«Судья Эми»
драмасында Питер мен Джиллианның
қонағының балалы болу мəселесін көрсетуге екі маусым қажет болады.
Мұнда оқиға бірнеше шағын бөліктерге бөлініп баяндалған. Ұшқыш
оқиғасынан бастап, жасанды жолмен бала асырап алу оқиғасы, туған анасы
ойын өзгерткенде Недті жоғалтып алуы, мамыр айы бойы екінші маусымда
сүйіншілеп ұлды болғанға дейін осылай жалғаса береді.
42
Бұл өте ұзақ
арқау болғанымен де, ол маусым бойы созылған оқиғалармен қиысатын,
басқаруға оңтайлы бөлшектерге бөлінген.
Бірнеше эпизодтан тұратын маусым оқиғаларының актілері кейіпкер
арқауымен əркез дəлме-дəл сəйкес келе бермейді. Ал арқау идеясы
бойынша, əр кейіпкердің оқиғасы кез келген жерден басталып, аяқталуы
мүмкін. Белгілі бір себептермен сюжет пен кейіпкер бір-біріне тəуелсіз
болмаса, маусым актісі мен басты кейіпкерлердің арқауы арасында едəуір
ұқсастық болады. Бұған жоғарыда сөз болған
«Гилмор қыздары»
драмасының бесінші маусым эпизодындағы Роридің арқауы айқын мысал
бола алады. Маусымдық үшінші акт формасы Роридің Ханцбергерлер
əулетімен кездесуі арқылы анықталады. Жеке эпизодтар мəселе мен оның
шешімін қалай ұсынса, маусымдық актілер де солай əрекет етеді. Рори мен
Логанға не болмақ? Ханцбергерлер, Лорелай, Ричард жəне Эмили қалай
жауап береді? Бұл оқиғалардың салдары Роридің болашағына қалай əсер
етеді? Маусымдық финалда Рори Йелді тастап, ата-əжесімен бірге тұруға
бел буғанда, бұл сұрақтар шарықтау шегіне жетеді.
Кейіпкерлер өмірі бір-бірімен өзара байланысты, ал əр кейіпкердің
мақсаттары
басқа
кейіпкерлердің
мақсаттарына
сəйкес
қалыптасатындықтан, арқау формасы маусым барысында орын алатын
əрекеттер
формасымен
сəйкес.
Маусымның
3-актісінде
Лорелай
Гилмордың арқауы Роридікінен тəуелсіз болуы мүмкін жəне үнемі солай
көрінуі де ғажап емес. Себебі Лорелай қызына мүлдем қатысы жоқ біраз
жайтты басынан өткереді. Ол өзінің беймаза, өзімшіл əке-шешесімен
қандай қарым-қатынас жасауы керек? «Dragonfly» қонақүйін сатып, «Stars
Hollow»-дан кетуге тура келетін жұмысты өз мойнына алу керек пе? Оның
Люкпен арақатынасы не болмақ? Осы уақытқа дейін Люк Лорелайге
білдірмей, үйленуге ұсыныс жасап, екеуі өмір сүретін жаңа үй сатып алуды,
балалы-шағалы болуды жоспарлап жүрген. Сонымен, Роридің арқауы
Логанмен əрі сынақпен, Лорелайдың арқауы Ричардпен жəне Эмилимен,
«DragonFly» қонақүйімен һəм Люкпен тоғысуы екіталай.
«Баспананың бəрі үй емес»
(
A House Is Not a Home,
17 мамыр 2005)
маусымының финалында Роридің мектепті тастап кету туралы шешімін
Лорелайдың жеткізуі үшін бəрінің басы қосылады. Рориді Йельге қайта
оралуға көндіру үшін Лорелай ата-анасынан көмек сұрауға мəжбүр. Ата-
анасы Рори өздерімен бірге тұрса ғана көмектесетінін айтады. Бұл Лорелай
əкесі Ричард пен анасы Эмилимен ат құйрығын кесісу туралы ойынан бас
тарта ма деген ең басты сұраққа жауап береді. Бірақ ол бұл шешімі туралы
Люкке айтқан кезде, ол қаһарына мініп, Рориді ұрлап əкетіп, күнде
мектепке баруға мəжбүрлейді. Өзіне жəне Рориге деген қамқорлығы қатты
əсер еткен Лорелай маусым аяқталар эпизодта Люктен өзіне үйленуін
өтінеді. Бұл екінші жəне үшінші сұрақтарға шамалап жауап табуға жол
ашады: мысалы, бесінші маусымның соңында Лорелай қонақ үйін сатпай,
Люкпен қарым-қатынасы ол армандаған жаңа үй мен балалы болуға
жетпесе де, үйленуге дейін созылуы мүмкін деген болжам жасауға
мүмкіндік береді. Дегенмен осы пікірталастағы ең маңызды нəрсе əртүрлі
кейіпкер арқауларының бірлікте шешілгені болса керек. Роридің мектепті
тастауы, ата-əжесімен бірге тұру туралы шешімі жəне Лорелайдың Люкке
ұсыныс жасауы бір драмалық шиеленістің бойында жатыр. Роридің
əрекеттері Лорелайға, ол Люкке, ал бұл қайта Лорелайға əсер етеді.
Арқаулар біртұтас нəрсе ретінде шешілгендіктен, мамыр айындағы
эпизодтардың баяндалуын бір ізге түсіреді. Бірлескен арқаулардың бұл
үлгісі кез келген эпизодтағы əр алуан сюжеттерді, бір қарағанда, бір-
бірімен байланысы жоқтай етіп көрсетеді. Сайып келгенде, олар біртұтас
драмалық шешімнің бір бөлігі ретінде біріктірілуі мүмкін. ПТС формасы
қайтадан баяндау бірлігі мен келісімге ұмтылады.
Олай болса, баяндау сарынының бірлігі маусымдық актіден үлкен бе?
Тұтас маусымды баяндау сарынының бірлігі ретінде қарастырсақ қалай
болады? «Пластикалық ота» (
Nip / Tuck
, FX телеарнасында 2003 жылдан
бері көрсетіледі) мен «Л əрпінен басталатын сөз» (
The L Word, Showtime,
2004) секілді кабельдік драмалар баяндалуы бірізді болып қабылдануы
үшін олардың бір маусымы он үш эпизодтан құралған.
«Баффидың»
əр
маусымының кейіпкерлері «үлкен қырсыққа» ұшырап жүреді. Онда
маусымдық шиеленістер жетерлік. Бірақ əр маусымда «үлкен қырсық»,
кикілжіңдер болмашы қылаң беретін көптеген эпизодтарға бөлінген.
«24»
хикаясын өзінің терең тұжырымдамалы баяндау құрылымы негізінде
маусымдық деп пайымдауға болады. Бірақ
«24»
сегментінің конфликтілері
– субконфликтілер. Төртінші маусымның алғашқы бірнеше эпизоды
министрлер кабинетінің хатшысын өлтіруге оқталған əрекетті көрсетеді.
Бұл қылмыстың бетін қайтарғанда, кейіпкерлер ядролық шабуыл болғалы
жатқанын түсінеді əрі бұған жол бермеу үшін бар күшті сол жаққа
аударады. Оқиға осылай жалғасып кете береді. Олардың басты мақсаты –
лаңкестерді жеңу. Бірақ бұл басқа да шоу-бағдарламалар жасай алатын,
баяндаудың кішігірім бірлігін құрайтын қосымша міндеттер арқылы жүзеге
асады. Жалпы алғанда, маусым – баяндау бірлігінің кең тарқатылған түрі,
бірақ маусым қызған кезде белең алатын маусым актілері қатаң, жүйелі
сегменттер ретінде əрекет етеді.
Түрткі мен эпизод сынды арқаулардың өз функциясы мен тиімділігі бар.
Бұлар – оқиға материалын жүйелеп, мағыналы біртұтас дүниеге
айналдырудың бір амалы. Материалды жұмсартатын арқаулар мен маусым
актілері түрткі һəм эпизодтан кем түспейтін баяндау өндірісінің жарнамаға
бағытталған өнеркəсіптік контексінің өнімі саналады. Олар, телевизиялық
желіге қажет жағдайда, апта сайын көрермен тамашалауын көңілге
қонымды етудің жəне рейтингті барынша арттырудың құралы. Олар
кейіпкерге деген қызығушылық тудыратын, аудиторияны күрес пен
ашылымдарға
(
discoveries
),
телевизия
достарының
өмірі
мен
сүйіспеншілігіне һəм максималды формалық бірлікке ынтықтыратын
эстетикалық функциялармен байытылады. Телевизиялық əңгімелеудің
барлық деңгейін қатар алып қарағанда, оның ішіндегі ең үлкені
макродеңгей болғандықтан, аудиторияны барынша қуантуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |