73
Әдеби KZ
саусақтарын ербеңдете жүгіртпейді. Арқасының құрысын жазғандай жұлқынып
сілкінбейді. Тұнық терең ой түбінде
мамырлап қалғып кеткендей, Бір күйді аяқтаған соң
алдындағы шайын ұрттап тыныс алды. Осы кезде Құлжабай желпіне сөйледі.
— Әй, мынауың сарқырап ағып жатқан Ақсай суының сарыны емес пе?
— Әй, мынауың Шақпақтың кейде байсал, кейде ызғарлы желі шығар?
— Әй, мынауың көкпардың қиқуы мен сайыс-тартыс дүбірі ғой.
— Әй, мынауың кешегі жұмадағы үлей-түлей ұйытқыған, ұлыған боранға ұқсайды, ей.
Орманқұл басын изеп үнсіз құптады.
— Қап, өлеңді жазып алуға болады, әнді тыңдап үйреніп алуға болады. Күйді жазып алуға
болмайды екен-ау, — деді санын соғып Құлжабай.— Әншінің даусы домбыраның көмейі
емес. Өлеңнің жолы домбыраның пернесі емес.
Күйдің үні — домбыраның төл меншігі... Оны күйшінің жүрегі ғана ұға алады, — деді
Орманқұл.
— Сенікі рас, Орманқұл, — деді Құлжабай ойлана отырып.
Қазақтың халық композиторларының нотадан хабары болмаған ғой. Олардың күйлері
дарынды шәкірттері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған. Күйді де
жазып алуға
болатынын тап сол кезде Орманқұл мен Құлжабай да, әжем мен әкем де,
мен де
білмеппіз ғой.
Енді ойлап отырсам, Орманқұл сөзсіз композитор болуы керек. Ол нота түгіл хат та
танымаған. Ол кедейліктің зардабынан жалғыз еді, саяқ еді. Қолы қысқалықтан қорынып
оның ұстазы да, оның ізін қуған шәкірттері де болған емес. Оның шығармалары өзімен
келіп, өзімен бірге кетті ғой, әттең...