«Әдебиет теориясының эстетикамен тығыз байланысын анықтаңыз» Орындаған: Зинулаева Ж. Б тексерген: Жанузакова К. Т



бет1/2
Дата20.01.2023
өлшемі29,24 Kb.
#62137
  1   2
Байланысты:
1 тапсырма


Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті


Тақырыбы:
«Әдебиет теориясының эстетикамен тығыз байланысын анықтаңыз»

Орындаған: Зинулаева Ж.Б
Тексерген: Жанузакова К.Т

Алматы 2023 жыл



Әдебиет теориясының эстетикамен тығыз байланысын анықтаңыз
Әдебиет – сөз өнері. Әдебиет өмір шындғын сөз құдіреті мен адам тағыдыры арқылы көркем бейнелеп танытатын өнердің түрі. Өмір шындығы, болмыс бояуы саналуан әрі күрделі болғандықтан, оны әдебиетте бейнелеудің формалары мен тәсілдері де біреу емес, түрліше болып келуі заңды. Бұл әдеби тәсілдердің, формалардың пайда болуы мен қалыптасуы адамзаттың қоғамдық, көркемдік – рухани тарихымен тығыз байланысты. Жанрдың тарихи категория екендігі осыдан шығады.
Көне грек дәуірінде-ақ әдебиеттің үш негізгі тектері: эпос, лирика, драма пайда болды. Сонымен әдебиет үш текке бөлінеді. Лоар эпос, лирика, драма. Ал осындағы тек, түр, жанр терминдерінің мағына-мәні қолдану аясы қандай.
Көркем әдебиет – арнасы кең, көп салалы өнер. Әдебиет туындыларының құрылыс-қалпы, мағыналық сыйымдылығы, көркемдік сипат-белгілері әр алуан бола береді. Сондықтан әдеби шығармалардың жүйесін тауып жіктеп-топтауға, түр-түрге бөлуге үлкен мән беріледі. Көркем шығармаларды тегіне қарай және бітімі тұлғасы, өмірді бейнелеу өзгешелігі жағынан жіктеп-ажыратып бөлу негізінде жанр деген ұғым қалыптасқан.
Әдеби жанр(француз тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманың түрлері - әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия т.б.
Әдебиеттің тегі – жанр әдеби шығарма – жанрлық түр деп танылып жүр. Түр дегенде біз эпикалық, драмалық немесе лирикалық шығармалардың белгілі бір формасын, үлгісін ұғамыз. Сонда, мысалы, эпосты – жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге – очерк, новелла, оқиғалы өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге – повесть, поэма; ал кең көлемді эпикалық түрге - роман, эпопия тәрізділер жатады.
«Эпос жанр» десек, мұнда «жанр» термині «тек» мағынасында қолданылып жүр. Әдетте «эпостық тек» деп те, «Эпос жанр» деп те айтыла береді. Ал, «әңгіме эпос жанрына жатады» дегенде терминнің мағынасы түр деген ұғымды білдіріп тұр. Мұны «әңгіме эпостық тектің бір түрі» деп те айтуға болады.
Сонымен, әдебиеттің тектеріүшеу де, жанрлық түрлері сан алуан.
Эпостық жанр немесе эпикалық тектің түрлері сан алуан: аңыз, ертегі, мысал, очерк, әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэма, повесть, роман және роман эпопея.
Эпостық туындылар көркем қара сөзбен де, өлеңмен де жазылады. Мұнда өмір шындығы негізінен уақиғалы баяндау арқылы көрсетіледі. Уақиғалар, кейіпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болтын объективті болмысқалпында алынып, бейнеленеді, жазушы тек баяндап жеткізуші ретінде көрінеді. Бұл жанрдың шығу тегі ауызша поэзиядағы халықтық жыр, эпостық жанрдың роман, повесть, әңгіме сияқты түрлері және сюжетті поэманың жаңа түр пайда болды.
Алдымен шағын көлемді жанрларға тоқталсақ,.. Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шаған көркем шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау әсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Бұл жанрдың жеңілдігін емес, қиындығын көрсетеді. Автор уақыт жағынан мейлінше қысқа мерзім ішінде кейіпкерлер өміріндегі беру де болса, бірегей оқиғаны баяндау арқылы оқырманға адамдық болмыс-бітімін айқындап беруі керек.
М.Горкий «шынында жазу өнеріне шағын әңгіме арқылы төселу керек, өйткені ша,ғын әңгіме авторды сөзді үнемдеп қолдануға, оқиғаны қою етіп көрсетуге үйретеді» дейді. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.
Қазіргі реалистік әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы нетүрлі ауызша әңгімелер туғызып отырған. Одан бергі қазақ әдебиетінде Ыбырайдан бастап, Майлин, Әуезов, Аймауытов, Мүсіреповтың әңгімелері белгілі. «Қыпшақ Сейтқұл», «Шұғаның белгісі», «Қорғансыздың күні».
Әңгімемен көлемі, құрылысы, мазмұны, кейіпкері тануы жағынан алуандас болғанымен, одан өзіндік бірер ерекшелігімен оқшауланатын шағын эпостық жанрдың бірі новелла (итальян сөзі - жаңалық). Новелла – көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы – онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Оқиға желісі таң қаларлықтай қызықты етіп өріледі және тосын күтпеген жерден аяқталады. Гетенің «новелла адам естімеген әрі айырықша оқиға туралы шындыққа сай әңгіме» деуі өте орынды.
Батыс әдебиетінде Дж.Бокачо, Т.мериме, Г.Мопассан, орыс әдебиетінде Гоголь, А.Чехов – новеллалары – осы жанрдағы үздік туындылар. М.Ю.Лермонтов новелла үлгісіндегі жазылған. «Тамбов қазынашысы» деген поэмасының арқауы – атты әскер офицері қаладағы мекеменің қазына сақтайтын қызметшісімен карта ойнап, оның әйелін ұтып алғаны жайлы оқиға. Қазақ жазушыларынан бұл жанрда елеулі еңбек еткен Ғ.Мүсірепов, С.Ерубаевтан басталады. Ғ.Мүсіреповтың анна туралы новеллалары «Ашынған ана», «Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Ақлима» төл әдебиетіміздегі осы жанрдың озық үлгілері санатында.
Поэма – эпикалық жанрдың орта, көлемді түрі / грек – туынды, шығарма деген мағынада/. Поэма – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма. Сюжет ті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді, ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады, көлемі жағынан шағындау болады. Туу, даму тарихы тұрғысынан қарағанда поэманың әдебиетте қалыптасқан негізгі екі үлгісі бар. Оның біріншісі – түп негізі көне дүние әдебиетінде туып, жетілген гректердің халық эпосы «Илиада» мен «Одиссея» мен халықтардың ауыз әдебиетінде кеңінен орын алған дәстүрлі батырлар жыры, уақиғалы эпостық поэмалар. Мыс, «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Манас жыры» т.б. Екіншісі – жазба әдебиетте кездесетін, өлеңмен жазылған сюжетке құрылған көлемді шығармалар. Мәс, Абайдың «Ескендір», Мағжанның «Батыр Баян» атты т.б. поэмалары. Қазақ әдебиетінде поэма әбден қалыптасқан, Жан-жақты дамыған жанр.
Орта көлемді эпикалық түрге жататын повесть көһлемі мен мазмұны, құрылысы жағынан өзгеше жанр. Повесть (орыс. баяндау) – оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма, эпикалық жанрдың орташа түрі. Көлемі жағынан повесть кейде ұзақтау келіп, кішігірім романға жақындаса да, ол композициялық құрылысының жинақылығы, оқиға желісінің біркелкі өрістеп, байсалды түрде баяндалатынымен ерекшеленеді. Жалпы кез-келген әдеби туындылар секілді повеске де бір өлшеммен қарауға болмайды. Қазақ әдебиетіндегі М.Әуезовтың «Қараш-Қараш оқиғасы», «Қилы заман», Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» Ж.Аймауытовтың «Күнекейдің жазығы» Ш.Айтматовтың «Жәмилә», «Құс жолы» повестері – үздік көркем туындылар. Сондай-ақ аға буын жазушылармен бірге қазақ повесін С.Мұратбеков, С.Жүнісов, Ә.Кекілбаев, Ә.тарази, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Д.Досжанов, О.Бөкеев, Д.Исабеков т.б. қаламгерлер дамытты.
Эпикалық жанрдың ең күрделі, жоғары түрі – роман. Роман (француз, неміс- орта ғасырларда латын тілінде емес, роман тілінде қарасөзбен жазылған шығармаларды атаған. Кейін келе-келе тілдің атауы ғана қалып, сюжетті кең көлемді, баяндауға құрылған шығармаларды роман деп атайтын болған. Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, Жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытта, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Роман жанрының басталуы ежелден бері, сондай-ақ орта ғасырлардан өрбіген деп саналады. Оған дәлел антикалық дәуірдегі Апулейдің «Дафнис және Хлоя», Петорнидің «Сатирикон» және рыцарлық роман ретінде Эшенбахтың «Тристан мен Изольда» шығармаларында романның кейбір белгілері болғаны айтылады. Осындай туындылар кейінгі кезеңдегі роман жанрының табиғатына жақындайды.
Бірақ ежелгі дәуірдегі аталмыш шығармалардан романға лайық мазмұндық және формалық шарттарды толық табу қиын. Романның нақты көрінуі Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде байқалады.
Ол кезеңде роман жекелеген кейіпкерлер өмірін арқау еткен эпос секілді еді. Эпоста көсемдер, әскербасылар, ел басқарушылар туралы немесе басқа да тарихи және аңызға айналған қаһармандар туралы баяндалатын. Ал романда қарапайым адамдардың тағдыры, іс-әрекеті айтылады. Эпоста кей-кейде ойдан шығарылған оқиғаларға арнап қалам тартқан. Сондай-ақ эпос кең халықтық өмірді қамтысы, роман өз кезеңінің , өз уақытының нақты тарихи оқиғаларын сөз еткен. Эпоста көбіне батырлық характерлер берілсе, романда кәдімгі болған жайлар айтылып отырады.
Сөйтіп бұрынғы эпостар көлемді жанрлар немесе шағын комедиялық жанрлар болып келсе, енді орталық жанр – роман әдебиетте өз жаңалығымен пайда болады. Романның көркем табиғаты туралы Гегель және басқалар пікір айтқан.
Роман кейіпкері неізінен қоғам өмірімен байланыста алынады. Сөйтіп, ол кейіпкерлер арқылы жалпы қоғамдық-әлеуметтік өмірдің қыр-сырын, асипатын байқау қиын емес. Мәселен, Сервантестің, Бальзактың, Флобердің, Стендальдің, Диккенстің, Толстойдың, Тургеневтің т.б. романдарында кейіпкерлер арқылы заманның, қоғам өмірінің терең қатпарлары ашып көрсетіледі. Сондықтан да роман жаңа кезеңнің эпосы секілді. ХҮІІ ғасырдың соңына қрай психологиялық проза дамыды. Ал одан бұрын ХҮІ ғасырда мемуарлық әдебиеттің пайда болуы романның қалыптасуына едәуір әсер етті. Оларда жолсапар жағдайлары және басқа да өмірбаяндық оқиғаларға қатысты нәрселер баяндалып отырады. Айталық Д.Дефоның «Робинзон Крузосы» осының айғағы.
ХҮІІІ ғасырда роман екі бағытта: бірінші - әлеуметтік, тұрмыстық, екінші психологиялық бағытта көрінді. ХҮІІІ-ХІХ ғасырларды әдебиеттің романтикалық характері романға басқаша ықпал етті. Дегенмен сол кезде тарихи роман формасы жетіледі. Скотт, Гю№го, Гоголь романдары бұған дәлел. Сондай-ақ Х!Х ғасырда романның классикалық түрлері пайда бола бастады. Стендаль, Лермонтов, Бальзак, Диккенс, Тургенов, Мопассан жер жүзілік аренаға шықты.
Ал ХІХ ғасырдың екінші жартысында орыс романдары – Толстой мен Достоевскиийдің туындылары әдеби творчествоға айырықша әсер етті. ХІХ ғасырды орыс әдебиетінің алтын ғасыры деп атаулының негізгі бір себебі осы роман жанрдың өркендеуіне, орыс өмірінің алуан күрделі проблемаларын тереңінен қамтып, үздік көркемдікке, реалистік шеберлікте танытқан Гончаров, Тургенов, Достаевский, Толстой т.б. романдарының әлемге кеңінен танылуына тікелей байланысты. В.Г.Белинский «Поэзияны тегі мен түрүріне қарай бөлу» атты еңбегінде романды «біздің заманымыздың эпопеясы» деп атайды. Міне осы кезденбері қарай роман жетекші жанрға айналып қана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет