ҚҰДІРЕТТІ ТӨРТ АНА
Тағдырыңды тамырсыздың
індетінен қалқала!
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы, еске алуға
қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Төрт анаға әнін жалғай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған
Қасиетті бұл төрт ана –
тағдырыңның тынысы
Төрт ана үшін болған күрес –
күрестердің ұлысы.
ТӨЛЕН ӘБДІКОВ
(1942 жылы 4 қыркүйекте туған)
Туған жері: Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Еңбек ауылы.
Қызметі: белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002).
1965
|
Қазақ Ұлттық университетін бітірген.
|
1965-1970
|
«Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі;
|
1970-1977
|
«Жалын» альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары;
|
1977-1979
|
«Қазақфильм» киностудиясында бас редактор;
|
1979-1990
|
Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды.
|
1990-1992
|
«Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы;
|
1993
|
Осы жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде сектор меңгерушісі болды.
|
1997
|
Осы жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары;
|
Халықаралық Ф.Кафка атындағы Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығының лауреаты (2003).
Еуропалық алтын медальдің иегері (2003),
Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері (2004).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2004).
|
Шығармашылығы
1964
|
Осы жылдан шығармалары жариялана бастады.
|
1969
|
бірінші жинағы – «Көкжиек» шықты.
|
1971
|
«Күзгі жапырақ» жинағы жарық көрді.
|
1974
|
«Ақиқат» атты повестер мен әңгімелер жинағы дүниеге келді.
|
1979
|
«Айтылмаған ақиқат» әңгіме-повестер жинақтары;
|
1980-1981
|
орыс тілінде «Истина» әңгімелері мен повестері деген атпен жарық көрген.
|
1985
|
«Өлі ара», «Біз үшеу едік» пьесасы республикалық театр сахналарында қойылды.
|
1987
|
«Ақшоқыда қыс қатты»;
|
2002
|
«Парасат майданы» повесі жазылды. Бұл повесі тосындылығымен ерекшеленіп, бұл туынды ПЕН-клубтың сыйлығын иеленіп, Халықаралық Франц Кафка атындағы орденімен марапатталды.
|
|
Грек аңыздары «Эллада ерлерін» қазақ тіліне аударған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |