Әдебиет теориясы. 1-том


Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру



Pdf көрінісі
бет3/369
Дата04.09.2023
өлшемі5,33 Mb.
#106019
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   369
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
» 
атты еңбегінен


Мазмұны
Алғы сөз
Теорияның қыcқаша тарихы
БІРІНШІ БӨЛІМ

Орыс формализмі. Жаңа критицизм. Поэтика
.
БІРІНШІ ТАРАУ

Кіріспе

Формализм

Джули Ривкин мен Майкл Райан
ЕКІНШІ ТАРАУ

Өнер тəсіл
 
ретінде

Виктор Шкловский
ҮШІНШІ ТАРАУ

Формалистік сын

Клинс Брукс
ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Китстің «Орман тарихшысы»: сілтемесіз тарих
.
Клинс Брукс
БЕСІНШІ ТАРАУ

Əдейі қателесу

Монро Бердсли мен У.K. Уимсат
АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Əдейі бөлінген:
 
поэзия, телехикая жəне маусым
.
Шон О’Салливан
ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Поэзия оқудың құралдары

Герман Рапапорт
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Тəжірибе жүзіндегі теория.
 
«Ерніне оның
қараңдаршы»: «Король Лирдегі» дауыс биязылығы мен кейіпкерлер
жүйесі

Майкл Холахан
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

Тəжірибе жүзіндегі теория. Романтикалық
риторика (Елизабет Бишоп: тілді түрлендіру)

К.К. Дорески
ЕКІНШІ БӨЛІМ

Структурализм. Лингвистика. Нарратология
БІРІНШІ ТАРАУ

Кіріспе

Болжалды тəртіп: структурализм

Джули
Ривкин мен Майкл Райан
ЕКІНШІ ТАРАУ

Тілдік негіз

Джонатан Куллер
ҮШІНШІ ТАРАУ

Жалпы тіл білімі курсы

Фердинанд де Соссюр
ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Мифті құрылымдық тұрғыда зерттеу

Клод Леви-
Стросс
БЕСІНШІ ТАРАУ

Мифология

Ролан Барт
АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Романдағы дискурс

Михаил Бахтин
ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Автор дегеніміз не?
 
Мишель Фуко
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Сценарийлер, желілер мен əңгімелер:
постклассикалық нарратология элементтері

Дэвид Херман
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ
 
Түрткіден арқауға дейін: телевизиялық
баяндаудың поэтикасы

Майкл Ньюман


«Түрткіден арқауға дейін»
Постскриптум 2015

Майкл З.Ньюман
ОНЫНШЫ ТАРАУ

Тəжірибе жүзіндегі теория. Жеңілдету əдістері:
«Король Лирдегі» сюжет астары

Бриджет Геллерт Лайонс
ОН БІРІНШІ ТАРАУ

Тəжірибе жүзіндегі теория. «Құштарлық»
оқиғалары: эмпирикалық зерттеу

Бриджет Сьюзан Логафер
ҮШІНШІ БӨЛІМ

Феноменология. Қабылдау. Этика
БІРІНШІ ТАРАУ

Кіріспе. Білім ахуалы / басқалармен қарым-қатынас
.
Джули Ривкин мен Майкл Райан
ЕКІНШІ ТАРАУ

Трансценденталды эстетика

Иммануил Кант
ҮШІНШІ ТАРАУ

Оқу феноменологиясы

Жорж Пуле
ТӨРТІНШІ ТАРАУ

Əдеби мəтіндерді қабылдау жəне туындыларды
теориялық тұрғыдан талдау, зерттеу мен оқыту

Кетлин Маккормик
БЕСІНШІ ТАРАУ

Айырмашылық

Пьер Бурдье
АЛТЫНШЫ ТАРАУ

Этика мен Келбет

Эммануэль Левинас
ЖЕТІНШІ ТАРАУ

Левинас жəне əдеби түсіндірме: Бодлердің «Кедейдің
көзі» туындысы

Куизма Корхонен
СЕГІЗІНШІ ТАРАУ

Адамзатты өркендету: нарратив қиялы

Марта
Нуссбаум
ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ

Тəжірибе жүзіндегі теория. Байланыс пен
жауапкершілік: «Король Лирді» Левинасша талдау
.
 
Кент Ленхоф
ОНЫНШЫ ТАРАУ

Тəжірибе жүзіндегі теория. Сəби немесе скрипка:
Элис Манро əңгімелеріндегі этика мен əйелдік қасиет

Наоми
Моргенштерн
ГЛОССАРИЙ


Алғы сөз
Бұл кітапты жазу идеясы дəрісханадан басталғанын іштей болжап
отырған боларсыздар. Біз қазіргі əдебиет теориясы курсын соңғы жиырма
жыл бойы оқытып келеміз. Осы уақыт аралығында жинақтаған ортақ
тəжірибеміздің нəтижесінде курсымызға қазіргі бар антологиялардың
ешқайсысы құрылымдық тұрғыдан сəйкес келмейтініне көз жеткіздік.
Жүйесіз құрастырылған үзінділерді шынайы антологияға айналдыру, бір
жағынан, оқыту əдістемеміздің табиғи түрде жетілуімен байланысты болса,
екінші жағынан, жүйелеу мен ғылыми тұрғыдағы негіздеу нəтижесіне
жүргізген күрделі зерттеу жұмыстарының ықпалы зор болды. Бұл кітаптың
тұсауы дəрісханада кесілгенімен, алдағы уақытта қолданылу өрісі өзінің
кең шалқарын табатынына, біздің оқыту əдістеріміз мүлде бөлек курстар
мен үлкен аудиториялардың да қажетіне жарайтынына шүбə келтірмейміз.
Іріктеп алынған тақырыптар кез келген курстың мазмұнын толықтырып,
оларды ғылыми тұрғыдан байытуға арналған.
Аталмыш еңбектің көлемді болуы осы уақытқа дейін жинақталған
тəжірибеміздің 
қомақты 
қорытындысы 
деп 
білеміз. 
Біз 
əдебиет
теориясының антологиясы тек «Жаңа критицизмнен кейінгі» (
After the New
Criticisim
) кезеңді сипаттайтын теориялық пайымдаулар мен тəсілдердің
жиынтығын ғана емес, қазіргі əдебиет теориясы деп қабылдап отырған
кезеңді түгел қамтуы керек деген ойды басшылыққа алдық. Осы шешімнің
нəтижесінде структурализм, постструктурализм, постотарлық, психоанализ
сияқты аса ауқымды мəселелер аталмыш антологияның құндылығын
арттырып, теориялық мəселелерді жан-жақты қамтыған оқулық ретінде
түрлі курстарда тиімді қолданылатынына сенімдіміз.
Антология америкалық жəне орыс формализмінен басталады. Оның
құрылымы жартылай хронологиялық əрі жартылай эвристикалық сипатта
берілген. Біз теорияға кіріспес бұрын студенттердің теориялық деңгейіне
сүйене отыра, формализмді америкалық жаңа критицизм ұғымында
қабылдаймыз. Аталмыш тақырып студенттерге əдеби талдаудың негізгі
əдісі – «мұқият оқу» (
close reading
)
 
түрінде оқытылады һəм олар осы
тəжірибе арқылы формалистермен жақын танысуға мүмкіндік алады. Бұл
тəжірибенің Мольердің «Тоғышар ақсүйек»
 
(
Le Bourgeois Gentilhomme
)


комедия-балетіндегі М.Журденнің бейнесі сияқты өзіндік бітімі бар. Жаңа
критицизм тəжірибелерінің теориялық алғышарттарымен таныса отырып,
оны тарихи негізде емес, теориялық тұрғыда орыс формализмінің
өкілдерімен 
сабақтастыра 
қарастыру 
– 
«теорияның» 
тиімділігін
арттырудың бірден-бір қолайлы тəсілі.
Бұл басылымда барлық бөлімдерге айтарлықтай өзгерістер енгізілді:
олардың аражігін қалай ажырату керек, қандай шартты белгілерді қолдану
тиімді жəне кейбір жағдайда қалай таңдау жасау қажет дейтін мəселелер
төңірегіндегі жұмыстарды теориялық тұрғыдан тиянақтау оңайға түскен
жоқ. Себебі аталмыш мəселелерді негіздеп, жүйелеу жайы тəжірибелік
бағдарға құрылған. Мысалы, Деконструкция
 
(
Deconstruction
) кезеңі 1970–
1980 жылдары АҚШ-тың əдеби сын тарихында елеулі орын алғанына
қарамастан, біз оның тарихи əрі интеллектуалдық түп-төркінін ескеріп,
француз контексімен байланыстыруды жөн санадық. Осыған байланысты,
сіз Дерриданы Делөз бен Гуаттариден, Бодриарды «постструктурализмнің»
арасынан табасыз. Теорияның кейбір түрлерін жүйелеу барысында,
мəселен, гендерлік тұрғыдан жіктеуге қатысты тиянақты жауап табу оңай
болған жоқ. Əрқайсысы өзіндік классикалық мəтіндерін қалыптастырып
үлгерген кез келген теориялық жобаға жеке бөлім арнауға болар еді.
Дегенмен осындай үдеріске қатысу – антологияның басты мақсаттарының
бірі, сондықтан біз дəстүрден тыс əрі жаңа теорияларды да кеңінен
қамтуды жөн көрдік. Сол себептен, кейбір бөлімдеріміздің атауы бірден
ұғынықты болмауы, тіпті құлаққа тосаң естілуі мүмкін. Аталған мəтіндерді
антологияға енгізу арқылы, оны мүмкіндігінше, қазіргі заманға лайықтап,
өзіміз сүйенген ережелерге қатысты пайымдарымызды барынша тиянақтап,
жүйелеуге 
баса 
мəн 
бердік. 
Осылайша 
жүйелеу 
арқылы 
оқу
дəрісханаларында қандай дүние қызықты əрі пайдалы болатынын
байыптауға тырыстық.
Жаңашылдықты басты мақсат ете отырып, осы кезге дейін антологияға
енбеген шығармаларды молынан қамтып, мейлінше іріктеп, үзінді ретінде
бердік. Біздің ұстанымымыз діттеген шығармалардың өзегіндегі негізгі
ойды аңдатуға назар аударуымен ерекшеленеді. Осы мақсат жолында
оқырман қажет деп санаған кейбір мəтіндерді құрбан еткен болсақ та,
біздің таңдауымызға іліккен үзінділеріміз, қалай болғанда да, келешекте
терең зерделеуге жол ашатын басты шығармалармен танысуға мүмкіндік
туғызады деген үміттеміз. Мəтін құрылымына енген осындай оғаштау
көрінетін қысқартулар үшін алдын ала кешірім сұраймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   369




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет