оңай болмайды», - дейді.
Менеджменттің ерекше саласы – педагогикалық менеджмент. Оның өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар. Бұл ерекшелік В.В.Крыжконың пікірінше, білім беру үрдісі менеджерінің еңбек пәні, құралы, өнімі және нәтижесінде болып отыр. Білім беру үрдісі менеджерінің еңбек пәні басқару субъектісінің іс-әрекеті, ал еңбек өнімі оқу-тәрбие үрдісі туралы ақпараттар, еңбек құралы – оның сөзі, сөйлеуі, еңбек өнімі педагогикалық менеджмент нысанының, яғни білім алушылардың дамуы мен білімділік, тәрбиелік деңгейі болып табылады.
«Педагогикалық менеджмент» немесе «Білім саласының менеджері» деген атау қазір кезде жиі қолданылатын болды, өйткені ол білім саласын жетік меңгерумен қатар, қарамағындағылармен кикілжіңсіз тіл табыса жұмыс істей алатын педагогика және психология ғылымдарымен қаруланған маман.
Білім беру жүйесінің алдына қойған мақсаты өмір сүріп отырған замандағы адамзаттық өркениеттің прогрестік даму ерекшеліктеріне, қоғамдық – тарихи, саяси – әлеуметтік, экономикалық жағдайларға бейім жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеп шығару. Сондықтан қазіргі кезде менеджент білім беру жүйесіне де еніп отыр.
В.П.Симонов «Педагогикалық менеджмент» - деп педагогикалық жүйелердің өмір сүруін жетілдіру мен дамытуға бағытталған басқарудың технологиялық тәсілдері мен ұйымдастыру формаларының, әдістерінің, ұстанымдарының кешенін түсінеді.
Ж.Қ.Түймебаевтің бас редакторымен шыққан «Білім және ғылым» атты энциклопедиялық сөздікте: «Педагогикалық менеджмент –оқу-тәрбие процесін, оның тиімділігін арттыруға арналып бағытталған, басқару принциптерінің, әдістерінің, ұйымдық формалары мен әдістемелік тәсілдерінің кешені» деп анықтама берілген.
К.Өстеміров, Н.Шәметов, И.Васильев үш автордың бірлескен оқулығында: «Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру үрдісін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потнецялын көрсетіп қана қоймай, педагогтер, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді – деген анықтама берілген.
«Педагогикалық басқару» ұғымы «бiлiм берудi басқару» ұғымынан кең, өйткенi ол тәрбие мен оқытуды жүргiзетiн басқа мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдарда (отбасы, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесiнiң мекемелерi, т.б.) қызмет етедi, яғни педагогикалық басқарудың кез-келген «адам – адам» жүйесiнде орны бар.
Педагогикалық басқарудың бiлiм беру жүйесiндегi басты нысаны – өсiп келе жатқан ұрпақтың іс-әрекетi. Оларды оқыту мен тәрбиелеудi басқару не тiкелей (мұғалiмдер, тәрбиешiлер арқылы), не жанама – мемлекеттiк қоғамдық ұйымдар арқылы жүргiзiледi.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет