Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет30/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Аштан өлмес үшін қос емшек беремін. Бірінде сүт, бірінде су болады. Осылай тірлік етесің 
енді.Содан бастап жасқаншақ адам Күн мен Айды, Су мен Желді сыйлайтын болған 
деседі, төртеуіне табынатын болған деседі. Жарқанат болса адамның абыржып, үрейі 
қалмағанын көргені үшін адам атаулыдан талай-талай қорлық көретін болыпты. 
Адам да жарқанаттан жасқанып қорғанып жүретінді шығарыпты. 
Міне, балаларым, жақсылыққа жамандықпен жауап бермеңдер. Жақсылықтың өтеуі де 
жақсылық болсын. 
Біз осылай үлкендерден ғибрат алып өсіп едік. Ал үлкендердің әр өсиеті — өнер мен 
өнегенің ең шыңы ғой. 
* * * 
Ауылда бас қосып, байыпты әңгіме айтар кештер көп болушы еді. Мал өрістен қайтқан 
соң, ымырт үйірілгенше бір төбенің басына шығып алып үлкендер шүйіркелесер еді. Ел 
жаңалығы, күнделікті тірлік қамы, ертеңгі күннің еншісі — бәрі-бәрі осы басқосуда ортаға 
салынатын. Егер әңгіме арқауы ұзаққа созылмаса. кәриялар балуан күрес, жаяу жарыс, 
тартыспақ сияқты ойындар ұйымдастырып, қызығына мәз болып отырар еді. Қараңғы 
қоюланып, көз байланарда бәрі үйді-үйіне тарасатын. 
Кейде ел ішіне ақын келіп қонар еді. Бұл — ең бір сәтті күн, ең тәтті күн болатын. Барша 
жұрт ақын түскен үйге жиналып, иінтіресіп тұратын. Үйге сыймағандары жабықтан 
сығалап, ал кейбіреуі ақынның үнін алыстан естігеніне риза болатын. 
Көкем келгелі, ел адамдары әжемнің отауына жиналатын. Көкем әндетіп отырып халық 
жырларын, хиссаларды оқыр еді. Өзгелері ентелей түсіп, ұйып мүлгіп, теңселе толқып 
тыңдайтын. Осылай көкем жарықтық өле-өлгенінше ел ішінің ең қалаулы жыршысындай 
өтіп еді-ау. 


46 
Әдеби KZ 
Хиссалардың маржандай тізілген таза тілі, оралымды ойы, қиял жетпес теңеулері, ертіп 
отыратын екпіні, ұйытып тастайтын ұйқасы тыңдаушының жан сарайын жарқыратып 
жібергендей сезілетін. Мен осынау халық қазыналарын алғаш рет ақындардан, көкем 
сияқты көзі ашық білімділерден сіңіргем. Солардан дәм татып, солардан сусындағам. 
Көкемді көрші ауылдар қолқалап шақырып әкетіп, түнімен жыр оқытатын. Көкем де 
мұндай кештерден бас тартып көрген емес. Көкеме жыр құмар жанның бәрі, хиссаның 
қай жерін жаттап алғысы келген ынтызарлар, жұрт отырған жерде бір жырдың кей 
шумақтарын жырымдап айтса да «біледі екен» деген атқа ие болу үшін қызыққандар да 
келетін. Көкем болса ерінбей-жалықпай әр толғауды бір айтып еске түсіретін. Шынында 
да, өздері қара танымайтын жыр құмарлардың кейбіреуі келесі бір кеште өзінше жыр 
соғатын. Сондықтан ондай кісілердің көбі көкемді «ұстазым» десетін. Серкебай нағашым 
көкемнің дін жолына түспей, сәлдесін алып тастап ойын-сауық, ән-жыр қуып кеткеніне 
талай рет ренжіді. «Ауылдың «жын-шайтандарының» бәрін төңірегіне жинап алып 
албасты басты ма сені» дейтін. 
— Онан да ата-бабаларыңның аруағы риза болсын деп құран оқып тұрмайсың ба? «Е- е», 
«е-е» деп ешкіше маңырап отырғаннан қашан арылмақсың, түге? — деп көкемді 
мазақтағаны да бар. 
—Құранды жұма сайын оқимын ғой, нағашы,—деп көкем ақталмақ еді, ана кісі 
бұрынғысынан бетер ашуланды: 
— Тьфу, антұрған неме. Бір жұмада бір-ақ рет құран оқығаныңды да міндетсінесің-ау осы, 
сен шірік. Күніне неше реттен оқысаң да аруақтардың парызын өтей алмайтыныңды 
ұмыттың ба?Сонан соң нағашым өзінің бауырларының ынжық екенін, бүкіл ел намысы, ел 
ары өзінің мойнында екенін, ауылдың атын шығарам деп жүріп құранға құлап отыруға 
мұршасы да, уақыты да жетпейтінін айтып ренжіді. 
Көкемді оқытқанда арнаулы ғұлама шығар, құранды соның қолына берермін деп 
үміттенгенін айтты. Енді сол үмітінің ақталмай, шәкіртінің селкілдек шегірткеге ұқсап 
кеткеніне өкінетінін білдірді. 


47 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет