Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет45/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Осылайша ол қолынан іс келетін икемді жігіттердің санатына қосылыпты. 
Сөйтіп жүріп ол екі жылдан соң жалданған үйдегі кіші кенаимды (жеңгей)... алып қашып, 
ізіне су құйып жоқ болыпты... 
Бапыш Термез қаласының маңындағы өзбек ауылында туады. Бапыш жетіге келгенде, 
Самарқанның салқын тауларының бөктеріне қоныс аударады. 
— Иә, балам, біз Құли деген ел боламыз. Атамекеніміз Алатаудың Ақсай-Көксай деген 
бөктерлерінің баурайында еді. Мыңбұлақ аталатын жайсаң жер еді ғой. Жазы салқын, 
қысы қатал келеді... 
Құлилардың ішінде біз Үсен деген тарауына жатамыз. Үсем болса Өтеулі, Батырбек, Әжі 
ұрпақтарына бөлінеді. Біз болсақ Өтеуліденбіз. Менің ағам Бабас дейтін кісі болған.Менен 
мүшел жас үлкен еді... Мен ағайыныммен араздасып жиырма бес жасымда осы жаққа 
ауып кеткенмін... 
Сендер менің бетімді жауып, асымды бергеннен кейін, сол елді тауып, үйірлеріңе қосылу 
жағын ойлаңдар, — деп қарт Қабаш көз жұмған екен... 
—Ол кезде менің кішкене бала кезім. Неге ренжіскендерін аңғара алмаппын. Қайдан 
білейін, — дейді Дәуренбай. 
— Мен онда жарық дүниеге келмеппін де... Ағайын арасында бола береді ғой, Қапеке, ол 
жағын қазбалай беріп қайтесіз... Құдайға шүкір, үйіріңізге бала-шаға, немерелеріңізбен 
топтана қосылып отырсыз, — депті менің әкем. 
— Әйтеуір маған бір жұмбақ, — депті Бапыш терең күрсініп. 
Жаңа туысқандар ұқыпты еңбекқор екен. Біздің ауылға тез сіңісіп кетті. 
Ыстықұл ауылсовет, аудандық советтерге қатысып, ел ішіндегі белгілі активтердің 
қатарында болып жүрді. Оның Оспан дейтін ұлы менімен түйдей жасты еді. Бірге өстік. 


71 
Әдеби KZ 
Әбдеш те өз қатарынан қалып көрген емес... «Жаңа туысқан» деген жанама ат бір-екі 
жылда-ақ ұмытылып еді. 
* * * 
Қабаштың басын «қасқалаған» Бабастың кенжесі Орманқұл еді. Ол Момынқұл, 
Құлжабайлармен құрдас екенін айттық қой. Атын атаған соң сол кісінің де құлағын аздап 
шулаталық. Орманқұл орта бойлы, ат жақтау, қалың қара қасты, мұнар көз, қыр мұрын, 
қара мұрт, қабасақал жігіт еді; Жалғыз аты жазатайымда мертігіп өліп, Орманқұл біздің 
ауылдың тілімен айтқанда пиязда кедейлік кешкеніне төрт-бес жылдай болған. 
«Атсыздың аяғы тұсаулы» дегендей, қу томар кедейдің өзі болғандықтан, ол жиын-тойдан 
қашқақтап, қыстауынан ұзай қоймайтын. Тұйық тірлік кешіп, көңіл көтерері жалғыз 
домбырасы еді. Жұрт аралап жұғымсыз боп та көрген емес. 
Біздің үйде көп жатып зеріккен Құлжабай басқа жегжаттарын аралаған соң қайта оралды. 
— Әдейі ымырт жабылғанда келді... Мына Орманқұлды біреу болмаса, біреу көрігі қала 
ма деп қара жолдан қайрылып орағытып жеттік, әпке, — деді әжеме күлімсірей қарап. 
— Жақсы бопты, шырағым. Келгендеріңе қуаныштымыз, — деді де апам енді 
Орманқұлға ойысты. — Апаң қалай, жақсы ма, қарағым? 
— Шүкір, әнеу күндері аздап тұмауратып еді, енді айықты. 
— Мына қақыраған қыста менің де оқта-текте түшкіріп-пысқырып қалатыным бар. 
Ондай-ондай бола береді. Апаңның амандығына шүкір, қарағым. Қысылмай- 
қымтырылмай жайбарақат жайғасып отырғын, шырағым. 
Сонан соң апам ошақ басындағы келініне тіл қатты: 
— Қазанға Орманқұлдың сыбағасын атап салыңдар. Тамақ алдындағы шайды 
тездетіңдер. 


72 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет