Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет32/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Әкем бата бұзбаймын, серттен кетпеймін, бұйрықтан аса алмаймын, арыма таңба 
түсірмеймін деп 1912-13 жылдары әпкемді ұзатқан екен. Неден екені белгісіз, әйтеуір он 
кем ұзатылып барған соң, бір жылға жетпей дүние салды. Ел бұған қатты қайғырды. Әкем 
өмір бойы қызының мезгілсіз өліміне күйініп жүруші еді. Бәлкім, өзі өкініш өртін 
тұтатқанын сезген шығар. Осы өкініш оның өзге қыздарына деген көзқарасын, тіптен бүкіл 
әйел қауымына деген ұғымын өзгертіп жіберіпті. Үнемі қамқорлықпен қараушы еді. 
Ауыл жатаған кесек үйлерде қыстап шығатын да, көктемде алыс жайлауға қоныс тебетін. 
Шабындық пен егіндікті ат тұяғы шиырламасын деп содан күз түскенше мал біткенді 
жайлаудың бір танабынан екінші танабына кешіріп жүрер еді. Ауыл адамдары егінді аз 
егетін. Ағаш соқамен аздаған жерді атыздап жыртып, дән сепсе болды деп жүре беретін. 
Тек күзде ғана егін оруға оралады. 
Егінді қол орақпен орып, ат тұяғымен бастырушы едік. Мұндайда әсіресе ат тізбегін шыр 
көбелек қуалап, айқай-шуға қарық боп қалатын да балалар, жұрттан көңілді жүретін 
дебалалар. Ақыры тамағымыз қарлығып, әбден шаршағанымызда айдауға түскен 
малдарды еркіне жібереміз. Сонан соң үлкендер сабанын екшеп, дән суырар еді. Жел 
тұрғызу үшін бар бала жиылып ысқыратынбыз. «Жел шақырғанға келеді» деген сөзді онда 
жиі еститінбіз. Астық суырып, ақ сабанынан тазалаған соң — қалбырға салып елейтін. 
Онан соң барып бала біткен дәннің ірі тасын теруші ек. Үлкендер астықты тақиядай етіп 
үйетін де, шынтақтап өлшейтін. Сол арқылы қанша батпан өнім алғанын есептеп 
шығарады. 
Ауылдың ақсақалы қызыл қырманға келіп, үйілген дәннің жанына тізерлеп отырар еді. 
Береке сұрап, молшылық тілеп, ырыс дәметіп алақан жайып ақ тілеу арнайтын. Дәннің 
алдын қапқа сонан кейін ғана көсіп салатын. Диқан бабаның берген ризығынан әркім 
нысабына қарай қаптап-дорбалап алатын. Ешкім де бір-бірінің қолын қақпайтын 
мұндайда. Өйткені егін жинап-бастыру, дән тазалап екшеу сияқты бар тірлік ортақ күшпен, 
асармен біткен соң, жемісі де ортақ деп білетін олар. 


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет