Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет171/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   245
«Майра» драмасы

Негізгі кейіпкер – Майраның Шорман аулына келін болып түсуі, сұлу, жас қалпымен тоқалдық күн кешудің небір сорақы сұмдықтары, ескі дәстүрдің басқа соғып, аяққа тепкен қатал заңдарын көруі, күйеуі Зәржан өлімінен кейін туған қаласына, төркініне кетіп қалуы, аяңдап жүріп, айран ішкен, шегесін қағып, балғасын тақылдатып, тамағын тапқан момын тірлігі бар етікші әкесі Уәли, ордалы жерге құда болғанды өзінше бу қылатын әйелі Зәру, үйіне қайтып келген қызы Майра, бетіне түгі шығып, қаны қарайып, кекпен қайнап келген оның қайны атасы Тайман кетіп қалған Майраның артынан іздеп келіп, төленген дүниенің құнын талап етуі, алмаса, шаңырағын ортасына түсіріп, мал-мүлкін, ата қонысын түгел өртемекші болғаны, оған қарсы Майраның қысылмай-қымтырылмай мірдің оғындай сөз айтып, оған тосқауыл қоюы, әккі жымысқылықпен екі жақты да разы етпек оқыған қу жігіт Дүрбіт, білек сыбанып қарсы ұмтылуға даяр тұрған Әлеке мен Мұраттар, қарсыластардың шекісіп қалып, кері серпілуі, серуенге шығуды сылтауратып, әдейі капитан Мұраттың кемесін жалдап алған Дүрбіттің қарсыластарын қанды қақпанның үстінен бір-ақ апарып түсірмек ойы, өзен үстінде көп сырдың жария болуы, Мұраттың өзінің қас дұшпанын өлтіріп қаторгаға барып қайтқандығы, мүсіркеген кейіптегі Дүрбіттің Мұраттың большевиктермен байланысын білетіндігі, әйтсе де ер жігіттің басын ажалға қимаймын дегендей сыңай танытуы, Майра – Дүрбіттің өз сыр ақтарысуы, сөз соңының сүйіспеншілікке ауысуы, екеуінің бір-бірінің жолында жан қиятын қабақ танытуы, басқа жақта қымызшының қызы Айбаршаның көз жасының төгуі, үйленем бе деген Дүрбітінің тастап кетуі, бұған дейінгі өлдім-күйдім деген сөздерінің бәрі өтірік екендігі, Дүрбіттің кетуіне Майраны кінәлауы, соңында, қызды пайдаланып тастап кету Дүрбіттің басты әдеті екендігін ұғуы, осы арада адвокат Ақаев пен жасырын жүрген Александров және қосақ арасында жүрген Бақтияр бейнелерінің араласуы, арамдықпен жарға жығуды көздеп келе жатқан Дүрбіт сұмдығын күні бұрын білген Мұраттың кемені жағаға жеткізбей, әдейі қайырлатып тастауы, оның бұл әрекетінің енді өрши бастаған тартысты бұрынғыдан күшейтуі, кемедегі серуен аяғы сергелдеңге айналып, аралары алшақтай түскен бір жағы – Майра, Мұрат, Александров, екінші жағы – Дүрбіт, Таймандар өз ойларын іске асыру үшін қан базарға маңдай тіреуі, бал татыған сары қымызбен көп көңілін тауып, сыйлы кісі қатарында жүрген Үрияның өзінің қызы Айбаршаның басына қандай бұлт үйіріліп жүргенін сезбеуі, Тайманның бұрынғыдан бетер Уәлиге шүйлігуі, тіпті Майраны ақшаға сатуы, мұндай саудаға Дүрбіттің бар екендігі, оларға деген Зәру ананың қарғысы, ақтар қашып, қызылдар бел алғанының хабары естілісімен, әркімнің әр қиырға тартуы, Ақаевтың қайда барарының белгісіздігі, Дүрбіттің тастүйіндігі, Тайманның атысқанмен атыспағы, (пьесаның соңғы актісінде) жападан-жалғыз қалған Дүрбіттің азу-кегі, Майрадан әбден айызы қанша кегін алуы үшін, ақшаның құлы – Батталды жұмсап, Майраны алып қашып әкелгізуі, өлімші болып әлсіреген Майраның туған жермен, жақындарымен қоштасуы, драманың соңында Тайманның Бақтияр басын шабуы, Айбаршаның Дүрбітті атып өлтіруі және Майраның оған жұбату айтуы баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет