Мұқағали Мақатаев
(1931–1976)
Туған жері: Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданы, Қарасаз ауылы.
Қызметі: қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі.
Анасы Нағиман: «14-15 жасынан жаза бастаған өлеңінен қол үзген жоқ. Төбесі аласа үйге қалың-қалың кітаптарды үйіп тастап, бірінен кейін бірін оқитын да жататын. Ауылдың атқамінерлері сол кезде-ақ тамсанып: «Нағиман шеше, сіздің тентегіңіз осынша орысшаны қайдан үйреніп жүр», - дейтін... Сөйтсем, өзін-өзі оқытыпты ғой, шырағым». Соғысқа кеткен әкесі жайлы жазған алғашқы өлеңдерін сырттан келген біреу 15 сом ұстатып алып кетіпті.
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген.
Алғашқы өлеңдері аудандық газете жарық көрген.
1948 жылы орта мектепті бітіріп, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды.
Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.
Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, ҚазМҰУ-дың филология факультеттерінде, Мәскеуде М.Горький ат. Әлем әдебиеті институтында білім алады.
Баспадағы қызметі:
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеті (1962–1963);
«Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналы (1963–1965);
«Жұлдыз» журналы (1965–1972) редакциясы.
1972–1973 ж.ж. Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.
Көзі тірісінде 8 жыр кітабы жарыққа шықты:
«Аппосионата»;
«Ильич» (1964);
«Армысыңдар достар» (1966);
«Қарлығашым келдің бе?»;
«Мавр» (1970);
«Аққулар ұйықтағанда» (1973);
«Шуағым менің» (1975) ).
Аудармалары:
Данте «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» атты бөлімі;
Шекспир «Сонеттері»;
Уолт Уитменнің өлеңдері.
Поэмалары:
«Жан азасы»
|
Өмір туралы гимн туғызды.
|
«Райымбек, Райымбек!»
|
Ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жоңғарларға қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
|
«Ару-ана»
(көлемі 500 жолдан асатын шағын шығарма)
|
Негізгі кейіпкер – заманында қарақшы атанып, елден жырақ, таудағы үңгірді мекен еткен Құрман. Бостандықта өмір сүріп, ешкімге бас игісі келмейді. Байдың қарсылығын елеместен, бәйгеге тігілген жетім қыз Жамалды қасқайып алып кетеді. Дүниеге келіп сәбиі үшін, бостандықты қиып, ел арасына көшіп барады. Эпилогта Құрманның кеңес елі үшін майданда мерт болғандығы айтылады.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |