Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет36/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
ұйықтап кетіппін.Таңертең әкем келіпті. Көзімді ашсам үйдегілердің бәрінің жүзі қуарып 
отыр екен. 
Үрейленіп сыбырласады. Еш нәрседен бейхабар жатқан мен «не болды?» деп ұшып 
тұрыппын... Алайда әжем басымнан сипады да: «Ұйықтай бер, құлыным» деп сыбырлады. 
Үй-іші дымқыл тартып күңгірттенеді. Төбеден тамшы ағып тұр. Түнде нөсер жауын жауған 
еді. 
— Жоқ, aғa,— деді аз үнсіздіктен кейін әкем, — жиналыңыз, ауылға қайтамыз. 
Тәуекел дейтін түк те қалған жоқ. Көк піскенше, амалдап күн көрерміз. 
— Мен өзім қала берейінші, — дейді көкем. 
Әкем ашулана тіл қатты. 
— Саған сенген тәуекелің бар болсын! 
Тез арада жиналып та үлгердік. Төртеуміз тысқа шықтық. Көрші үйдің алдында, неге екені 
белгісіз, жұрт топталып тұр. Біз жылдамдатып өте шықтық. Жолай әжемнен ұққаным: 
«көрші үйде бір жапырақ нан үшін адамды тамақтап өлтіріп кетіпті». 
Енді көкем үйде бадырайып отыра алмайтын болды. Жаяулатып Қаратау жақтағы 
әпкелеріне тартып кетеді. Мінер көлік жоқ. Алайда ол жақтан көкем құр қол, салбырап 
қайтып кеп тұрғаны. 
Ауылымыздың екінші қапталынан Ташкент — Пішпек (Фрунзе) тас жолы өтуші еді. Біз оны 
«Қара жол» деп атайтынбыз. Мыңбұлақтың бір көзі — Көлбастауда почта станциясы 
болатын. Көкем сонда барып ат айдаушы болып орналасты. Әжем көкеммен бірге сол 
«Бекетке» кетті. Үйде қалғандарымыз ақ шалап пен быламықты қанағат тұтып отыра 
бердік. Бір күні әкем жолаушылап барып көгеріп кеткен екі қап бидай әкелді. Сол 
бидайды қайнаған сумен жуып, кептіріп, шетінен қуырып жеп қаужалақтап қалдық. 


55 
Әдеби KZ 
Біраз уақыттан соң күн жылынып, жер кебе бастады. Әкем ары-бері шапқылап жүріп 
өлмес ауқат тауып жүр. Бір күні ол бірнеше қадақ құмшекер, жарты пұт ұн және бір түйір 
шай әкелді. Мұны советтік азық-түлік комитеті көмекке беріпті. Сүт көже жасап, аздан 
тойынып қалдым. Күн көзі әбден жылынған соң, әкем мені ертіп «Бекетке» әжеме әкелді. 
Әжем қатты сағынған екен. Бізді көргенде көзіне жас алып босап кетті. Бәріміз де жүздесіп 
жадырап отырмыз. Әкелген шай-қантымызды, ұн мен жармамызды бердік. 
Көкем жолға шығып кетіпті. Барлық ат айдаушылар ұзын сарайға ұқсас жатақта тұрады 
екен. Жағдайлары мәз емес. 
Біз көкемнің келуін күттік. Көкемнің қуанышында шек жоқ еді. Мені аймалап сүйіп, 
аспанға көтеріп, әпкелерімнің хал-жайын сұрап жатыр. Біраз шүйіркелесіп отырған соң, 
әкем мен көкем станция бастығына кетті. Біржола есеп айырысып, жұмыстан босап 
қайтып келді. Көп аялдамай төртеуміз ауылға қуанып қайтып едік. Әжем ат 
айдаушылардың әйелдерімен, бала-шағаларымен көңілді қоштасты. 
— Құдайға шүкір, немерем келіп ертіп барады. Тәңірім бұл қуанышқа да жеткізді. Сендер 
де жақсылыққа жетіңдер, — деді әжем жолға шығар алдында. 
Жолай әжемнің досы — Иманқұлдың үйіне аялдадық. Әйелі бізді айранмен сусындатып, 
барын алдымызға тосты. Жолға шығарда Иманқұл бұзаулы кер сиырды алдымызға 
көлденең тартты. Әкем ақшасын төлеп, көкеме жетелетті. Иманқұл бізге бір пұт тары 
сыйлап, қошеметпен шығарып салып еді. 
Ауылға келген соң ақ көбейіп, аузымыз қою айранға тие бастады.Сөйтіп жүргенде май 
айы да туған еді. Көкем төрт күн бойы жер аударып, оған тары септі. 
Әпкелерім даладан әлдебір шөптерді теріп әкелетін. Қандай шөп екені есімде жоқ. Әжем 
сол шөптерді сүтке қайнатып, кейде құр суға салып ас жасайтын. Біз соны жеп қанағат 
етеміз. Бірде сондай көк сорпаны ішкен соң, бір сағат өтпей жатып шетімізден баудай 
түсіп құлағанымыз бар. Менің жағым қарысып, көзім тұнып кетті. Басым айналып, лоқси 
бердім. Әжемнің зәре-құты қалмады. Әрқайсысымыздың басымызды бір сүйеп зыр 


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет