46
Әдеби KZ
Уай, дүние! Болмаса еді жалғыз аты,
Құл болсын маған салса арғы заты,
Қол ұстасып жүрсем де, теңім болса,
Жиһанда табылар ма рақаты?
Тұратын мал емеспін тоққа алданып,
Ұшатын қарға емеспін боққа алданып.
Жұртым-ау, саңылау қайда, миың қайда.
Қалайша бар дейсіздер жоққа алданып?
Есекке еп білмейтін зорлап қосып,
Жүрмісің бәлі тілеп, ажал тосып?
Жүзін көрсем, көргендей әзірейілді,
Селкілдеп тұла бойым кетер шошып.
Ұзақшыл, рақымы кең құдай қалай,
Жазықсыз жапа тартқан қыршын жан-ай.
Егер, алла ұзақшыл болмаса еді,
Жер жұтарлық ісің бар талай-талай,-
деген кезде, Бәйтек молда қолына кітабын ұстай сала жалма-жан Қамарға жүгіріп
келіп
Нұрымға жақсы атты көрінбек үшін, мыжып-тыжып, ақыл-тоқтау айтқан болды...