НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ
(1859–1918)
Туған жері: қазіргі Қарағанды
облысы, Ақтоғай ауданы.
Қызметі: ақын.
Ауылда мұсылманша хат таныған.
Қарқаралыдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебін бітірген.
Абайдың өзімен де, шығармашылығымен де жақсы таныс ақын. Өйткені әрі жерлесі, әрі руласы.
Орыс тілін жетік білгендіктен, орыс, Еуропа ақын-жазушыларының шығармашылығымен, әдебиет өнер жайлы көзқарастарымен жақсы таныстығы бар.
Әкесі би, шешен болған соң, кішкене күннен қасына ере жүріп, көп нәрсе үйренген. Өзі де шешендік өнерімен көзге түсіп, болыс болған кісі.
«Тобықтының шегір көз, сары шешені» деген даңқы бар.
1918 жылы Қарқаралы қаласында уездік сот болып істеп жүрген кезінде ауыр науқастан қайтыс болады.
1939 жылы ең алғашқы ақын таңдамалысын Есмағамбет Ысмайлов жинастырып, бастырып шығарған.
13 жасында өзінің алғашқы өлеңін шығарған (апасы Қалипаға арнап).
Оның алғашқы өлеңдері жастық өмір, махаббат тақырыптарына арналған («Бірінші хат», «Екінші хат» т.б.). Бірақ бұл тақырыптарға көп тұрақтамаған, оны әлеуметтік мәселелер, азаматтық сарындар толғантқан. Яғни оның шығармашылығының басты тақырыптары ағартушылық, азаматтық, ел тәуелсіздігі, саяси күрескерлік.
«Ғылым туралы», «Ақыл бір алтынға ұқсас доп-домалақ» т.б. өлеңдерінде оқу-білімнің, ғылымның, білімділік пен ақылдылықтың адам өміріндегі орнын өте жоғары қояды.
Ақынның өмірдің түрлі құбылыстарын саралай отырып, өзінің ішкі толғаныстарын арқау еткен сан алуан өлеңдері: «Қасірет деген бір тау бар», «Көпті көрген көнемін» т.б.
«Балалық күй», «Шал қайғысы» т.б. өлеңдерінде өмірдің нақты шындығын көркем бейнелеуге және оны философиялық ой-тұжырымдармен түйіндеуге ұмтылады.
1905 жылғы дума сайлауы тұсындағы еркіндікте «Талап етер күн туды, кел ұйқыдан тұрайық» («Сахараға қарасақ») деп, алғашқы боп сөз бастап, «Оян, қазақ!» деп алғаш ұран көтерген осы Нарманбет ақын.
Азатшылдық тұрғысынан келгенде, ол ел басындағы қасіретке кім кінәлі екенін тап басып тани білген ақын. «Айырылып қалдық қоныстан, Бекініп низам шықпай тұр, әлі бізге орыстан» («Аждаһаның аузында») деген өлең жолдарында Нарманбет отаршылдық тұтқасы кімнің қолында
Достарыңызбен бөлісу: |