образға, идеяға, сөзге, яғни таза менталды объектілерге айналады. Тұтастай
алғанда, менталды объекті ретінде тіршілік ету үшін олар нақты объекті
кейпінде өмір сүруден бас тартуы тиіс.
Бұл, бір жағынан, өкінішке алып келеді. Өйткені ақиқатты тікелей
қабылдауымды кітап сөздерімен алмастырған сəттен бастап, құдіреті
жойқын қиял күшіне қол-аяғыммен маталып мойынсұнамын. Жоқ нəрсеге
деген сенімімді көрсету үшін бар дүниелермен қош айтысам. Мен өзімді
ойдан шығарылған болмыстармен қоршаймын, тілдің құрбанына айналам.
Мұның тұтқынынан аман қалу мүмкін емес. Тіл мені осы жалған қырымен
қоршап алады.
Бір жағынан, шындық тілі арқылы ойдан шығарылған балама күйге
трансмутациялану теңдессіз артықшылыққа ие. Қиял-ғажайып əлемі
объективті ақиқат əлеміне
қарағанда, шексіз икем мен бейімделгіш
қасиетке ие болып келеді. Ол кез келген қолданысқа икемді; сананың
телігіш беймаза күйіне деген қарсылығы болымcыз. Оның барлық
артықшылықтарының ішіндегі ең тартымдысы,
менің пайымдауымша,
тілмен өрнектелген ішкі əлемі. Бұл, басқалар ойлағандай, маған
соншалықты кереғар емес. Олардың өзім сөз арқылы байқайтын объективті
көрініс болудан шеттетілмеген менталды формаларым екені де күмəнсіз.
Бірақ олар жайлы ойланатын менің санаммен салыстырғанда, табиғи емес
сияқты. Бұлар объектілер, бірақ субъектіге айналған объектілер. Қысқасы,
мұның бəрі тілдің араласуының арқасында санамның бір бөлшегіне
айналғандықтан, субъект пен оның объектілері арасындағы қарсылық
айтарлықтай əлсіреген. Сондықтан əдебиеттің ең басты артықшылығы
мынау
–
мен
сана-сезімім
мен
оның
объектілері
арасындағы
сəйкессіздіктен туатын алаң көңілден арылғанмын.
Бұл – менің ішкі əлемімде оқу əрекеті арқылы жүзеге
асқан таңғажайып
трансформация. Бұл, оқып жатқан кітабымды қоса алғанда, мені айнала
қоршаған физикалық объектілердің жойылуына ғана жеткізбейді, сонымен
бірге ол менің сана-сезіміммен бірігіп, осы сыртқы объектілерді менталды
объектілер шоғырына айналдырады. Дегенмен қазір осы объектілеріммен
бірге өмір сүру мүмкіндігі маған қиындықтар туғызады. Олардың ішіндегі
ең қызығы мынадай – мен өз ойындағы объектілер сияқты болу қолынан
келетін біреумін. Бұл – ойлар мен оқитын кітаптардың бөлшегі, түптеп
келгенде, осы ойлардың өзі басқа біреудің ойынан туған дүниелер болып
шығады.
Бұл ойлар басқа біреудікі, бірақ бəрібір де мен олардың
субъектісімін. Жағдай жоғарыдағыдан да күрделі һəм таңғаларлық. Мен
басқа біреудің ой-пікірі жайлы ойланамын. Əрине, егер мұны басқа
біреудің ойы деп ойласам, таңғалуға ешқандай да себеп болмас еді. Бірақ
мен мұны дəл бір өз ойымдай көрем ғой. Бұл жерде өзін ойында (осы ойлар
ағысын қабылдаған сəтте) сезінетін «мен» бар, бұл ойлар басқа жақтан
келген болуы мүмкін, бірақ ол ойларды ойлаған сəтте өзінікі сияқты
қабылдайды. Дидроның «Менің ойларым – менің сайқалдарым» (
Достарыңызбен бөлісу: