Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет51/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Әжем күрсініп қойды. Қиялы әлдеқайда жетелеп кеткендей өз сезіміне кенеліп отырған 
сияқты. 
Апаларым мен жаққа ала көзбен қарап, жауығып алғандай. Өйткені әжем мен үшін, менің 
болашақ кербез келіншегім үшін оларды қосақтап күйеуге беретіндей көріп тұр. Мен 
болсам, оларды табалаған жанармен талап тастағандай маңғазданып киіз үйден шықтым 
да, ойнау үшін әуіт жаққа жүгіре жөнелдім. 
Күн ашық еді. Асқар таудың алып бейнелері айнадай таза судың түбінен көрініп тұр. 
Балшық илеп балалық ойынға беріліп кеткен екем. Кенет әлдебіреу өзім илеген 
балшығыммен өзімді төпеп, үсті-басыма жағып, бас-көзге қарамай жұмарлап, кез келген 
жеріме соққылап есімді кетірді. Не болғанымды білмей шыңғырып жіберіппін. Байқасам 
әрі ерке. әрі өжет, әрі намысқой, менен екі-ақ жасы үлкен ортаншы апам Әлиман екен. 
Мен долданып қуа жөнелдім. Кесекпен атқылап келем. Әлиман көйлегінің етегі 
далбаңдап безіп барады. Сол күйі үй төбесіне шығып, жиюлы тұрған пішенге жасырынды. 
сонда отырып мені мазақтайды. 
— Масқара-ай, албастыдай сауым-сауым, кір-қожалақ құбыжық ұсқынын қарай гөр. 
Көзінен сорасы ағып тұр. Тағы сұлу қызға үйленем дейді-ау! 
Сонан соң пішен төбесінде жатқан жарты қышты ұстап түсті. Кеудесін менменси тік 
көтеріп: 
— Есі болса, бірде-бір сұлу қыз саған тие қоймас, — деді. 
— Әжеме айтып сазайыңды тартқызармын. Сені өзі ақсақ, көзі көр, тісі кетік, мұрны 
пұшық, кемиек, басы таз сүмелек біреуге бергізермін, — деп дүниедегі ұсқынсыз нәрсенің 
бәрін асығып-үсігіп санап жатырмын. 
Шыдай алмаған апам: 


80 
Әдеби KZ 
— Ондайыңа бара қоймаспын. Басыңа шайнап жақ! — деп қолындағы кесегін маған қарай 
атып жіберді. 
Мен бұғып қалдым да шегіншектей бердім. Апам маған тигізе алмағанына ызаланып 
жұдырықты жаудырып жіберді. Қалай қарсыласарымды да білмей жанталасып 
жатырмын.Бұйығы әйел қауымымен алғаш рет осылай қақтығысып едім. Тұңғыш рет 
ортаншы апам өз ожданын қорғау үшін мен сияқты «қалыңмал иесімен» ашық айқасқа 
шыққанын көріп едім. 
Әжемнің айтқаны болды. Менің әпкелерімнің бәрі әже жолымен ұзатылып, қалыңмалға 
сатылды. 
* * * 
Үбиан жастайынан Шегір руынан Жарылқап байдың Мамыт деген баласына атастырылған 
екен. Олардың елі Шақпақ тауының етегінде еді. Жарылқаптың біздің Нығмет әулетіне 
жақындығы да бар көрінеді. Қыз беріп, қыз алысып отырған екі ел сүйек жаңғыртпақ 
болып Үбиан мен Мамытты атастырса керек. Жұт кезінде Жарылқаптар мал- мүліктен 
жұрдай болып, қаратаяқ кедейлерге теңескен екен. Содан көп ұзамай әкесі мен шешесі 
дүние салыпты да, Мамыт пен кіші інісі Нығмет байдың Сайлаубай деген үлкен баласының 
қолына келіпті. Мамыттың інісі менімен құрдас еді. Нығмет ұрпағы екі анадан 
тарағандықтан, бас қосып, екі топ боп аталатын. Бәйбішенің балалары «қара кемпірдің 
ұрпағы», тоқалдан туғандар «ақ кемпірдің немесе Анаргүл кемпірдің балалары» деп 
бөлінуші еді. Нығмет біткендер тумысынан іскеш, сақау тілді келетін. Мамыт солардың 
қолында жалшылық етті де. інісі байдың қозысын бақты. Нығметтерді мен біздің жайлауға 
көшіп келген жаздан бастап білемін. Ел басына ауыртпалық түсіп, арып-ашқан кезде 
нығметтіктер ауылға жоламай, алшақ жүруші еді. Енді еңсеміз көтеріле бастағанда, 
қайтадан іргелес бола бастапты. Байдың малы егінге, шабындыққа қырғидай тиіп, 
берекемізді ала берді. А л айда баяғыдай бай тізесі батып қалған кедейлер бұл басынуға 
бас көтере алған жоқ. Сырттай жек көріп, алыстан айбат шегумен шектеліп жүрді. 


81 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет