Әдебиет теориясы. 1-том



Pdf көрінісі
бет179/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   369
Байланысты:
adebiyat teoriyası.1.

түйінді 
жаңа сыни
тəжірибе жүзінде қайта зерделеу қажет). Сыншылдық бірнеше жыл бұрын
əдеби шығармаларды олардың жанры мен түрлеріне сəйкес зерделеу үшін
пайда болды. Ол жеке құрушы болып көрінбейтін инварианттың
айналасындағы дұрыс өзгерістер ретінде мəтінде түрленетін қайталамалы
элементтерді бақылайды. Дегенмен математикада авторға тек атаулы
теоремалар, не болмаса, ережелер жиынтығында ғана сілтеме жасалып, ол
соншалықты маңызды бола қоймағанымен, биология мен медицинада автор
мен оның жұмыс мерзімін көрсету басқаша рөл ойнайды. Бұл – жай ғана
қайнаркөзді көрсету емес, белгілі бір уақыт мерзімінде, белгілі бір
зертханада жүргізілген тəжірибенің əдісі мен нысанына қатысты
«шындықтың» көрсеткішін ұсыну.
Автор функциясының үшінші сипаттамасы оның адамға қатысты дискурс
көрсеткіші ретінде кездейсоқ дами қоймайтынымен түйінделеді. Бұл,
негізінен, біз «автор» деп атайтын нақты саналы болмыс жүргізетін күрделі
əрекеттің нəтижесі. Сыншылар осы саналы болмысқа шынайы мəртебе,
өткір, дербес, «терең» мотив, «жасампаз» күш немесе «дизайн», яғни
шығармашылық жүзеге асатын орта қалыптастыруға талпынады. Дегенмен
автор деп атап отырған тұлғамыздың осы қасиеттері – біздің мəтін жазу
кезіндегі əрекеттеріміздің, өзіміз құратын байланыстардың, маңыз беретін
мəтін 
ерекшеліктерінің, 
біз 
шығармада 
қарастыратын 
уақыт
қатынастарының көріністері (
projection
). Осы əрекеттердің барлығы жасалу
уақыты мен дискурс түріне тəуелді. XVIII ғасырдағы «ақын», «романшы»
түсінігі қазіргіден өзгеше құралса, біз «философиялық шығармалардың
авторын» бүгін басқа үлгіде құрап жатырмыз. Алайда ғасырлар бойы автор
бейнесін жасаудың тұрақты қағидаларын іздеп таба аламыз.
Мəселен, қолданыстағы мəтіндер мен дискурстардан бастап, əдеби сында
қабылданған авторды анықтау тəсілі тікелей христиан дəстүрінен тамыр
тартып жатыр, яғни христиандар өз мəтіндерінде растау немесе терістеу
əдістерін пайдаланады. Мəтіндегі авторды анықтау үшін заманауи сын
мəтіннің құндылығын оның киелі сипатымен дəлелдеуге тырысатын
христиан экзегетикасының тəсілдерімен төркіндес амалдарды қолданады.


Əулие Иероним «Атақты ерлер жайлы»
 
(
De Viris illustribus
) еңбегінде
омонимиялар 
бірнеше еңбектің заңды авторларын даралау үшін жеткіліксіз
деп түсіндіреді. Ендеше, əртүрлі адамдар бір ныспымен жүруі мүмкін
немесе бір адам заңсыз түрде өзін басқа есіммен атауы ықтимал. Біз мəтін
дəстүрін зерттеумен шұғылданған кезімізде, мəтіннің белгілі бір автордың
туындысы екенін дəлелдеуге тек оның аты-жөнін ғана анықтау аздық
ететінін байқадық.
Олай болса, бірнеше дискурстың бір ғана авторға тəн екенін қалай
түсіндіруге болады? Сіз бір немесе бірнеше адамдардың мəтінін зерттеп
жатқан шығарсыз? Мұны анықтау үшін автор функциясын қалай қолдануға
болады? Əулие Иероним төрт өлшем (критерий) ұсынады: (1) егер бір
авторға тиесілі бірнеше кітаптың ішіндегі біреуінің мəні басқалардан төмен
болса, оны автордың еңбектерінің тізімінен сызып тастау керек (бұл жерде
автор құндылық деңгейі ретінде анықталады); (2) белгілі бір мəтіндер
автордың өзге еңбектерінде дамытылған қағидаларға қайшы келсе, оны да
еңбектер тізімінен алып тастау қажет (мұнда автор ұғымдық немесе
теориялық бірізділік аймағы ретінде анықталады); (3) аталмыш автордың
басқа дүниелерінде кездеспейтін сөз бен сөз тіркестерін қолданып, өзгеше
стильмен жазылған шығармаларды да алып тастау керек (мұнда автор
стильдік тұтастық ретінде анықталады); (4) мəтінде автор дүниеден
өткеннен кейін шыққан дəйексөздер, сөз орамдары, өткен оқиғалар мен
естеліктер ұшырасса, онда ол өңделген шығарма ретінде қарастырылуы
тиіс (автор мұнда белгілі бір оқиғалар тоғысындағы тарихи тұлға ретінде
айқындалады).
Заманауи əдеби сыншылдық қазір түпнұсқа мəселелерін қарастырмаса да,
авторды бəз-баяғы сипатында анықтайды. Автор ұғымы шығармада өтетін
оқиғалардың бұрмалануы мен түрленуін түсіндіретін негіздемеге айналды
(автордың өмірбаянын, дүниетанымын, əлеуметтік көзқарастары мен
шығарманың идеясын талдау арқылы). Автор ұғымы шығармашылықтың
белгілі бір тұтастығының ұстанымы негізіне де жатады; бір автордың
шығармаларындағы ерекшелік, негізінен, эволюция, жетілу, сыртқы
əсерлер арқылы түсіндіріледі. Автор ұғымы жекелеген мəтіндер арасында
байқалатын қайшылықтарды бейтараптандырады. Белгілі бір ойлау яки
сезім деңгейінде үйлесімсіз элементтер бір-бірімен қиысқанда немесе
қандай да бір бастапқы қайшылық төңірегінде шоғырланғанда автордың
санасы яғни түпкі ойы осы қайшылықтарды шешуге жұмылуы тиіс.
Тоқетері, автор – өз шығармаларында, нобайларында, хаттарында,


үзінділерінде т.б. тең дəрежеде көрінетін бейнелеу сипатының қайнар көзі.
Əулие Иеронимнің төрт өлшемі де (бүгінгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет