1.ТРОП (ГР-ИІН, ИІРІМ) –СӨЗДЕРДІ ТУРА МАҒЫНАСЫНДА ЕМЕС, БҰРМА МАҒЫНАСЫНДА ҚОЛДАНУ,ШЫНДЫҚТЫ БЕЙНЕЛЕП, КЕЙДЕ ТІПТІ ПЕРНЕЛЕП ТАНЫТУ, ОЙДЫ ӨЗГЕРТІП, КЕЙДЕ ТІПТІ ӨҢІН АЙНАЛДЫРЫП АЙТУ.
1.МЕТАФОРА
2.КЕЙІПТЕУ
3.АЛЛЕГОРИЯ
4.СИМВОЛ
5.МЕТОНИМИЯ
6.СИНЕКДОХА
7.ИРОНИЯ
8.САРКАЗМ
9.ГИПЕРБОЛА
10. ЛИТОТА
11.ГРОТЕСК
12.ТАБУ
13.ЭВФЕМИЗМ
14.ПЕРИФРАЗ
МЕТАФОРА
МЕТОФОРА (АУЫСТЫРУ) – СӨЗ МӘНІН ӨҢДЕҢДІРЕ ӨЗГЕРТІП АЙТУ, СУРЕТТЕЛІП ОТЫРҒАН ЗАТТЫ НЕ ҚҰБЫЛЫСТЫ АЙҚЫНДАЙ, АЖАРЛАНДЫРА ТҮСУ, ОЛАРДЫ ӨЗДЕРІНЕ ҰҚСАС ӨЗГЕ ЗАТҚА НЕ ҚҰБЫЛЫСҚА БАЛАУ, СӨЙТІП СУРЕТТЕЛІП ОТЫРҒАН ҚҰБЫЛЫСТЫҢ НЕ ЗАТТЫҢ МАҒЫНАСЫН ҮСТЕУ, МАЗМҰНЫН ТЕРЕҢДЕТІП, ӘСЕРІН КҮШЕЙТУ.
Жастықтың оты, жүректің көзі, дүние есігі, өмірдің өрі.
А.Құнанбаев.
Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін?”
(М.Мақатаев).
Кейіптеу
Кейіптеу - жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан иесіне ұқсатып, жандандыра, құлпыра суреттеу тәсілі.
Жел - тым тентек бір бала, Жан сүйгені - cap дала, Дамыл алмай жүгіред. Ерні өтірік қыбырлап, Сыр айтқан боп сыбырлап, Кейде аң боп өкіред. Желге еш нәрсе тең емес, Тау да жолын бөгемес, Сақ-сақ күліп секіред. Жүйрік желім тым сотқар, Біреу бетін жапса егер, Әдейі бетке түкіред.
М.Жұмабаев “Жел”
Аллегория
Пернелеу – мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселеркәдімгідей көзге көрінердеректі нәрселерге ауыстырылады.
Айталық, қулық,зорлық, қастық деген ұғымдарды дәл осы қалпымен түінгенмен,көзбен көру қиын.
Мысалы: С.Дөнентаевтың “Ауырған арыстан” мысалы.Бейбітшілікті көрсету үшін – көгершін.
Символ
Астарлау – бір нәрсені, не құбылысты тура суреттемей,бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге,не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
ҚАРАҢҒЫЛЫҚ ҚОЮЛАНЫП КЕЛЕДІ Қараңғылық қоюланып келеді, Пеш ішінде шоқ ақырын сөнеді. Күлімсіреп жанымдағы жас бала, Қызық көріп сөнген шоқты үреді. Шоқ үстінен кішкене ұшқын ұшты да, Біразырақ шоқ қызара түсті де, Дереу сөніп, тезірек күлге айналады, Астындағы ыстық күлді құшты да. Пеш ішінен шоқ ақырын сөнеді, Сөнген шоқты үріп, бала күледі. Ой басты ма? Әлде көзім талды ма, Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді.