Тармақ - өлең жолдары, өлеңнің әр тарамы. Қазақ өлеңдері тармақ жағынан 4-тен жоғары болады.
4 тармақты өлең: Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?
(«Шәкірт ойы» С.Торайғыров)
6 тармақты өлең: Жарық дүние-ай,
Жаным-ай менің,
Ғажапсың!
Ғажапсың, шіркін!
Амал не, тезсің,
Аз-ақсың...
(Мұқағали Мақатаев)
9 тармақты өлең: Сен менің өзімді көрсең,
Тұрысым осы менің.
Ал мендегі ғаламат сезімді көрсең
Шошыр едің!...
Сен онда ойланар ең,
Мен болып сезінер ең,
Мен болып көз ілер ең,
Жеткізе алмас ең бұны
Адамның сөзіменен.
(Төлеген Айбергенов)
Көркемдік теориялық ұғымдар қазақ әдебиеті тіліндегі тәсілдердің барлығымен дерлік жасалып, ерекше көркемдік, бейнелік мәнге ие болған. Көркемдік жасауда жоғары эстетикалық талғам,көркем ой орамынан туған бейнелеуіш құралдар сонылығымен таңдандырмай қоймайды. Бәрі идеялық-эстетикалық мақсатқа қызмет етіп әсем үйлесім табады.
Пайдаланған әдебиеттер: З. Қабдолов “Сөз өнері”. Алматы. Санат.2002
2. А. Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш”. Алматы. Атамұра.2003.208 б.
3. Қ. Жұмалиев “Әдебиет теориясы”. Алматы. Мектеп.1968.243 б.