Еcts курс, семестр – курс, семестр



бет3/5
Дата03.12.2023
өлшемі161 Kb.
#133584
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
СИЛЛАБУС ХБ 2023-24

Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4


3. Курстың академиялық презентациясы
Оқу курсының түрі: ТК (КВ)
«Аналитикалық химия 1» пәні химиялық анализдің теориялық негіздері мен әдістерін зерттейді: заттың сапалық құрамын анықтайтын әдістерді жетілдіреді, яғни, қандай элементтерден, элементтер тобынан немесе иондардан тұратынын анықтайды. Сапалық химиялық анализ элементтердің, иондардың қасиеттеріне және бейорганикалық химияның теориялық мәселелеріне – массалар әсер заңына, химиялық тепе-теңдікке, электролиттік диссоциация теориясына, амфотерлікке, тұздар гидролизіне, тотығу-тотықсыздану реакцияларына, комплексті қосылыстар теориясына және т.б. сүйенеді.
Пәннің мақсаты студенттердің аналитикалық химия анализ әдістерімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, сапалы талдаудың теориялық негіздерін зерделеу, сапалық анализден алған білімдерін қоршаған орта объектісі анализінде пайдалана білу; сонымен қатар педагогикалық кәсіби іс-әркетінде қолдану; белгісіз қоспаның сапалық анализін жасай білу; әр түрлі есептеулерде химияның негізгі заңдары мен заңдылықтарын пайдалана білуі мен эксперименттік жұмыстар жасай білу құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Пәннің негізгі міндеті – «Аналитикалық химия І» білім алушыда ББ бағдарламасы бойынша пәндік құзыреттіліктерімен қатар келесі арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- практика жүзінде эксперименттер жасап, зертханалық жұмысқа икемділік пен дағдысын қалыптастырады;
- ақпаратты іздеудің, жинаудың, өңдеудің, талдаудың, берудің және түсіндірудің әртүрлі әдістерін қолдануды біледі;
- ғылыми ақпараттарды логикалық және дәйекті түрде түсініп, жеткізе біледі (ауызша жауап, визуализацияны қолдану арқылы есеп бере алады (презентация, модельдер, диаграммалар);
- қойылған міндеттерге қол жеткізудің балама тәсілдерін көре біледі, оларға жетудің тиімді әдістерін таңдай алады;
- нақты аналитикалық мақсаттарды шешу үшін жаратылыстану пәндерінің заңдылықтарын ескере отырып тиімді шешім қабылдай алады;
- топта тиімді жұмыс істеуді біледі, практикалық жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет