Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет130/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   162
Байланысты:
Әдебиет.Шың кітап

БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
(1924–1992)
Туған жері: Алматы облысы Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданы.
Қызметі: жазушы.
Абай ат. Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты мен Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген.
Біраз жыл ауылдық мектепте ұстаз болды.
«Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов ат. «Қазақфильм» студиясында Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді.
Шығармашылық жолын балаларға арнап өлең жазудан бастап, «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналының белсенді авторы болды.
1950 жылы «Бұлақ» атты өлең жинағын шығарды.
1967 жылы Канн қаласында өткен Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің халықаралық фестивалінде жазушының сценарийі бойынша қойылған «Менің атым – Қожа» фильмі жүлдеге ие болған.
«Бозтөбеде бір қыз бар» пьесасы, «Өлгендер қайтып келмейді» романы, «Гауһар» атты повесі т.б. жиырмаға жуық кітабы шықты.
Жазушының күрделі де көлемді туындысы – «Өлгендер қайтып келмейді» романы (1967). Бұл шығармасына өзінің өмірін арқау еткен. 1974 жылы бұл романы ҚР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.


Зейнолла Қабдолов
(1927–2006)
Туған жері: Атырау облысы.
Қызметі: Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымының докторы, профессор. Қазақ стан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері.
Орта мектептен кейін екі жыл (1943-1945) өндірісте жұмыс істеді.
1945-1950 ж.ж. қазіргі Әл-Фараби ат. ҚазМҰУ-дың филология факультетінде оқыды және осында 50 жылдай ҚазМҰУ-дың әдебиет кафедрасының меңгерушісі болады.
Бірнеше жыл «Жұлдыз» журналы мен «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы міндеттерін негізгі мамандығымен қоса атқарған.

Шығармалары:


«Ұшқын» (басында «Өмір ұшқыны») романы;
«Жалын» (1972, Бүкілодақтық жүлдеге ие болды);
«Адам» жинағы (1964);
«Сыр» жинағы (1975);
«Сөнбейтін от» драмасы (М.Әуезов ат. Академиялық және бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған).

1998 ж. «Менің Әуезовім» романы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілді.


А.Пушкин, Н.Гоголь шығармаларын, Л.Кассиль, В.Добровольский, В.Закруткиннің романдарын, А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горькийдің «Күн перзенттері», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» пьесаларын аударған.


Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет белгісі», Халықтар Достығы, «Парасат» ордендерімен және медальдармен марапатталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет