Әдеби KZ Ауылдың Жамақ деген адамы бар еді. Қылжақпас, жұртты әзілмен жазалауға жақын
жүретін кісі болатын. Жас ет аңсап, қалайда тіске басар табу керек деп ойлапты да, ол бір
күні қулық істепті. Асқабақтан бүркеншек бас киім жасапты да, көзі көретін, дем алатын,
тілі шығатын тесік ойыпты. Сонан соң ескі тонды теріс айналдырып киеді де, әр жеріне
сылдырмақ қоңырау іледі. Сөйтіп осынау албастыдай кейпімен бейіт арасына барып
жасырынып жатады.
Мезгіл бесін кезі болса керек. Анаргүлдің ұлы Дәулет түйе мініп диірменнен келе жатады.
Дәулет бейіт маңынан өте бергенде, Жамақ жалбыр тонын сүйретіп, қоңырауын
жаңғыртып, даусын дарылдатып шыққан екен.
Дәулеттің қорыққаны сонша, ес-түссіз түйеден құлап түсіпті. Жамақ жанына келеді де,
жағасынан алып бірнеше peт сілкілейді. Дәулет есін жия бастағанда, күңгірлек үнмен зекіп
сөйлейді.
— Мен де тілеулеріңді тілеп, әулеттеріңнің әулетті болуына ақ батамды арнап жүрген
әруақтарыңның бірі едім. Бірақ сендер байыған сайын бізді ұмытып барасыңдар. Әруаққа
атайтын жанды құдайыларың кеміді, біз ашығудамыз. Бүйтіп сараңдана берсеңдер,
сендерді әруақ атады. Біз сендерді қарғаймыз — малдарыңды арбаймыз, жандарыңды
жалмаймыз. Төбелеріңе құйын ойнатып, шаңырақтарыңды жерге түсіреміз. Ауыздарыңды
асқа жеткізбей, көздеріңді жастан кеткізбей қаңғыртып жібереміз. Осыдан үйіңе барған
соң, анау пірінен безген ата-анаң мен ағайындарыңа айт. Әруаққа атап бес мал құдайы
берсін. Құран оқытып, ауылдың тайлы-тұяғына дейін тегіс шақырып етін таратсын.
Әйтпесе ажалдарың да бізден, азаптарың да бізден...
Осыны айтып Жамақ зып беріп кетіп қалады да, Дәулет күн батқанда сүйегін әрең сүйретіп
үйіне келеді. Өңі құп-қу, қан-сөлсіз қалжырап түр. Тісі-тісіне тимей қалшылдайды. Жағы
қарысқандай жарытып сөз де айта алар емес. Ақыры бейіт арасынан әруаққа кездескенін
әрең жеткізіпті. Жаман соз жатсын ба, ауылдың өсекші әйелдері естігендеріне май құйып
маздатып, елге жая береді. Содан құдайыға мал сойылып, талай күн ел жиылып ет